Басы » Экономика құқық негізі » Нарық жағдайында жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу

Нарық жағдайында жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы техникалық колледжі.
«Қаржылық есеп»пәнінің оқытушысы Сералиева Б.Н.

Сабақтың тақырыбы: «Нарық жағдайында жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу»
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу туралы түсінік беру,Олардың шоттары.
тәрбиелігі:мамандық таңдауға, өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру,білім алуға ынтасын арттыру тәжірибелік әрекет етуге, дүниеге эстетикалық көзқараспен қарауға дайындау, ҒТП – ның басты бағыттарымен таныстыру;
дамушылығы:еске сақтау,сөйлеу мәнерін,ойлау, қабылдай алушылықты, пәнге деген қызығушылықты дамыту,қорытынды жасай алуды қалыптастыру бойынша жұмыс істеу,шығармашылық ізденіс элементтерін қалыптастыру,проблемаларды байқау және оның шешілу жолдарын табу.
Сабақтың түрі – тәжірибелік сабақ
Сабақтың әдісі – баяндау,түсіндіру,әңгімелесу,ақпарат беру,лекция элементтері,сұрақ – жауап, пысықтап бекіту,қайталау, дамыту, іскерлік ойындары, өзіндік жұмыс,көрнекілік.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер – тарату материалдары,интерактивті тақта,флипчарт № электронды оқулық, бейне материал, оқулық.
Пәнаралық байланыс: Қаржылық есепті талдау, экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика
Ойынның барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
1. Түсініксіз сұрақтарды талдау.
2. Іскерлік ойын.
I. Оқытушы сұрақ береді.
Менеджерлер тобына:
Бухгалтерлік есеп және нарықтық экономика терминдері
1. Аккредитив қаржылары бойынша тауарлар немесе көрсетілген қызметтері үшін айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі, жабдықтаушыға төлем, оған қызмет көрсететін сатып алушы банкінде жүргізіледі (есеп айырысудың аккредитивтік формасы).
2. Көпшілік тұтынушы несиеге салынатын жанама салық түрі. (акциз).
3. Ақшасыз тауарды тауарға айырбастау түрі (бартер).
4. Әр берілген кезеңге өндіріс және айналыс процесінің жағдайы (конъюнктура).
5. Тауарды шетелден кіргізуге немесе шығаруға құқық беретін, мемлекеттік ұйымдардан алынатын арнайы рұқсат қағазы (лицензия).
Маркетинг тобына:
1. ТМҚ-тар үшін кәсіпкерлер арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түрі. (акцептік форма).
2. Шығарылатын өнімнің түрі, сорты, мөлшері, артикулы, маркасы т.б. бойынша құрамы (ассортименті).
3. Төмен бағамен тауарларды экспортқа шығару (тауарлық демпинг).
4. Жеке және заіды тұлғалардың жергілікті бюджетке міндетті төлемі (салық).

II. «Тапқыр болсаң, тауып көр» Шаруашылық жағдай
Менеджерлер тобына: Жабдықтаушылардан ай астында, шот-фактурасыз материалдар алынды. Ай соңына материалдар үшін 84000 теңгеге төлем талабының шоты түсті.
№6 журнал-ордерге ДТ 1310 Кт 3310 — 84000 тг. Белгісі жасалды.
Жауабы: Дт 1310 Кт 3310 – 84000тг. Фактураланбаған тауар жеткізу.
Маркетинг тобына:
Жыл соңында №6 журнал-ордерде жолдағы материалдардың жалпы сомасы 160000 теңгені құрады. №6 журнал-ордерде қандай өзгеріс жасалуы керек?
Жауабы: Дт 1310 Кт 3310 – 160000 тг. «Жолдағы материалдар» бағанында.
III. Шоттар корреспендициясын құрастыру
Менеджерлер тобына:
Қоймадаға түскен қосалқы бөлшектер үшін «Металл дайындау» зауытының төлем талабы акцептелді.
Маркетинг тобына:
Уақытында жеткізілмеген жүк үшін жабдықтаушыға талап қойылды — 160000 тг.
IV. Бухгалтерлік есеп тарихынан сұрақ
Менеджерлер тобына.
Бухгалтер термині қашан және қайда пайда болды?
Жауабы: XV ғ. Австрия
Маркетинг тобына:
Бухгалтерлік есепте неліктен 3 негізгі регистер бар?
Жауабы: Лука Пачолидің пікірі бойынша, табиғатта барлығы да 3 элементтен тұрады:
3 континет: Африка, Еуропа, Азия;
1 негізгі металл: алтын, күміс, мыс;
2 негізгі регистр: кітап, журнал-ордер және бас кітап.
V.Тест орындау
1.Түскен минералдық тыңайтқыштар бойынша ауытқу сомасын анықтау, түсім мен қалдық сомасы есеп бағасымен -4800 тг, нақты өзіндік құнмен-4600тг.
А. -940;
В. +940;
С.+200;
Д.-200;
2. Өсімдік шаруашылығына жұмсалған минералды тыңайтқыштың нақты өзіндік құнын анықта, шығын есеп бағасымен-6500теңге, ауытқу пайызы-3%
А. 6305;
В. 6695;
С. 6503;
Д. 6497;
3. 1310 шоты бойынша жинақтау есебі қандай журнал-ордерге жүргізіледі?
А. Журнал-ордер 15;
В. Журнал-ордер 13;
С. Журнал-ордер 11;
Д. Журнал-ордер 10;
4. Материалдық қорлар есепті жылы шығынға жазылады:
А. Дт 7210 Кт 1310;
В. Дт 7110 Кт 1314;
С. Дт 7210 Кт 2413;
Д. Дт 1310 Кт 7210;
Е. Дт 2413 Кт 7210;
5. Нақты өзіндік құнмен қосалқы бөлшектер алынды:
А. Дт 1314 Кт 3390;
В. Дт 1314 Кт 3310;
С.Дт 7110 Кт 3310;
Д. Дт 1310 Кт 1010;
Е. Дт 1320 Кт 3310;
VII. Шаруашылық жағдай:
Менеджерлер тобына:
Біздің Республикамызда көптеген тауарлардың құны үнемі өсуде екендігі белгілі, мамыр айында теледидар 50000 тг, маусым айында сол теледидар 52000тг, шілде айында 55000тг, болды. Әсеттің еңбекақысы мамыр айында 20000тг болса, теледидарды қай айда алған пайдалы?
Жауабы: Оразғалиев Әсетке теледидарды мамыр айында алған пайдалы, бұл кезеңде оның еңбекақысы 20000 тг, ал теледидар 50000 теңге тұрды.
Маркетинг тобына:
Кәсіпкер банкке өз ақшасын салды – 1000.000 теңге, бір жылдан кейін банктен — 1500000 теңге қайтарып алды. Банктің белгіленген пайызы қанша? (1,5 %)

VIII. «Қызықты шоттар» Әр топқа жылдамдыққа корреспонденция беру
Мына сөйлемді экономикалық терминге ауыстыр және корреспонденция құрастыр.
«Шығын ақыл қосады» (Дт 5410)
«Кім еңбек етсе – сол тоқ». (Дт 3350 Кт 1010)
IX. Экономикалық түсінік
Маркетинг тобына:
Мына берілгендердің ішінен экономикалық мағына беретін 10 сөзді табыңдар:
1. Телепадия
2. Табыс
3. Бионика
4. Электрон
5. Клиринг
6. Баланс
7. Флюрография
8. Инвестиция
9. Өзіндік құн
10. Экстрасенс
11. Лизинг
12. Пайдалылық
13. Осциллограф
14. Демография
15. Сату
16. Жоспарлау
17. Қор сыйымдылығы
Менеджерлер тобына:
Синонимін табу: қожа, акция, акциядан табыс, менеджмент, нарықты зерттеу, дивиденд, басқару, меншік иесі, бағалы қағаз, маркетинг.
Жауабы:
қожа – меншік иесі
акция – бағалы қағаз
акциядан табыс – дивиденд
менджмент — басқару
маркетинг – нарықты зерттеу.
. Сабақты қортындылау: Оқушыларды бағалау, Уй тапсырмасын беру. Тәжірибелік сабақты тапсырма бойынша қорыта, бекіту.
Оқушылардың жұмысын бағалау, хабарлау.
Үй тапсырмасы
1. Бақылау сұрақтарына жауап жазу
2. Есеп шығару
3. Оқулықпен жұмыс: Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. «Қаржылық есеп »

Пайдаланылған әдебиеттер:
В.К. Радостовец «Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп»

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *