Басы » Технология » Құрақ құрау

Құрақ құрау

құрақАтырау қаласы
И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің
технология пәнінің мұғалімі
Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Тақырыбы:           Құрақ құрау
Мақсаты:
Білімділігі:           Тақырып бойынша қысқаша мағлұматтар береміз
Дамытушылығы: Құрақ құрау тәсілдерін әңгімелей отырып, СТО бағдарламасы бойынша  стр-яларды пайдалануда ой-қабілеттілігін дамытамыз.
Тәрбиелілігі:         Эстетикалық талғамға тәрбиелейміз.
Міндеті:                Түстер гаммасын топтау немесе түстер үйлесімділігін анықтауды үйренеміз.   
Сабақтың түрі:     Аралас сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланылатын стратегия:  «БҮҮ» стр., «Ой қозғау» стр.
Көрнекілік:             Оқулық, үлгілер, сызбалар, т.б.
Сабақ барысы:       Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Үйге тапсырманы тексереміз
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз
«БҮҮ» стр-ясы:     Құрақ туралы не білеміз?

Білемін Білгім келеді? Үйренгенім
Төсек орындарында құрақпен құралады, оны құралып кетсін-, деген бағытты қолданылатындығын білемін Ою-өрнексіз қандай түрмен өрнектеп құрауға болады? Сабақ соңында не үйренендігін жазады

«Ой қозғау» стратегиясы:

—          Құрақтан құрылған көрпе төсектер кімге арналады?- деген сұраққа ой-пікірімізді жазамыз;

—          Сыныппен ой алмасамыз;

—          Сыныппен бірлесе отырып ойымызды жинақтаймыз.

Мағынаны тану:

Жастықтар үшін көбіне пэчворк және квипт техн-н пайдаланады. Бұл техника кендір материалдардан пайдалануға мүмкіндік берді. Әр халықтың осындай сәнде жасалынған бұйымдары бар.

ПЭЧВОРК – бұйымның нақышы мен колоритін анықтайтын құрақпен орындалатын жұмыс. Үстіңгі бөлігі құрақтан тігіліп, аралық қабаты инешамшымдармен, астыңғы бөлшекпен тұтас қоса алынған бұйымды квипт деп атайды.

Құрақ техникасында нақыштар қайталанатын геометриялвқ элементтерден тұрады. Алдымен бұйымның нобайын жасайды, өлшемін анықтайды. Көптеген құрақ бұйымдары екі үшбұрыштан құралған шаршы блоктардан тұрады.

Құрақпен жұмыс істеу үшін матаға суреттің қандай тәсілмен түсірілгенін білу керек.

1. Өрнектелген суреттері тоқымашылық әдісімен түсірілген маталар;

2. Баспа суреттеліп түсірілген маталармен жолақты немесе тор маталар құрақ құрамында бірыңғай түсті немесе гүлді маталармен салыстырғанда бірден көзге түседі. Мұндай маталармен дұрыс жұмыс жасалмаса тартымсыз көрінуі мүмкін.

Сарамандық жұмыс

Тақырып:                          Құрақ жапқыш құрау

Мақсаты:  Мата жиектерін қиямыз, матаға лекалоны қойып өңдеуге қосымша қалдырып

қажетті көлемде қиықтарды пішеміз.

Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар:

Пішуге арналған кілемше, дөңгелекше кескіш тігінші сан.таспа, тігінші тік бұрышы

Қайшы, түйрегіш мақта мата, мақта жіп, көшіргіш дөңгелекше, құрақ желім.

Тігу техникасы:

Бөлшектерді сырып тігу кезінде өңдеуге арналған қосымшаны естен шығармау

қажет. Бұл үшін арнайы сызғышты пайдаланады. 1 см-ге 5-6 инешамшымнан келуі

керек. Тізбекше етіп тігу уақыты жіпті үнемдейді. Қиық қабаттарын дәл әкелу

үшін түйрегішті пайдаланады. Түйрегіштерді тігістерге көлденең түйрейді. Оны

тігіп жүргізгенде т.м. табанына жақындағанда алады. Құрақты құрап болғанда

бұйымды сырудың, қабудың қажеті бар ма соны шешеді. Матадағы ашық өрнектер

немесе гүлді әдемі кескіндемелерді ұқыпты инешаншымдармен тігу қажет.

Бірыңғай түсті маталарға күрделі өрнекті сырып тігуге болады.

Жұмыс барысы:

  • Бұйымды түзу сызық бойымен немесе көлденеңінен инешаншымдар жасап тігеміз.

сызықты алдын ала белгілеп алуға болады;

  • Құрақтардың шеттерін қиямыз (мыс.0,5см ) ;
  • Тігімдерді кез келген бағытта жүргізіп өзіндік инешаншымдар жасаймыз;
  • Суға тас лақтырғанда пайда болатын дөңгелек сияқты доға тәрізді «эхом-мотив»

инешаншымдарын қайталау;

«Стиппилинг»- үзбей сырып тігу.

Шеттерін жиектеу

Бұйым шеттерін оның түсіне үйлестіріліп немесе қарсыластық түсте алынған қосарланған

жиектемемен тіккен дұрыс. Жиектеменің түсін мұқият таңдау керек.

Технологиялық картасы

Орындалатын операциялар түрі Кескіндеме
1. Матаның шеттерін келтіріп жаю;

 

2. Жиектерін қию, жолақты қию;

 

3. Матаны бірдей үшбұрыштарға бөліп қию

 

 

Ескерту:

Үшбұрыштар немесе жолақтарды қиғанда тігіс қосымшасына орын қалдыруды ұмытпаңдар!

Ой қорыту:

Құрақ жапқыштың құралуын тексере отырып, сабақты бекітеміз.

Бағалау: Оқушы жұмысын бағалаймыз.

[bws_related_posts]

Үй тапсырмасы:

1. Пэчворк сәнді ұлттық нақыштарды пайдаланып бұйым үлгісін дайындау;

2. Ас үй терезесін, балалар, қонақ бөлмелерін безендіріп, шығармашылық жұмыс орындау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *