Қарағанды облысы
Бұқаржырау ауданы
Керней орта мектебі
Айгерим Малгаждарова
Интелектуалдық ойын.
Жаңғырығы ерліктің – Желтоқсан.
Мақсаты: 1. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан мағлұмат беру, білімін арттыру.
2. Адамгершілікке , Отанын сүюге, ұлтжандыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың танымдылық қабілеттерін арттыру.
Ойын шарты:
І тур: « Қанат қақты.»
ІІ тур: « Самғау»
ІІІ тур: « Шарықтау»
V тур: « Тапқырлық»
VІ тур: « Атамекен»
1986 жылы Желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысты. Қазіргі бұл күн,қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы , әрі бақытты күн. Енді , міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған арманымызға қол жеткіздік. Ол арманымыз- Тәуелсіздік!
1986 жыл. 16 – желтоқсан.
І тур: « Қанат қақты»
1. Қазақ жастарының тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсеткен күн?
2. Алматының бас алаңында дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасына неше жыл?
3. « Ар, нмысым, қасіретім, қуанышым-желтоқсан» батырлары кімдер?
4. Қайрат Рысқұлбековке жоғарғы дәрежелік белгісі « Халақ қаһарманы» атағы қай жылы берілді?
ІІ тур: Самғау.
Бәйтерек
Желтоқсан
Тәуелсіздік
«Бәйтерек» сұрақтары:
- Бәйтеректің биіктігі неше метр, диометрі қанша?
- Бәйтеректің үстіндегі не, салмағы қанша?
- Бәйтерек турала қандай аңыз бар?
«Желтоқсан» сұрақтары:
- Қайрат Рысқұлбеков қай жылы дүниеге келді?
- Қай жылы Қайрат Рысқұлбеков ақталды?
- 17- желтоқсан қандай күн болып жарияланды?
«Тәуелсіздік» сұрақтары:
- « Тәуелсіздік» монументі қашан ашылды?
- 20 қазан 2009 жылы қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін тұғырландыру бағытындағы тағы бір елеулі белеске көткрілді. Астананың төрінде Қазақстан мемлекетінің басты бейнесі ретінде монумент ашылды. Монумент қалай аталады?
- Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қашан қабылданды?
ІІІ тур: « Шарықтау»
- Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез-келген бұрышынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген оларға араша түсіп жүргендердің арасында ол да бар еді. Ия, халық басына төнген осы бір қасіретті сәтті от тілді, қайсар ақын былай деді:
Екі жүзің қырылып,
Екі жүзің ұрылып,
Екі жүзің сотталып,
Жоқтаусыз кетіп барамыз.
Сұрақ: Бұл өлең жолдарын жазған кім?
- Ол-Алматы, 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысына ыстық ықыласын танытып, ол туралы « Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде былайша сыр шертті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана- сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Жастар бұдан әрі ұлттың сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді.
Сұрақ: « Ғасырлар тоғысында» еңбектің авторы кім?
ІV тур: « Тапқырлық»
- ЕКОНЮС- ББҰ –ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы.
- ЕНТЕЗПРИДЕ – мемлекет басшысы.
- РПАЕЛМАНТ- заң шығарушы орган.
- ТНАЕС- Жоғарғы палата.
V тур: «Атамекен»
Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең , туған жерді қасиет тұту- қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Ата- бабаларымыздың ұрпаққа шешен сөздер, мақалдар, нақыл сөздер қалдырған.
Осы мақсатта мына мақалдарды жалғастыр:
- Отаның-
- Опасызда-
- Жат елде сұлтан болғанша-
- Отан үшін отқа түс-
2. Сұрақтараға жауап бер:
1.Қарағанды обылысының әкімі кім?
2. Керней ауылының әкімі кім?
3. Бұқар жырау ауданының әкімі кім?
Тәуелсіздік дегеніміз не?
- Жаның қамауда қалғанда, арың талауға түскенде араша
болған — Тәуелсіздік!
- Барың тоналғанда , асылың жоғалғанда қайтарып берген — Тәуелсіздік!
- Аузыңнан құдай қалғанда, алаптар алқымыңнан алап, көз алдыңда дүние шыр айналғанда адастырмай ақ жолыңа түсірген- Тәуелсіздік!
- Дінімізді бұрмалап, Құранымыздан жаңылдарап, Алламызды ұмыттырып, адамға табындырған, иман нұрымен сәулесін шашқан- Тәуелсіздік!
Қорытынды: Желтоқсан оқиғасына 23 жыл өтсе де Желтоқсан оқиғасы әлі де көп ойлантады, толғантады…
Еліміздің Президенті, Премьер министрі, Парламенттің қос палатасының төрағалары қол қойған « Қазақстан халқына үндеуде» айтылғандай « 1986 жылдың желтоқсанында ұлттық қадір- қасиет дегеннің не екенін күллі әлемге паш еткен сол бір жас жүректердің қаһармандығы егеменді еліміздің жастарының көтерер туын биіктете берсе екен дей отыры сайысымызды аяқтаймыз.
[bws_related_posts]