Басы » Экономика құқық негізі » Негізгі қорлар мәні мен құрылымы

Негізгі қорлар мәні мен құрылымы

 БағжанЕрназарова Бағжан Ерназарқызы
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық
техникалық колледжінің «Экономикалық пәндер»
циклының оқытушысы.
«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша
Сабақ жоспары
I. Сабақтың тақырыбы: Негізгі қорлар мәні мен құрылымы
II.Сабақтың типі: Теория
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты баяндау
III.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың негізгі қорлар туралы білімдерін дамыта отырып, негізгі қорлардың түрлеріне, негізгі қорларды бағалаудың әдістеріне тоқталып, білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік:Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу, болашақ мамандығын құрметтеуге, патриоттық сезімге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту, оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту.
IV.Оқыту әдістері: Сұрақ- жауап,өзін-өзі басқару, жеке топтық, ұжымдық жұмыс.
V.Сабақтың көрнекілігі:  слайдтар, плакаттар.
VI. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың  дайындығын және дәрісхананың тазалығын қадағалау.
1)    Оқушыларға жеке тапсырмалар таратылады. Қолдарындағы суреттерге қарап оқушылар кәсіпорын түрін және қызметін анықтау керек.
2)    Мектеп
3)    Тігін фабрикасы
4)    Аурухана
5)    Банк

  • 6)    Мұнай компаниясы

7)    Жиһаз салоны

8)    Колледж

9)    Әкімшілік

2) Оқушыларды  екі топқа бөлу. Өндірістік және өндірістік емес.

2. Жаңа тақырыпты баяндау – тақтаға жаңа тақырыпты жазу.

 

 

Қаралатын сұрақтар:

  1. Негізгі қорлардың мәні, маңызы.
  2. Негізгі қорларды бағалау.
  3. Негізгі өндірістік қорларды қолдан удың көрсеткіштері.

Лекция материялдары оқушыларға таратылады. «Түртіп алу» әдісі бойынша балалар оқып түсінген жеріне «+»,түсінбеген жеріне «-» белгісін қойып шығады.

  1. Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.

Негізгі қорлардың екі түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және өндірісітік емес негізгі қорлар.

Материалдық өндіріс саласынжа жұмыс істейтін негізгі қорлар – өндірістік негізгі қорлар деп, ал өндірістік емес салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – өндірістік емеснегізгі қорлар деп аталады.

Негізгі қорлардың сныптамасы:

  1. Ғимараттар.
  2. Құрылыстар.
  3. Жіберу құралдары.
  4. Машина мен құралдар.
  5. Тасымалдау құралдар.
  6. Құрал сайман.
  7. Өндірістік түгендеме.
  8. Шаруашылық түгендеме.
    1. 2.     Негізгі қорларды бағалау.

Негізгі қорларды бағалаудың өндірістік процесінде  ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығында қайта өндірудің жағдайына байланысты  бірнеше түрі болады. Олар:

1)    Негізгі қорлардың бастапқы құны – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.

2)    Қайта өндіру құны (қалпына келтіру) – негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.

3)    Қалдық құн – негізгі қорлардың тозуды алып тастағанда бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер  етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары.

3.Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері:

негізгі өндірістік қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері,

— негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері,

— негізгі өндірістік қорларды интегральды қолдану көрсеткіштері

1)    Құралдары экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдарды толық пайдалану коэффициенті жатады, яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.

2)    Өндірістік қорларды жедел түрле қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін, оның нормативті өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.

Кинтфн

3)    Құралдарды интегралдық қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициентіне көбейту арқылы анықталады, және ол құралдардың уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.

Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып – қор қайтарылымы есептеледі.

Қор қайтарылымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып пайдаланылған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептелінгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып саналады.

ФО=Т/Ф

Қор қайтарымына кері көрсеткіш – қор сиымдылығы.

Қор сиымдылығы – бұл негізгі өндірістік қорлар құнының өңделген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.

VII. Жаңа тақырыпты пысықтау.

Сұрақ- жауап

Негізгі қорлардың экономикалық маңызы.

  1. Негізгі қорлардың түрлері.
  2. Негізіг қорлардың бастапқы құны.
  3. Қайта өндіру құны.
  4. Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер ететін факторлар.

 

Топпен жұмыс

Тақтадағы суретке қарап, кәсіпорынның негізгі қызметі жайлы және кәсіпорынның негізгі қорларын атап өту керек.

VIII.Сабақты қорытындылау.

IX.Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Қор сиымдылығы.

Әдебиеттер:

  1. Жолдасбаева Г.О. «Кәсіпорын экономикасы»
  2. Мейірбеков, Әлімбетова «Кәсіпорын экономикасы».
    1. Оразалин «Кәсіпорын экономикасы».

 
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *