Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы «№ 20 жалпы
орта білім беретін дамыта оқыту
мектебі» КММ Мектепалды
даярлық 0 «А» тобының
Тәрбиешісі:
Угушева Райхан Замантаевна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
• Білім беру саласы: «Таным»
• Бөлім: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
• Тақырыбы: 8 саны.
• Мақсаты: 6-8 сандармен және цифрлармен, өзінен кем екі саннан тұратын 6-8 сандармен таныстыру. Натурал сандар қатары арасындағы қатынасты түсінуге үйрету (6 саны 5 санынан 1-ге артық, 5 саны 6 санынан 1-ге кем). 8-ге дейінгі есептік және реттік санау.
• Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, тапсырмаларды орындату, көрнекі.
• Мерзімі:19.12.2013
• Құрал жабдықтары: сандар, таңбалар, әліппе-дәптер, таратпа материалдар, санамақ, маркер.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Баланың іс – әрекеті
Мотивация-лық қозғаушы Балалар орнынан тұрып
Қуан, шаттан, алақай
Қуанатын кез келді!
Қайырлы таң! Қайырлы таң!
Сәлеметсіңдер ме, қонақтар! Балалар орнынан тұрып, қонақтармен амандасады.
Іздену – ұйымдас-тырушылық — Бүгін аптаның қай күні?
— Кеше? Ертең?
— Бір аптада неше күн бар?
— Қазір қай жыл мезгілі
— Қыс айларын атаңдар
— Қазір қай ай?
ІІ. Балалар біздің топта компьютер тұр, көріп жүрсіңдер. Осы компьютерге ғаламтормен хат келді. Қане, оқиық. Кім жазған? Не жазған?
«Сәлеметсіз бе, Райхан Замантаевна және балалар! Мен мектепке барғым келеді. Бірақ математикадан біраз қиналып жүрмін. Көмектеріңді сұраймын.» Сәлеммен Бауырсақ.
Балалар, хат Бауырсақтан келіпті. «Бауырсақ» ертегісі естеріңде ғой. Жарайсыңдар! Бауырсақтың тапсырмаларын орындауға көмектесеміз бе? Жақсы!
Сонымен, бірінші тапсырмасы орындалмаған, бұл геометриялық пішіндер: санамақпен жұмыс. Үш санамақ аламыз да Үшбұрыш жасаймыз. Неге оны Үшбұрыш деп атайды?
Бір санамақ алып қосып Шаршы жасаңдар.
— Не үшін шаршы деп атайды?
— Осы шаршының үстіне бір санамақ қосып одан екі Үшбұрыш шығарамыз.
— Алты санамақ алып Тіктөртбұрыш жасаңдар.
— Неге оны солай атайды?
— Тіктөртбұрыш үстіне бір санамақ қосып екі шаршы жасаңдар.
— Бес санамақ алып Бесбұрыш жасаңдар.
— Не үшін солай атайды?
— Балалар, ал Бауырсақ неге ұқсайды?
— Бұл фигураны қалай атайды?
— Жарайсығдар, балалар!
Бауырсақтың келесі тапсырмасы.
Кейбір балалардың алдында сандар жатыр. Соларды қолдарыңа алып қатарға тұрыңдар. Отырған балалар бірден жетіге дейін санаңдар. Ал енді кері санаңдар. Өте жақсы!
— Сандардың көршілерін атаңдар. ( төрттің, бестің, үштің)
— Жарайсыңдар!
— Балалар, Бауырсақтан тағы бір хат келіпті.
— Оқып берейін.
«Балалар, мен сендерге сегіз ғана жұлдыз жібердім. Мұғалім оны өте жақсы жауап беретін, жазатын, тәртіпті балаларға беруі тиіс. Бар күштеріңді салыңдар. Сәлеммен Бауырсақ.» күшімізді саламыз ба?
Келесі тапсырмасы: салыстыру. (><=)Жылдам және дұрыс жасау керек. (Тақтада тапсырма: Төрт қатардан бір баладан шығып дұрыс таңбаны қою қажет.) Бұл жерде тағы бір тапсырма бар екен, балалар. Мына қыздың сол жағында неше пішін? Оң жағында? Астында? (Тақтада сурет) Жарайсыңдар! Ал енді демалайық. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық Қолды белге қояйық Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық 1,2,3 орнымызды табайық. Жақсы! Отырыңдар. Балалар, екі сақинадан қандай сан шығаруға болады? Әрине, сегіз. Біз бүгін сегіз санымен танысамыз. — Алдарыңда жолақтар. (тақта алдында бір бала) Үстінгі жолға 8 шырша қоясыңдар, астыңғы жолға 7 саңырау құлақ қоясыңдар. — Қайсысы көп, шырша ма әлде саңырау құлақ па? 8 бе 7 ме? — Шыршамыз 8 ал, саңырауқұлақ 8 болу үшін неше саңырқұлақ керек? — 8 саны неге ұқсайды? — Ал, енді ауада жазып көрейік! Балалар, енді 8 саны туралы санамақ жаттайық. Кел балалар санайық, Жетіге бірді қосайық. Жаңа шыққан санды біз, «Сегіз» – деп енді атайық. Дәптермен жұмыс:Енді, сегіз санын жазамыз, бір жолын. Көз жаттығуы: Маған қараңдар солға, оңға, жоғары тек көзбен қараймыз. Ары қарай жазуымызды жалғастырамыз. — Бейсенбі — Сәрсенбі, жұма. — Жеті күн бар. — Қыс мезгілі. — Желтоқсан, қаңтар, ақпан. — Желтоқсан айы. — Ия. — Ия. — — Оның үш бұрышы бар. — — Оның төрт жағы бар, сол үшін оны төртбұрыш дейміз — — — Өйткені оның екі жағы ұзын екі жағы қысқа, бұрыштары тік. — — — Оның бес бұрышы бар. — Бауырсақ дөңгелекке ұқсайды. — Шеңбер деп атаймыз. — 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. — 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. -3 пен 5, 4 пен 6, 2 мен 4. — Ия. — 6>4
-3<7
-5=5
-3<4
Балалар шығып тор көздің ішіне қажет санды жазады, сол жағында 4 шаршы,
оң жағында 5 дөңгелек,
астында 7 үш бұрыш.
Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
— Сегіз санын шығаруға болады, 8 саны.
Балалар орындарында жұмыс істейді.
— Шырша көп.
— Саңырауқұлақ аз.
— 1 саңырауқұлақ керек
— Көзілдірікке ұқсайды.
— Ауада жазады.
Балалар санамақ жаттайды.
Кел балалар санайық,
Жетіге бірді қосайық.
Жаңа шыққан санды біз,
«Сегіз» – деп енді атайық.
Балалар сегіз санын жазады, көз жаттығуын жасайды, ары қарай жазуларын жалғастырады.
Рефлексифтік-
қорытын-дылау Қорытындылау:
— Жақында қандай мереке болады?
Мына суретке қараңдар не көріп тұрсыңдар?
Шыршаның үстінде 8 саны орналасқан. Осы шыршаны безендіріп сегіз санын шығару керек екі санынан. (тақтадағы шыршаның суретіне балалар кезектесіп «безендіреді» керекті санын жазады.)
— Балалар біз бүгін қандай санмен таныстық?
— Қандай тапсырма ұнады?
— Бауырсақ сияқты қиналдыңдар ма?
Ал, енді өздерің қалай ойлайсыңдар кім бүгін өте жақсы жұмыс істеді, жауап берді, тәртіпті болды?
Сол балаларға бауырсақ жұлдыз дайындапты бұл жұлдыз алтынға ұқсайды екен. Алмаған балалар келесі сабақта алады деп ойлаймын. Енді, Бауырсақ сендерден үйренген болар, сендердің арқаларыңда мектепке бара алатын болды. Рахмет сендерге балалар!
— Жаңа жыл мейрамы.
— Шырша.
— 6+2=8
— 3+5=8
— 4+4=8
— 8 санымен
— Санамақтармен, салыстыру.
— Жоқ.
Жақсы қатысқан балалар тиісті жұлдыздарын алады.
Балалар бауырсаққа көмектескендері үшін өте риза.
Болжамды нәтиже:
Білу: 8 санын біледі.
Болу: Сандарды қосу алу түсінігінде болады.
Істей білу: Тапсырмаларды орындай біледі