№ 20 Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп гимназиясы
Математика пәні мұғалімі:
Абдижамилова Дилноза Мехманкуловна
Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік
тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні | Абдижамилова Дилноза | 6 сынып | Сайрам ауданы, № 20С.Сейфуллин МГ | |||
2 Апта | 17.10.2013 ж | 1-сабақ 14:20-15:05 № 303 кабинет | ||||
Сабақтың атауы | Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік | |||||
Жалпы мақсаты | Оқушыларға қарама-қарсы сандар, бүтін және рационал сандар туралы біліктілігін арттыру. Таңбалар ережесін пайдаланып, өз бетімен қорытынды шығару, ойларын ашық айту, ойлау, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту. | |||||
Күтілетін нәтижеБерілген санға қарама-қарсы санды табуды, натурал сандар жиыны бүтін сандар жиынының ішкі жиыны екенін Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеуді, бүтін сандар жиыны рационал сандар жиынының ішкі жиыны екенін Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеуді, таңбалар ережесін пайдалануды біледі. Матемтикалық тілде сөйлеу дағдысы қалыптасады және ойлау, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттері дамиды. | ||||||
Уақыты | Мұғалім іс -әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Ресурстар, көрнекі құралдар | |||
2 мин |
Сабақ барысы:
Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Конфеттер түстері бойынша 4 топқа бөлемін. |
Мұғаліммен сәлемдесу. Шаттық шеңберін жасап, оқушылар бір-біріне гүл беру арқылы бойында бар бір жағымды қасиетін айтады. Мысалға, Нұржан сенің маған сабырлылығын ұнайды, Мақсат сенің маған мейрімділігін ұнайды, …Конфеттер түстері бойынша 4 топқа бөлінеді. | Гүл, суреттер | |||
2 мин |
Өткен сабақты қайталау. | Оқушылар өткен сабақта координаталық түзу тақырыбын өткендігін айтып, сол туралы мәліметтер беріп, интербелсенді тақтада координаталық түзу бойынан N(4), Z(-3), Q(-2,5), О(0) нүктелерін әр топтан 1 оқушы шығып белгілейді. | интербелсенді тақта | |||
4 мин
5 мин
1мин
1 мин
2мин
6 минут
2 мин
4 мин
10 ми |
Негізгі бөлім.Координаталық түзу сызып, оның бойынан келесі нүктелерді белгілейді.
Көк түсті: Қ(-7), Д(2,5), Р(4), А(3,5), С(-0,5), Ы(0), А(-6,5), Р (-6), А(-5,5), -(-4), М(-5), А(-4,5), Р(-1), А(-2), Қ(-3), С(1), А(1,5), Н(2) Жасыл түсті: Д(1), А(2), Р(3), Н(0), А(-1), С(-2), Б(-7), Ү(-6), Т(-5), І(-4,5), Н(-4) Қызыл түсті: С(2), А(2,5), Н(3), Д(3,5), А(4), Р(5), Р(-7), Ц(-6), А(-6,5), И(-5), О(-4), Н(-3), А(-2), Л(-1)
Сары түсті: Ы(-1), Л(-2), Т(-6), У(-5), Р(-4), А(-3), К(7), І(6), Н(5), І(4), Т(1), Ү(2), С(3)
«Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік» тақырыбына байланысты таныстырылымдар көрсетемін. Оқушылармен осы тақырып туралы ойларын тыңдаймын.
Смайликтер арқылы бағалаймын
Инсерт стратегиясы
Логикалық есеп беремін, кім жылдам орындаса, сол оқушы келесі тапсырманы жүргізеді. «Дыбыстық есте сақтау» шартын түсіндіремін. Оқушылар өздері орындайды.
Көру арқылы есте сақтау Интербелсенді тақтада натурал сандар жиыны, бүтін сандар жиыны, рационал сандар жиынына сандар көрсетемін.
«Тақырыптық Теннис» Сезіну арқылы есте сақтау
1топ Семантикалық карта 2топ Венн диаграммасы 3топ Кластерлер 4топ Фишбоун әдісі Топтар бірін-бірі бағалауға нұсқау беремін |
плакаттар, маркерлер, сызғыш
координата нүктелері жазылған 4 түсті қағаз
слайд
смайлик
инсерт стратегиясы жазылған парақшалар таратамын.
стикер
|
||||
3мин
2мин
1мин |
Сабақтың рефлексиясыИНСЕРТ әдісі бойынша оқушыларға түсінгендерін жазуларына нұсқау беремін.
Үйге тапсырма Таңбалар ережесінің кестемен берілуіне мысалдар келтіру. Және де №331 есеп
Жиынтық бағаны өзім шығарамын.
«Координаталық түзу» арқылы бүгінгі сабаққа қорытынды жасаймыз. |
Білемін, Білгім келеді, Білдім деп сабақ басында таратып берген параққа жазады.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады. Топ басшылары бағалау парағындағы бағаларды айтады. Өз білімін алған бағаларымен теңестіріп отырады.
«Координаталық түзу»іне өз ұсыныстарын жазады. |
Кеспе қағаздар.
Бағалау парағы
Стикерлер.
|
|||
[bws_related_posts]