Басы » Математика » Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу.

ШҚО
Семей қаласы
№ 38 мектеп-лицей
Сайлыбаева Айжан Саматовна
 
Сабақ  тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу.
Мақсаты: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін білу, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін құрып, оның шешімдерінің жиынын сан аралығында белгілей және жаза білу дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін  нәтиже: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесіндегі теңсіздіктердің ортақ шешімін таба біледі.
Сабақ түрі: жаңа білімді игерту сабағы
Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, ЖИГСО
Сабақ көрнекілігі: топ ережесі, бағалау критерийі, сұрақтар, смайликтер, қажетті құралдар
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру :        /3 мин/
Жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін шаттық шеңберге тұрғызып математикалық жаңылтпаштар айтқызамын. Түрлі-түсті жетондардың артында жазылған математикалық терминдер арқылы  топқа бөлемін.
Қызығушылықты ояту   /7 мин/
Жаңа тақырыпты жариялау. Сабақ тақырыбымен таныстырып, сабаққа мақсат қоюға шақырамын.
Ой қозғау сұрақтары:
Біз не білеміз?
1. Қандай сан аралықтарын білесіңдер?
2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?
3. Мәндес теңсіздіктер деп қандай теңсіздіктер аталады?
4. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?
5. Теңсіздіктер мәндес теңсіздіктерге қалай түрлендіріледі?
6. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу үшін не істеу керек?
Кесте толтыру
Слайдта көрсетілген сызбадан екі сан аралығының қиылысу аралықтарын атап шығу.
«Мағынаны ажырату» /15 мин/
Оқушылар оқулықтан жаңа тақырыпты оқып, бір-біріне түсіндіреді.
1-мысал:
2-мысал:
3-мысал:
4-мысал:
Әр топ бір мысалды қарастырып, тақтаға түсіндіріп жазады. Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін қорытып шығарады.
Оқулықпен жұмыс:
№ 15766 № 1577

Оқушылар жұппен есептерді шығарады. Әр есепке топтан бір оқушыдан шығып тақтаға жазады.
Cергіту сәті.       /2 мин/
Көрсетілген қимылдарды қайталап билеу
«Ой-толғаныс» /12 мин/
«Математикалық лото» ойыны. Топ лото ойнау арқылы түскен есепті шығарады.
3. Тік төртбұрыштың ені 4 см, оның периметрі 20 см-ден кіші. Тік төртбұрыштың ұзындығын бағалаңдар.
4. Берілген бүтін сан мен сол санның -ін қоса, 10-нан үлкен сан шығады. Егер сол саннан оның -ін азайтса, 5-тен кіші сан шығады. Берілген бүтін санды бағалаңдар.
5. х-тің қандай мәндерінде бөлшек дұрыс бөлшек болады:
Үйге тапсырма беру  /1 мин/
Бағалау /3 мин/
Топтағы бағалаушы оқушының пікірін тыңдау.
Рефлексия /2 мин/

Көңіл күйлеріне сәйкес смайликтерді тақтаға ілу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *