Алматы қаласы, Алмалы ауданы
№ 67 жалпы білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Елеубаева Перийзат Жанузаққызы
Ұзартылған күн тобының жоспары
Сабақ тақырыбы: Әдеп деген не?
Сабақтың мақсаты:
- 1. Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
- 2. Дамытушылық: Физикалық күштерін дамыту, жылдамдықтарын,
Икемділіктерін, төзімділіктерін, басшылықты қасиетке, қабілетке тапсырманы орындауға, шығармашылық тәсілдерін меңгеруге үйрету.
- 3. Тәрбиелік: Адами қасиеттерге баулу, еңбекті сүюге, табиғатты
аялап, қорғауға, достарына деген мейірімді қарым қатынас қалыптастыру, өз ойын, пікірін, ұжымның ортақ ойыны, пікіріне, түсінігіне ұштастыра білуге үйрету.
Күн тәртібі
І. Балаларды қабылдау:
- Ата аналармен, мұғалімдермен әңгімелесу;
- Баланың көңіл күйі, денсаулығы туралы ақпарат;
- Үй тапсырмасының ерекше тұстарына көңіл бөле әңгімелеу;
- Жоспарды түзету, толықтыру (егер қандай да бір өзгерістер болса);
- Үй тапсырмасын орындауға дайындық.
ІІ. Өз бетінше дайындық:
- Өзіндік дайындыққа арналған уақытты хабарлау;
- Үй жұмысын оқушылардың барлығы толық орындауын қадағалау,
бақылау;
- Үлгере алмай жатқан оқушыларға көмек көрсету.
ІІІ. Үй тапсырмасын дайындау және орындау:
- Өткен тақырыптар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізу;
- Үйге берілген тапсырманың мазмұнын ашып қорытындылау;
- Оқу кабинеттерінің ауасын тазартуды қамтамасыз ету.
ІҮ. Серуендеу:
- Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыру (ауа райының қалпы, тірі
және өлі табиғаттың нысандарын, құбылыстарына, заттарына бақылау жасау);
- Спорттық, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру;
- Мектеп ауласының үлескісінде еңбек жұмыстарын ұйымдастыру
(қураған жапырақтардан, қардан үлескіні тазарту, гүлзарда жұмыс жасау, суғару, арамшөптен тазарту, т.б. жұмыстар);
- Өзіндік ойын іс әрекетінде жағдай туғызу (жасау);
- Оқушылармен жеке, дара және топтық (әңгімелесу, пікір алмасу, ой
толғау) сұхбаттасу өткізу.
V. Қызығушылықтары бойынша сабақтар:
Әдеп.
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.
К. Байзақов
— Бүгін біз әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
• Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
• Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?
• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?
• Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Түйіндеу
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым — кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол — біздің ата — анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата — баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала — барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.
VІ. Түскі тамақтану:
- Асханадағы кезекшілікті ұйымдастыру (кезекшілік кестесі);
- Үстелді әзірлеу (ыдыстарды дұрыс орналастыру);
- Қол жуғанда, тамақтанғанда мәдени гигиеналық дағдыларды
қалыптастыру;
- Тамақтанып отырғанда әдептілік ережелерін сақтауға, асхана
құралдарын дұрыс қолдануға дағдылану.
ҮІІ. Топтың жұмысын аяқтау:
- Келесі күнге кезекшілерді ұйымдастыру;
- Ойыншықтар, ойын құралдары мен жұмыс орындарын жинау;
- Сыныптың тазалығын бақылау.
Ұзартылған күн тобының жоспарын толық жүктеңіз
[bws_related_posts]