Басы » Бастауыш сыныптар » Ж.Аймауытов.Қартқожаның туған жері.

Ж.Аймауытов.Қартқожаның туған жері.

Балқаш қаласы
Қарағанды облысы
Жалпы білім  беретін №9 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
 Салимбаева Сауле Какитаевна
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов.Қартқожаның  туған жері.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Жүсіпбек Аймауытовтың мәтіні туралы түсінік беру. Оқушыларды елін жерін сүюге, байлығын қорғауға, болашақта ата-анамыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
 Дамытушылық: Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау,ойлау  қабілетін,сөздік қорын дамыту. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру. 
Тәрбиелілік:Отанын сүюге, туған жерін, елін қорғауға, ынтымақ, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
ІІ.Психологиялық дайындық:
-Екі көз не үшін керек?
— Барлық жақсылықты көру үшін.
-Екі құлақ не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-Екі қол не үшін керек?
-Елге көмек беру  үшін.
-Екі аяқ не үшін керек?
-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
а)«Атадан қалған асыл мұра» бөлімді қайталауға арналған тест бойынша білімдерін тексеру.
ә)Сөзжұмбақ шешкізу.
1.Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?
2.Отбасындағы әке атауы.
3.Ел сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?
4.Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі.
О
Т
А
Н
IV. Мақсат қою кезеңі. Оқушыларды  бүгінгі сабақтың  барысымен  және мақсатымен  таныстыру.                                                                                        V. Жаңа сабақ.          
 Жаңа тараумен таныстыру : « Неткен сұлу,неткен көркем, осы менің туған өлкем !»   —Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз- Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері» мәтінімен  танысамыз.                                    Қазақстан. Қазақстан Республикасы (орыс. Казахстан, Республика Казахстан; қысқартылған атауы — ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9- орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларна дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені.Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км, оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.
VІ.Сергіту сәті.                                                                                                       Көк аспанға қараймын,                                                                                          Кеткен құсты  санаймын,                                                                                 Үшбұрыш  болып тырналар,                                                                                Көк жүзінде сырғанар.                                                                                           VІІ. Оқулықпен жұмыс.ә)Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері» мәтінін мұғалімнің мәнерлеп оқып,түсіндіру.                                          б)Оқу түрлері:                                                                                                      *Іштей оқу.                                                                                                       *Тізбектей оқу.                                                                                                          *Тауып оқу.                                                                                                                -Мәтіннен кешкі ауыл туралы айтылған жолдарды тауып,оқу.                                         -Мәтіннен жазушының туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған жолдарды тауып,дауыстап оқу.                                                                                                в) Мәтіннің авторы кім?                                                                                          г) Қартқожа кім?

д) Мәтін оқылып біткеннен кейін сөздік жұмысы жүргізу.
Қотан – қой жататын үй маңы (Сөйлем құратылады: Қой қотанға келді.)
Үй басы — әр үй. ( Үй басы Наурызға әзірленуде.)
Ашамай – алдыңғы, артқы қастарының басы айқастырылып, балаға арналып жасалған ер (Ашамайға отырды.)
Ет бауыр жақын — өте жақын туыс.( Ет бауыр жақын адамы келді.)
Шерсіз – қайғы-мұңсыз. ( Жүрегі шерсіз,таза адам екен.)
Жетесіз – ақылсыз,ақымақ. ( Жеті атасын білмеген жетесіз.)
VІІІ.Дәптермен жұмыс.

 

  • Мәтіннің  авторы кім?Ол туралы не білесің?
  1. Мәтіннің түрі:                                        (1 балл)
  1. Тақырып мәтінге сай алынған ба?       (1балл)

 

 

  1. Кейіпкерлерді ата: 

а)жағымды    ә)жағымсыз      (1 балл)  

  1. Мәтін желісі:

а)ұнады:        ә)ұнамады:                              (1 балл)

 Мәтіннің қысқаша мазмұны:                     (2балл)

 7.  Қорытындылау:(мәтіндегі негізгі ойды мақал-мәтелмен,нақыл сөзбен,шешендік сөзбен,ұшқыр оймен…)                                                             (1 балл)

 ІХ.Сергіту сәті.

Аспанға  қарап  ай  көрдім,

Төменге  қарап  жер  көрдім

Оңға,  солға  бұрылып,

Егеменді  ел  көрдім!

Х.Жаңа материалды қорытындылау:

Сұрақ-жауап:

-Қартқожаға не  қатты әсер етті?

-Мәтінлегі қандай сөздер ерекше әсерлі болып көрінді?

-Мәтінді неше бөлікке бөлуге болады? Әр бөлікке ат қой.

ХІ.Бағалау:Оқушылардың белсенділіктеріне қарай білімдерін  бағалау.

ХII.Үйге тапсырма: «Қартқожаның туған жері» мәтінін оқып,мазмұнын айтуға дайындалып келу.70-бет.

 
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *