Арыс қаласы
С. Сейфуллин атындағы
жалпы орта мектебінің әдіскері
Ахметжанова Динара Бахытжанқызы
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗГЕРІС – ӨМІР ТАЛАБЫ
«…Біз «өмір бойы білім алу» моделіне көшуге тиіспіз»
Н.Ә.Назарбаев.
ХХІ ғасыр — білім ғасыры делінген. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның қарыштап дамуы үшін білім жүйесін жетілдіруіміз керек» деген тұжырымдамасы іске асырылуда.
XXI ғасырдағы нағыз ұстаз бейнесі қандай болуы керек? Ұстаз — жан жақты , заман талабына сай ақпараттық технологияларды жетік меңгерген , өз пәні мен қатар өзге де білімді қатар алып жүре алатын жан-жақты тұлға болуы керек. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіріле отырып, жаңа форматтағы білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық облыс орталықтарында үш айлық біліктілік арттыру курстары қарқынды өтіліп жатыр. Бұл курстың мақсаты рухани , мәдени және адамгершілік құндылықтары негізінде ел болашағы жастарды тәрбиелеу мен қатар өз білімдерін қолдануда сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды. Себебі, бүгінде оқушылардың дүниенің төрт бұрышында білім алу мүмкіндіктері бар, осындай жағдайда өзге елдер түлектері мен білім бәсекесіне сай болуы тиіс. Ал осындай түлектерді қалыптастыратын «мұғалім» деген маман өз жұмысының «қас шебері» болуы қажет.
Аталған курста мұғалімдер үш ай бойы сындарлы оқытудың ұсынған білім беру тәсілдерін меңгеруде. Мен ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша 3 айлық курсты аяқтаған тыңдаушыларының бірімін. Деңгейлік Бағдарламадағы инновациялық әдіс-тәсілдерінің нәтижесі бірер жылда өз жемісін бере бастайды. Мемлекетіміздің қыруар қаржы жұмсап, ел игілігі үшін жасап жатқан бастамасын қолдап, жүзеге асыруымыз қажет. Бүгінгі жаһандану заманында оқытудың жаңа қағидалары мен ғылыми әдіс-тәсілдерінің белсенді нәтижелі жолдарын орынды пайдалану, инновациялық технологияларды оқу тәрбие үдерісіне енгізу заман талабы болып тұр. Инновациялық үдерістер — дүние жүзінің білім беру жүйесі дамуының негізгі және қажетті құрамдас бөлігінің бірі болып тұрған уақытта, жаңа әдіс-тәсілдер мұғалімнің шығармашылықпен сабақ ұйымдастыруын талап етуі мен оның кәсіби шеберлігін арттырса, білім беру сапасын арттырып, оқушылардың білім алуға деген белсенділікті қалыптастырады.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады,» деген сөзі бекер айтылған жоқ. Өйткені жаһандану үдерісі тез қарқынмен жалпақ әлемге қанат жайып келеді. Ақпараттық технологиялар тез дамып, өңіріміздің өзегіне айналуда. Заман талабын дұрыс ұғынып, оқушыларға сапалы білім беретін осы заманғы білім беру жүйесін жасап, үлгермесек мүмкіндікті жіберіп алып, көш соңында қалып қою қауіпі де жоқ емес. Сондықтан да білім беру жүйесін дамытуға бүкіл ел болып атсалысуымыз керек. Өйткені, қоғамымыз мұғалімдерге үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.
Бағдарламадағы ұсынылған жеті модулді шебер пайдаланатын мұғалімдердің сабағы қызықты да тартымды өтеді. Мұндай ұстаздарды оқушылар әрқашан асыға күтеді. Ұстаздық шеберлікті игеру оңай емес, ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен қолдана отырып, жұмыс істегенде ғана ұстаздар мақсатына жетеді.
Пәнге деген қызығу мен ынта топтық, ұжымдық, жекелеген жұмыстар нәтижесінде туындайды. Ұстаз баланы сыйласа, құрметтесе, әрбір сабақ нәтижелі болса, мұғалім оқушымен дос, тең болса ғана өз пайдасын келтіреді, оқушылардың білгірлігі дамиды, сөйлеу мәдениеті де артады.
Осы 3 айлық курстан оқып түйгенім, оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін оларды психологиялық дайындықтан өткізу керек, яғни психологиялық дайындық -оқушыны жұмыс барысында шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Мысалы, «Сенің қолыңнан бәрі келеді!», «Сен қабілеттісің», «Жаз», «Үйрен» деп оқушының еркін билеп, сенім білдіру, оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, құптау, қамқорлық таныту, оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру.
Бағдарламаның дәстүрлі сабақтан айырмашылығы, оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу топта талқылау, алған білімін жинақтау арқылы жүзеге асады. Шешім табылған кезде оқушы оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйренеді. Әр оқушыға өз ойын, пікірін, айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Дегенмен, әр оқушы өзі жасаған еңбектің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Қысқасы, оқушыларды сыни тұрғыда ойлауын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруымыз керек. Бұл жаңа әдістермен жұмыс жасау қызықты да және тиімді. Білім берудегі жаңа идеялардың берері көп екендігіне күн сайын көз жеткізудеміз. Осындай курстан өтуге мектебімізідің мұғалімдері белсенділік танытуда. Қазіргі таңда мектебімізде ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгейден өткен мұғалім – Оспанова Жеңіс, үшінші (базалық) денгей мұғалімі – Ибрагимова Жазира, курста жүрген мұғалім – Сейфуллаева Булбул және екі мұғаліміміз келер айда өз біліктіліктерін шыңдауға Алматы қаласына кеткелі отыр. Ал ең бастысы мектебіміздің басшысы да ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында 3 айлық курстан өтіп, тәжірибе жүргізуде. Есілбекова Гүлмира апайымыз мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамытуда және басқа мектептермен қоғамдастық орнатып, алған ақпараттарымен кең бөлісуде. Білім беру мен тәрбие үдерісінде жаңа ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін енгізе отырып, мектеп мұғалімдернің кәсіби біліктіліктерін, педагогикалық іскерліктерін шыңдау, ізденістері арқылы білім сапасын арттыруға «Өзгерістерге бағытталған қадамдар» стратегиясын іске асыруда. Стратегияда атқарылатын жұмыстар оқушылардың үлгерімін жақсартуға, мұғалімдердің кәсіби білімінің шыңдалуына оң шешімдер беретініне сенімім мол
[bws_related_posts]