Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы № 22 орта мектебі
Дүйсекенова Меруерт Оразбековна
Білім беру саласы: Таным
Бағдарлама тараулары: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Ойлайық, ойнайық»
Мақсаты: Барлық өткен геометриялық пішіндер жайлы білімдерін қорытындылау. Балалардың геометриялық пішіндер жайлы ұғымдарын кеңейту, пішіндерді салыстыру.
Құрал –жабдықтар: Оқулық, суреттер
Қостілдік компонент: шаршы-квадрат, фигура-пішіндер.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балаларға геометриялық пішіндер,олардың пішіндері әртүрлі болатыны жайлы таныстырылады.Болу керек: Балалардың сөздік қоры мол болуы керек.
Істей білу керек: Геометриялық пішіндерді салыстыра білу керек.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс – әрекеті | Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалылық-қозғаушылық |
«Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергеннен»
Ал, ендеше, жылы шыраймен сәлемдесіп,бір- бірімізге жылуымызды берейік. |
Балалар бір – біріне жылы жүздерімен сәлемдеседі. |
Іздену-ұйымдастыру шылық |
Тәрбиеші қызыл телпекпен бірге саяхатқа шығуды ұсынады. Қызыл телпектің апасына өзі пісірген бәліштерін апаратынын айтады.
Ол үшін жолдағы кедергілерден өту керектігін түсіндіреді.Әрбір шыршаның түбінде аңдардың отырғанын ескертіп, тапсырманы орындағанда кедергіден өтетінін айтады.Қызыл телпек жолда келе жатып, шыршаның жанынан өтіп бара жатқанда алдынан қасқыр шыққанын, егерде оның тапсырмасын орындамаса, Қызыл телпекті жеп қоятынын айтады. 1.Тапсырма: «Жұбын тап» Әр баланың алдына геометриялық пішіндер бейнеленген карточкалар таратылады.Балалар ұқсас пішіндерді тауып, астына қою керек. Қызыл телпек балаларға көмектескені үшін рахмет айтқанын айтады.Ары қарай келе жатқанда аюдың шыққанын, егер тапсырманы орындамаса, жеп қоятынын айтады. 2.Тапсырма: «Ұқсас заттарды тап, ата». Тақтаға геометриялық пішіндерді іледі. Үстел үстіне тұрған затарды таңдап алып, қай геометриялық пішінге ұқсайтынын айтқызып, қасына қойғызады. Тағы да ары қарай жүріп келе жатқанда алдынан түлкі шығады,ол қолындағы шаршыларын санай алмай тұрғанын,егер Қызыл телпек оған шаршыларын санаспаса жеп қоямын дейді. 3.Тапсырма: «Шаршыны санау» Апасының үйіне келсе, құлып тұрғанын, оны ашу үшін, тапсырманы орындау керектігін айтады. 4.Тапсырма: «Сиқырлы пішіндер» Балаларға әр түрлі геометриялық пішіндерден үй құрастыруды ұсынады.Қызыл телпек кедергілерден өтіп апасына жетеді. Сергіту сәті: Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық |
Үстелді жағалай отырады.
Мұқият тыңдайды, қуана келіседі.
Ойланып, жұбын табады.
Ұқсас пішіндердітауып,астына қояды.
Шаршыны санайды.
Әр түрлі пішіндерден үй құрастырады. |
Рефлекцивті- түзетушілік |
Қызыл телпек кедергілерден балалардың көмегімен өткеніне, оларға алғыс ретінде бәліштен беретінін айтады.
Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
|
Қызыл телпекпен қоштасады,топқа қайтады. |
[bws_related_posts]