ИСКАКОВА БАҚТЫКҮЛ ДҮЙСЕНҚЫЗЫ
Қарағанды облысы Жезқазған қаласы № 4орыс
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:Күрделі зат есім
Сабақтың мақсаты: Зат есім бойынша қайталату. Оның түрлерін мысалдар арқылы меңгерту, күрделі зат есімдерге талдаулар жасауды үйрету немесе жаңғырту.
Тәрбиелік: Білімге,еңбекке баули отырып, еркін талдау деңгейіне жеткізу.
Дамытушылық: Талдау жұмыстары арқылы есте сақтау қабілеттерін
арттыру, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тірек-сызба,, карточкалар, интерактивті тақта
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, морфологиялық талдау жұмысы, жеке және ұжымдық
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Білу 1. Үй тапсырмасын тексеру.
«Ғалым» мәтіні бойынша әңгімелеп айту.
Сөз құрамына таалдау жұмыстарын тексеру
2. Сұрақ-жауап : Сөз таптарын атап шық. Зат есім туралы не білесің?
ІІІ. Түсіну. Жаңа сабақты өткенді жаңғырта отырып түсіндіру.
Зат есімнің түрлері
мағынасына қарай тұлғасына қарай құрамына қарай
Жалпы 1. Негізгі 1. Дара
Жалқы 2. Туынды 2. Күрделі
Біріккен қосарлы тіркесті қысқарған
Мысалы: Жауын-шашын – жалпы, туынды, күрделі-қосарлы
Жазушы – жалпы, туынды, дара
( ауызша бінеше мысалдар келтіріп айту, меңгерту)
ІҮ. Қолдану. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындату
4- тапсырма 63-бет. Ауызша. Мақалдардағы зат есімдерді тауып, талдау жаса
3- тапсырма Күрделі зат есімдерді теріп жазу
Карточкалармен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар
№1. Жер –су аттары болатын күрделі зат есімдерді жаз.( ІІІ д.)
№2. Сөйлемдердің ішінен біріккен зат есімдерді теріп жаз. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыр. ( ІІ д.)
№3. Күрделі зат есімнен болған бірнеше мысалдар жаз. (І д.)
Ү. Топтасу. Сөздерді аудару және синонимдік қатарын табу
Біздің алдымызда —
Бірінші –
Терең білген –
Басылып шықты –
Есте сақтаған –
Ғылымның өркендеуіне –
Көңіл бөлген –
Тақтамен жұмыс. Берілген сөйлемдердегі зат есімдерді тауып, түрлерін анықта
Ақыл азбайды, білім тозбайды
Ақылды өтірік шаршатады.
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма 63-бет. №1 тапсырма
— Мәтін б/ша сұрақтар құр
— Негізгі ой болатын сөйлемдерді жазу
— Күрделі зат есімдерін табу, талдау