Басы » Экономика құқық негізі » Өндірісті ұйымдастырудың жалпы типтері

Өндірісті ұйымдастырудың жалпы типтері

Ерназарова Бағжан Ерназарқызы
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық
техникалық колледжінің «Экономикалық пәндер»
циклының оқытушысы.

«Экономика негіздері» пәні бойынша

Сабақ жоспары
I. Сабақтың тақырыбы: Өндірісті ұйымдастырудың жалпы типтері
II.Сабақтың типі: Теория
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты баяндау
III.Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың негізгі қорлар туралы білімдерін дамыта отырып, негізгі қорлардың түрлеріне, негізгі қорларды бағалаудың әдістеріне тоқталып, білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік:Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу, болашақ мамандығын құрметтеуге, патриоттық сезімге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту, оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту.
IV.Оқыту әдістері: Сұрақ- жауап,өзін-өзі басқару, жеке топтық.
V.Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, плакаттар.
VI. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығын және дәрісхананың тазалығын қадағалау.
2. Жаңа тақырыпты баяндау – тақтаға жаңа тақырыпты жазу.
3. Қаралатын сұрақтар:
1.Экономикалық дамудың обьективті шарттары мен қарама қайшылықтары
2.Адам факторының қоғамдағы ролі.Экономикалық мүдде
3.Қоғамдық өндірістің негізі.Өндіргіш күштер мен экономикалық қатынастар

1.Кез келген экономикалық жүйе қызметінің түпкі мақсаты қоғам және жеке адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.Тауарлар мен қызметтерді пайдалану,қоғамдағы ресурстарды өндіру үшін жұмсаумен байланысты өндіріс үдерісіне бағытталған.
Экономикалық дамудың барлық мәселелері қажеттіліктерді қанағаттандыру барысында ресурстарды қоса жұмсаумен байланысты.Бұл мәселелердің шешімдері екі іргелі экономикалық аксиомаларғ негізделген.Бірінші аксиома – қоғамның қажеттіліктері шексіз,сондықтан толық қанағаттандырылмайды.Екінші аксиома – тауар немесе қызметтерді өндіруге қажетті қоғамның ресурстары шектеулі.
Планетамыздың барлық ресурстары шектеулі мөлшерде болады.Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу,таңдау мәселелерінің қажеттілігін тудырады.Эконмистердің айтуынша,адамдардың материалдық тұтынушылығы шексіз.Ал осы тұтынуды қанағаттандыратын қызмет көрсету және өнім өндіру үшін қолданылатын заттар – ресустар шектеулі.Таңдау тұрмысымызбен тұрмыс жағдайымызға байланысты.
Аталған қарама — қайшылық іріктеу (таңдау) жолымен шектеледі.Сондықтан экономиканың қоғамдық ғылым ретіндегі анықтамасы мынадай болуы кездейсоқтық емес:экономика қажеттілікті барынша қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды таңдауды сипаттайды және талдайды.
Қажеттілік – қоғамның дамуы үшін қажет нәрсе.Адамдарға қажет тауарлар мен қызметтер миллиондап есептеледі жіне олардың шеңбері ұдайы кеңейіп отырады.
Қажеттілік дегеніміз – адамның немесе қоғамның жағдайын қалыпты деңгейде жүргізуге қажет қандай да бір нәрсеге талабы.
Адам қажеттілігінің түрлерін экономист А.Маслоу бейнелеген.
Материалдық қажеттілік – киім,тамақ т.б күнделікті заттар.
Рухани қажеттілік – ғылыммен , өнермен ,білім алу т.б барысында адамдардың қанағаттандырылуы.
Әлеуметтік қажеттілік – ортамен,адамдар тобымен қарым — қатынас орнату.
Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалады.
Материалдық өндіріс саласында –заттық игіліктер өндіріледі.Оған өнеркәсіп ,ауыл шаруашылығы,сауда,транспорт салаларын жатқызуға болады.
Өндірістік емес салада – рухани құндылықтар жасалынып,сәйкес қызметтер көрсетіледі.Оған білім беру,мәдениет жұмыстары жатады.
Экономикалық өркениет тарихын қажеттіліктің қалыптасуы және жүзеге асырылу үрдісі ретінде елестетуге болады.Қажеттілікті қанағаттандыру үдерісінде саны және сапасы жағынан жаңа қажеттіліктер қалыптасады,олардың құрылымы өзгереді,басымдықтар пайда болады,өзара алмасу дамиды.Қажеттіліктің үздіксіз өзуі,өркендеуі адамзаттың экономикалық эволюциясымен дәлелденеді.Әр он жылда тұтыну тауарларына қажеттілік екі еседен астам ұлғаяды.Бұл тарихи заңдылық әлдеқашан негізделген және қажеттілікті көтермелеу заңы деп аталады.Адам табиғат ресурстарын қарапайым пайдаланудан өндірген табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға дейінгі бүкіл кезеңдерден өтті.
Сергіту сәті: Дүниежүзінің әр түрлі елдердегі ақша бірлігі атап өту
2.Адамның барлық қажеттіліктерін өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болу керек.Нақты экономикалық мақсаттарға жетуге қолданылатын құралдар экономикалық ресурстар деп аталады.Ресурстар – экономикалық үдерістерде пайдаланылатын экономикаға қажет экономикалық жасампаздықтың қайнар көзі.Қолдағы ресурстар дегеніміз – мемлекет,адамдар,кәсіпорындар қарауындағы ресурстар.Әлует – болашақ ресурстар,яғни экономикалық мақсатқа тартылатын ресурстар.
Экономикалық ресурстарға тән ортақ қасиет – олардың шектеулілігі.Мысалы,адам ресурстары – еңбекке қабілетті халық санымен және еңбекке жұмсалған уақытпен шектеледі.Табиғат ресурстары қоршаған ортадағы олардың қорларынан асып түсе алмайды.Табиғат ресурстары – қоғамның материалдық және мәдени сұраныстарын қанағаттандыратын,қоғамдық өндірісте пайдаға асатын қоршаған ортаның маңызды құрам бөліктері.
Материалдық ресурстар – материал,ғимарат,машиналар уақытпен шектеледі.Ақпарат ресурстары да шексіз емес.Осы фактілердің бәрі ресурстар шектеулігі қағидасын дәлелдейді.Кейде экономикалық ресурстарға қаржы ресурстарын да жатқызады.Ақша – қосалқы ресурс,өйткені олар өндірісте тікелей пайдаланылмайды,алайда оның көмегімен ресурстың басқа түрлері сатып алынады.Экономикалық ресурстарға жұмсалынған,қайтаруға болмайтын жоғалған уақытты жатқызуға болады,ал уақыт жұмсалмай ешқандай экономикалық үдеріс өтпейді.
VIII.Сабақты қорытындылау.
IX.Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:Өндірісті ұйымдастыру
Әдебиеттер:
1. Жолдасбаева Г.О. «Кәсіпорын экономикасы»
2. Мейірбеков, Әлімбетова «Кәсіпорын экономикасы».
3. Оразалин «Кәсіпорын экономикасы».

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *