Басы » Математика » Ондық бөлшектерді көбейту арқылы есептер шығару

Ондық бөлшектерді көбейту арқылы есептер шығару

Екібастұз қаласы
Шідерті жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Математика пәнінің мұғалімі
Инербаева Алтынай Умирбаевна

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту арқылы есептер шығару.
Сабақты мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерді көбейту арқылы алған білімдерін тұжырымдап, білім дәрежелерін әртүрлі жағдайда қолдана білуге дағдыландыру.
2.Дамытушылық мақсаты: Интер белсенді тақтамен жұмыс кезінде оқушылардың ауызша жұмыс істеу қабілетін, математикалық ғылыми тілін , логикалық ойлауы мен ынта қабылдауын, іскерліктерін, өз бетімен еңбектену және оқушының білім дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік мақсаты: Математикалық ғылыми дүниетаныын қазіргі өмірге деген көз қарастары мен сенімін қалыптастыру,дәлдікке,нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық қамтылуы , интер белсенді тақта, тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
Сәлематсіздар ма, балалар?
Бүгінгі күн қандай тамаша, барлығымыз терезеге қарайықшы., көз қырымызды салайық.Қай жыл мезгілі? Көктем айы келді.
Көктемте табиғат тіршілігі өзгереме? Өзгереді.
Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі,аңсар арманы- таза ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем.
Сондықтан табиғатты сақтау үшін не істеуіміз керек?
Қорғау, аялау,бағалау,таза ұстау. Бүгінгі сабақтың ерекшілігі – табиғат аясына саяхатқа шығамыз.Саяхатқа шықпастан бұрын, кәнеки , балалар өткен ондық бөлшектерді көбейтудің ережесін еске түсірейік және ауызша есептер шығарайық.
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды түгендеп,сабаққа ынтасын аудару.
ә) үй тапсырмасын тексеру
2. «Дұрыс жауабын тап» ойының сигнал тақтасында ойнату.
Ауызша есептерді тез ойлатып,шығарту.
Ауызша есепте,қандай сандардың көбейтіндісін көріп тұрмыз.
Қатені тап
0,01*3= 32,76 * 0,3 =
0,2* 0,1= 0,54 * 21,6 =
0,05 * 2 = 22,1 * 3,7 =
0,01* 48 = 125 * 0,03 =

Өткен сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында берілетін сұрақтар :
Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
Ондық бөлшектерді өзара қалай көбейтеміз?
Мына сызбаға қараңдар
Ондық бөлшек сандарды сағат тілінің бағыты бойынша 9 санына көбейтіп шығарайық. Кәне,кім айтады?
Ондық бөлшек сандарды 10 санына көбейтіп шығарайық.
Ондық бөлшек сандарды 0,01 ондық бөлшек санына көбейтіп шығарайық.
Ондық бөлшек сандарды 0,5 ондық бөлшек санына көбейтіп шығарайық.

6матем

«Табиғат аясына саяхатқа шығу» ойынында қанша ұпай (жалауша) алғандары байқалады.
3.Деңгейлік тапсырмалар орындау
«Алғыр тобы» А деңгей тапсырмасын орындаса
Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу тәсілерін кім қалыптастырғанын анықтайды. ( Әл- Каши)
Деңгейлік тапсырмалар :
Көбейтуді орындаңдар:
1) 17, 4 ∙ 5,2 ; Л (2) 4) 10,2 ∙ 10; Ш (5)
2) 5,81 ∙ 1,5 ; Ә (1) 5) 5,08 ∙ 3 ; И (6)
3) 1,42∙ 0,3; А (4) 6) 32,5 ∙ 9 ; К (3)

1 2 3 4 5 6

В деңгейі
Теңдеуді шеш:
(х- 0,55) : 6,25 = 0,6

С деңгейі ( практикалық жұмыс)
Геометриялық куб фигурасынның ұзындығын, енін, биіктігін өлшеп отырып, куб фигурасының ауданын және көлемін тап.

«Тапқыр тобы» А деңгей тапсырмасын орындаса
Ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің үтірмен
ажыратуды анықтаған шотланд математигі кім .
(Дж. Непер)
Деңгейлік тапсырмалар :
Көбейтуді орындаңдар:
1)9,5 ∙ 10 ; Е (2) 4) 0,025 ∙ 0,1; Р (5)
2) 2,6 ∙ 0,24 ; Н (1) 5) 3,2 ∙ 0,001 ; П (3)
3) 36,2∙ 0,01; Е (4)

1 2 3 4 5

В деңгейі
Теңдеуді шеш:
(у+ 7,04) : 8,4 = 2,4
С деңгейі (практикалық жұмыс)
Геометриялық параллелепипед фигурасының ұзындығын, енін, биіктігін өлшеп отырып, параллелепипед фигурасының ауданың жәнеи көлемін тап.

«Ойшыл тобы» А деңгей тапсырмасын орындаса
Онық бөлшектің бүтін бөлігін бөлшек бөлігіні үтірмен ажыратуды анықтаған неміс зерттеушісі кім енгізген? (И. Кеплер)
Деңгейлік тапсырмалар :
Көбейтуді орындаңдар:
1) 5, 69 ∙ 10 ; Е (2) 4) 1,025 ∙ 15; Е(5)
2) 9,54 ∙ 0,01; Р (6) 5) 3,2 ∙ 0,09 ; П (3)
3) 36,2∙ 0,5; К (1) 6) 9,36 ∙ 0,02; Л (4)

1 2 3 4 5 6

В деңгейі
Теңеуді шеш:
(х+ 0,25) : 2,3 = 5,2
С деңгейі (практикалық жұмыс)
Геометриялық төртбұрыш фигурасының ұзындығын,енін өлшеп отырып, тіктөрбұрыштың фигурасының периметрін және ауданын тап.

4.Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу мақсатын тексеру.
Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды.
«Алғыр тобына» арналған тест тапсырмалары

№ Тапсырма Жауабы А В С Д
1 Көбейтуді орында
6,4∙ 7,42; А) 4,7488
В) 474,88
С) 4788,8
Д) 47,488
2 Теңдеуді шеш:
( х+ 0,7) : 3 = 4,5
А) 12,8
В) 1,28
С) 0,128
Д) 128
3 Формула бойынша есепте: S=v∙ t, егер v=5,27 км/сағ
t= 2,5 сағ А) 13,2км
В) 14км
С) 13,175км
Д) 14,5 км

Дұрыс жауабын таба отырып А,В,С,Д әріптеріне нүктелер арқылы үшбұрыш сыз.
«Тапқырлар тобына» арналған тест тапсырмалары

№ Тапсырма Жауабы А В С Д
1 Көбейтуді орында
2,63∙ 8,7; А) 228,81
В) 0,22881
С) 2,2881
Д) 22,881
2 Теңдеуді шеш:
( х+ 0,4) : 5 = 3,4
А) 16,6
В) 1,16
С) 0,116
Д) 163
3 Формула бойынша есепте: S=v∙ t, егер v=3,7 км/сағ
t = 0,1 сағ А) 30,7км
В) 37км
С) 0,37км
Д) 3,7 км
Дұрыс жауабын таба отырып А,В,С,Д әріптеріне нүктелер арқылы үшбұрыш сыз.
«Ойшыл тобына» арналған тест тапсырмалары

№ Тапсырма Жауабы А В С Д
1 Көбейтуді орында
12,5∙ 4,7; А) 59
В) 58,75
С) 63,25
Д) 60
2 Теңдеуді шеш:
( х- 1,65) : 7= 13,4
А) 1,95
В) 954,5
С) 0,9545
Д) 95,45
3 Формула бойынша есепте: S=а∙ в, егер а=7,15 см
в = 2,3 см А) 16,5 см2
В) 16,445см2
С) 15,325см2
Д) 14,625 см2

Дұрыс жауабын таба отырып А,В,С,Д әріптеріне нүктелер арқылы үшбұрыш сыз.

5.Қорытынды.
6.Бағалау. Әр топ бір-бірін бағалайды.
7. Үйге тапсырма: Әр оқушы өз бөлмесінің енін, ұзындығын және биіктігін өлшеп отырып, ауданын және қөлемін анықтап келу керек.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *