Басы » Cыныптан тыс » Отбасы-аялы алақан мекені

Отбасы-аялы алақан мекені

отбасыЖамбыл облысы
Тараз қаласы
 Н.Тілендиев атындағы
облыстық мектеп-интернаты
тәрбиеші:Қансеитова А.Е.
 Тақырыбы: «Отбасы-аялы алақан мекені.»
Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеті: Отбасы  құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, Қабырға газеті ойын элементтері: жағдаят
жазылған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме,  сұрақ-жауап, пікіртерім.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Сабақты қызықтыру мақсатында оқушыларды топтастырып, тақырыппен
таныстыру.
Кіріспе сөз: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген
сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.
Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге
қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.
Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда
Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға
салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы
шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.
Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі.
Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар.
Жүргізуші: Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасы-аялы алақан мекені», атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің  алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кезде  жетті. Кезекті сайысқа түсетін
топтарға берсек. Топтар өздерін таныстыра кетсе.
1. Топ аты.
2. Ұраны.
3. Топ төс белгісі. (қорғауы керек)
«Болашақ білімді жастар қолында» тақырыбында білім сайысы шарты әр топқа сұрақтар қойылады.
1-топқа
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі (мұра)
5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
9. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан
қабылданды? (2002 ж 8-тамыз)
10. Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
11. «Басы тасқа тиді» сөзінің мағынасы (өкінді)
 2-топқа
1. 18 жасқа толмаған адам (бала)
2. «Өзін-өзітану» бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)
3. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
4. Қазақстанда қандай білім алу міндетті. (орта білім)
5. Бес асылды атаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат, қакым)

6. Айда қыс, жаз мезгілі бола ма? (болмай  ды)

7. «Көзі ашық, көкірегі ояу» сөзінің мағынасы ? (оқыған)

8. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

9. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? (бәйге, көкпар, теңге алу, қыз қуу)

10. Азияда қысқы спорттық ойындары Қазақстанда қай қалаларда өтті?

(Алматы, Астана)

Екінші кезең

Халқымыз «Аталы сөз – баталы сөз» деп бекер айтпаған. Ендеше кезекті сөз сайысына берсек.

(Отбасына, бала тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер жарысы)

Үшінші кезең

«Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.

1-топқа

1. Сенің өзіңе жақын адал достық бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

2. Сен тәртіпсіздік жасадың мұғалім  сені қатты сөкті. Сен не істейсің?

3. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы бар. Ол оқушыға деген

көз қарасың қандай. Сыныптасың ретінде не айтар едің?

2-топқа

1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?

2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көз қарасың қандай. Сыныптас досың ретінде не айтар едің?

3. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің, не істейсің?

Сабағымыздың төртінші кезеңі пікірталас

 

Тақырыбы: Әйел-азаматы мемлекетті басқара алады ма? Топтар өз сөздерін дәлеледеу қажет (жақтаушы топ, қарсы топ болып)

Кезекті ойынға берсек. Ойын міндеттемелер таразысы деп аталады.

Ортаға оқушы және ата-ана шығады

Оқушыға  «Менің ата-анаға қатысты міндеттерім» міндеттерін тізіп жазады

Ата-анаға «Менің балаға қатысты міндеттерім»

Кімдікі көп болса сол жеңімпаз.

Келесі ойынымыз. Отаға бір оқушы мен ата-ананы шақырамыз.

Үлестірмелі қағаздарда ата-ана мен балаға қатысты жақсы, жаман қасиеттер жазылған.

Ата-анаға «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе ….» деп жақсы қасиетті бір қорапқа, жаман қасиетті бір қорапқа жинақтайды.

Оқушыға «Менің  ата-анам бақытты болсын десем….» деп әрі қарай сөйлем құрап жақсыны бір қорапқа, жа манды бір қорапқа жинақтайды.

Тәрбиеші: Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен  аялаған ана. Әке

мен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.

«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да  ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу  үшін әркімнің өз тәжірибесі  жетпейді.Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев айтпақшы бүгінгі сабағымызға алтындай уақыттарыңызды бөліп, ата-міндетін орындап ой бөліскендеріңізге рахмет. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.

Күтілетін нәтиже: Өз ұлтының тарихын мәдениетін, тілін қастерлейтін, өз ойын ашық жеткізетін, көпшілік алдында сөйлей білетін білімді, саналы,

Отбасы құндылықтарын құрметтейтін тұлға.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *