Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » М.Өтемісұлы «Тарланым» өлеңі

М.Өтемісұлы «Тарланым» өлеңі

1451Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Қарабұтақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Ербозымова Мирамгүл Нұрланқызы.

Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Тарланым» өлеңі
Сабақтың мақсаты: 
а) білімділік: Ресей отаршылдарына қарсы «Егеулі найзасын» қолға алып, атқа қонған ерлердің бірі – Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету, жаңа тақырыпты меңгерту, «Тарланым» өлеңінің идеясын, ашу, өлеңді талдау;
ә) дамытушылық: поэзиялық шығармаларды талдай білу қабілетін, өзіндік көзқарасын дәлелдей білуге, шығармашылық пен ізденушілік қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңйту;
б) тәрбиелік: Махамбет ақынның өмірі мен өлеңін оқыту арқылы ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін ояту, досқа адал, қамқор болуға тәрбиелеу.
 Сабақтың барысыІ.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасау, сыныпты түгендеу.
Сабаққа даярлықтарын тексеру.
 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Дулат Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың ?» өлеңі.
Бұқар және Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, көне түркі поэзиясынан тағылым алған, бірақ ақындық дәстүр арнасында еңбек еткен, өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған Дулат қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан байыта түсті, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға көтерді.

 ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Кіріспе сөз. Бүгінгі сабағымыз қазақ ұлтының қайсар ұлдарының бірі, тәуелсіздік жолында бар өмірін құрбан еткен ардақты ер, ақын, дауылпаз жыр иесі Махамбет Өтемісұлы поэзиясына арналады.

Жарқын талант, ер жүрек батыр, ісімен де, сөзімен де кейінгі ұрпақты таң қалдырған, артына өшпес із қалдырған, қазақ әдебиеті тарихынан ерекше орын алған жауынгер ақын Махамбеттің тағдыры — қиын да сұлу тағдыр. Жүзі лапылдаған, сөйлесе сөзі өткір әрі ыстық, өн бойы өлең мен оттан өрілгендей, жаратылысы бөлек жарқын бейне елестейді.

Махамбет поэзиясы — ыза-кек, өткеннің өкініші, жан жарасы, арты-қуғын, алды-тосқауыл тығырық заманнан жол іздеп, бұлқынған қайрат екпіннен қайнап шыққан шабыт-шер.

Ақын өлеңдері- бес қаруын беліне түгел байлап, кектей күйініп, ызадан өртеніп тұрған өлеңдер.

2. Электрондық оқулықтан  ақынның өміржолы түсіндіріледі.

3. Ақынның көптеген өлеңдері адал досы, жақын серігі — Исатайға арналған.\Оқушылардан Исатай туралы не білетіндігі сұралады\.

а\ Исатай кім ?

ә\ Ол қандай ісімен тарихта қалған ?

Исатай:  Махамбеттің досы. Батыр. Батыл. Ел баласы. Көтеріліс басшысы.

Махамбеттің досы

4. «Тарланым» өлеңі мәнерлеп оқылады.

5. Сөздікпен жұмыс.

Кермиық, кербез-паң, сұлу.

Керіскедей-келіскен, көз тартатын, үлкен.

Шандоз-асыл, ардақты.

Құлжа-арқардың қошқары.

Қырмызы-ашық қызыл.

Жебе-садақ оғы.

Кіріс-садақтың керме бауы.

Сусар-терісі бағалы аң.

Күшіген-бүркіт тұқымдас жыртқыш құс.

Адырна-садақтың жебесін тіреп ататын тарамысы.

Фәни-тұрағы жоқ, баянсыз, алдамшы дүние.

6. Ақын өлеңінен Исатайдың қандай қасиеттері суреттелгенін тауып, кестені толтыру.

Исатай бейнесі

1.Түр-келбеті, мінез-қылығы:      (Өлеңнен үзінділер келтіру.)

2.Күш-қайраты, батырлығы:   (Өлеңнен үзінділер келтіру.)

7. Әдебиет теориясынан, оның ішінде көркемдік тәсіл-метафорадан түсінік беру. Метафора (ауыстыру) — сөз мәнін өңдеп  өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін , ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау, сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағыналарын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.

8.Шығармашылық жұмыс.

Өз ойым :

Исатай тірі болғанда….

Қорытынды. Дауылпаз ақынның асқақ  рухты  отты жырлары ешкімді бей-жай қалдырмайды. Махамбет поэзиясы – қазақ әдебиетінің қайталанбас құдіреті. Оның өжет өлеңдері аттың үстінде, түйенің қомында шығарылған. Жырларымен жолдастарына қайрат, жігер беріп қайраттандыратын, езілгеннің еңсесін тіктейтін аруақты ақын Махамбет поэзиясына осылайша баға беруге болады.

 

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау

Бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *