Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
Николаевка
Молдабекова Айнұр Жұматайқызы, І санаттағы ұстаз.орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Дүниетанудан ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушылардың оқыған тақырып бойынша ойын жинақтап, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру.
Тәрбиелік.Тіршілік судың қатысымен жүзеге асатынын ұғындыра отырып, суды қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтағы әдіс-тәсілдер: Психологиялық тренинг, тест тапрсырмалары, СТО стратегиялары, шығармашылық жұмыс,
Сабақ көрнекілігі: сабаққа презентация, электронды оқулық, бейне таспа, оқулық, су айналымы салынған кесте, дәптер, тест тапсырмалары, тақырыпқа сай схемалар.
Сабақ барысы:
Сабақтыңкезеңдері | Уақыты | Оқыту әдістері | Оқушының танымдықіс-әрекеті | Сабақтың барысы |
І Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин | Психологиялық тренинг | Шаттық шеңбері | 1.«Күн шуағы»Қол ұстасып бәріміз,Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік. 2. Келген қонақтарды қарсы алу амандасу. |
ІІҮй тапсырмасын тексеру | 3 мин | Тест тапсырмалары | өздік,жеке жұмыс | Берілген тест тапсырмаларына жауап алу. |
ІІІЖаңа сабақты меңгертуге дайындық | 2 мин | Презентация«СУ» сөзіне ассоциация | ұжымдық | 1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.-Балалар, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз күндегіден ерекше өтеді.-Кәне кім айтады, «су» дегенде ойыңа нелер келеді? Ол қандай зат? Судың пішіні бар ма? Судың қандай қасиетін білесің?
-Иә, өзен, көлдер, теңіздер, мұз, бу, табиғат, тамақ ойыңа т.б көптеген заттар келеді. Ол түссіз, мөлдір, пішіні болмайды. Біздің планетамыздың 3/2 бөлігін су алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Адам ағзасында, көптеген жануарлар денесінің 3/2-сі, ал кейбір өсімдіктердің 5/4-і судан тұрады екен. Сусыз тіршілік жоқ. Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Өйткені ол үнемі айналымда болады. -Ендеше жаңа сабағымызды бастайық. |
ІVЖаңа сабақты меңгерту | 15 мин | Жартылай ізденіс, репропродуктивті | ұжымдық,жеке | Бейнетаспадан слайдтар көру. Слайтарға байланысты мәтін, сұрақтар, жұмбақтар, зертханалық жұмыс. |
VСергіту сәті | 2 мин | ұжымдық | Тыныштық сәті.Көзімізді жауып, терең тыныстап дем аламыз. Ойша орманға барып дем алып, әнші құстардың әдемі дауыстарын тыңдап, рахаттанайық. | |
а) Оқулықпенжұмыс | 10 мин | Оқу, талдауРепропродуктивті,Кестемен жұмыс | ұжымдық,жеке | Енді оқулықта берілген «Табиғаттағы су айналымы» тақырыбын ашамыз, оқимыз, талдаймыз.-Сонымен табиғаттағы су айналымы қалай жүреді екен? Мына кестеге қарап талдаймыз. |
VІЖаңа білімді тиянақтау, бекіту | 5 мин | Схемаменжұмыс. | топпен | І-топ «Табиғаттағы су айналымының» нобайын сызады. Бағытын көрсетпе сызықпен белгілейді..ІІ-топ «Судың үш күйі, судың қасиеттері, қайда кездеседі?» схемаларын толтыру. |
VІІСабақты қорытындылау | 3 мин | өлең оқу | Сабақты қорыта келгенде ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдарын оқығым келіп тұр.Су жүргізер тіршіліктің тамырын,Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым
Судың біз біле тұра маңызын, Көп болған соң ұмытамыз қадірін,-дей отыра балалар біз суды үнемдей білуіміз керек. Алайда ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр, сондықтан суға басқа қөзқараспен қарауымыз керек. |
|
VІІІҮйге тапсырма | 2 мин | Эссе жазу | ұжымдық | Мәтінді мазмұндау, дәптерге «табиғаттағы су» нобайын сызу .«Су – тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазу. |
ІХБағалау | 1 мин | Жақсы қатысқан оқушыларды марапаттау. |