Басы » Математика » Квадрат теңдеулерді шешуге жаттығу жұмыстары

Квадрат теңдеулерді шешуге жаттығу жұмыстары

 fotoАтырау қаласы 32 — орта мектептің
математика пәні мұғалімі
Шакирова Дильшат Жангыровна
Сабақтың тақырыбы: Квадрат  теңдеулерді  шешуге жаттығу  жұмыстары
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың квадрат теңдеулердің түрлерін, толық, толық емес квадрат теңдеулерді меңгеріп, есептер шығаруды қолдана білу. Оқушылардың білімін тиянақтау.  Квадрат теңдеуді шешудің әртүрлі тиімді әдістерін үйрету, олардың ерекшеліктерін танытып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге, шығармашылыпен жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
Тәрбиелілік: Формулаларды есте сақтауға, жаттауға және қолдануға  үйрету.  Шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
 Сабақтың типі: Өткен  сабақты пысықтау.
Сабақтың түрі: Практикалық  сабақтар
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс жасау әдістер.
 Техникалық құралдар: Компьютер, интрерактивті тақта.
 Көрнекіліктер: Сұрақтар, формулалар, тест жұмыстары (интерактивті тақта)
 Пәнаралық байланыс: Информатика, қазақ тілі, геометрия
 Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру  (оқушыларды төрт  топқа  бөлу, өздерін таныстыру)            (1  минут)
Салематсыздар ма, оқушылар!?  Біздер өткен сабағымызда  Квадрат теңдеуді шешу және оларға жаттығу жұмыстарын орындаумен танысқанбыз.  Енді  квадрат  теңдеулер туралы  не білесіңдер, сол туралы  ой қозғап, білгенімізді  жинақтап  көрейік.
2.     Үй тапсырмасын тексеру: (5 минут)
Жауаптарын тақтадан тексеру  (Үй жұмысы топта түгел орындалса 10 ұпай, қате шығарған оқушыға 1 ұпай кемітіледі?)
 № 10 — 219 беттегі  есеп  жауаптары:
3.     Ой  толғау  сәті (10 минут)Төменде берілген сұрақтарға жауаптар алу:  (дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1)    Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?
2)    Егер ах2+вх+с=0 теңдеуінің в немесе с нөлге тең болса, онда ондай теңдеулер қандай теңдеулер болады?
3)    Квадрат теңдеуді шешудің әдістері?
(төрт топ төрт әдіске берілген төрт есепті шығару жолы  бойынша сөйлейді, толық жауап 5 ұпай)
4.     Біліміңді тексер (10 минут)
Қазір тақтаға шығып берілген тапсырманы қорғайсыңдар.
(толық есепті түсіндіріп жеткізген топқа 5 ұпай)
Бір есепті әр топ өз әдістерімен шешеді: х2+8х-9=0

1)    Көбейітшіктерге  жіктеу  тәсілімен
2)    Екімүшенің  квадратын  бөліп  алу  әдісімен
3)    Формула  арқылы  шешу
4)    Коэфициенттерінің  қасиеттері  арқылы  шешу
Компьютерде дайындалған программа бойынша шығарған есептерінің дұрыстығын тексеру
Міне, оқушылар бір есепті бірнеше тәсілмен шығардық, бірақ жауап біреу.
5.«Ойланайық,  кім ойшыл?» (10 минут)
Оқушылар, енді біздер квадраттық тәсілдердің әдістерін қолдану, салыстыру, дәлелдеу, зерттеуге байланысты тапсырмаларды орындаймыз. (тапсырманы толық орындаған топқа 10 ұпай)
 1-топ: Дәлелдеңіз:
Формула арқылы шешу жолымен дәлелдеңіз:
(2х+7)(7-2х)=49+х(х+2)
 2-топ: Салыстырыңыз:
Берілген есепті екі әдіспен шығарып, салыстырыңыз:
2-8х+3=0
 3-топ: Қолданыңыз:
Төмендегі берілгендері бойынша квадрат теңдеуді құрастырыңыз:
x2 алдындағы коэффициенті 3, ал түбірлері 5 және 6 болатын;
  4-топ: Зерттеңіз:
Төмендегі берілген есепті m параметрінің мәні бойынша зерттеңіз:
m-нің  қандай мәнінде теңдеудің екі бірдей түбірі болады?
(m-1)x2+2(m+1)x+(m-2)=0
 5.     Жаттығу жұмыстары:
Төмендегі есептерді қай әдіспен шығарғың келеді?
Әр топқа деңгейлік тапсырмалар беру (оқулықпен жұмыс, А-3 ұпай, В-4 ұпай, С-5 ұпай)
Н.Я.Виленкин  «Алгебра» кітабынан
А  деңгейі: № 4 есеп (216 бетте) (І — а), ІІ-б), ІІІ-в), IV-г))
В  деңгейі: № 6 есеп (І – а), ІІ – б), ІІІ – в), IV – г))
С  деңгейі: І — № 15-а), ІІ — № 17-б), ІІІ- № 13-а), IV — № 13-б)
Оқушылар есептер шығару кезінде сұрақтар беру, жауапқа 1 ұпай

 

 

Білімді мыңды жығады, ….   (Білекті бірді жығады)
неге тең?  (14)
Геометрия сөзін қазақша аударсақ (жер, өлшеу)
Жеті рет өлшеп, …  бір рет кес

D<0 қанша түбір болады? (түбірі болмайды)
қандай теңдеу? (квадрат)
Жігіт бір сырлы, …  (сегіз қырлы)
= ? (18)
Ұлға отыз үйден , ….   (Қызға  қырық үйден тыю.)

Бір тал кессең, …   (он тал ек.)
Алтау ала болса ауыздағы кетеді…(Төртеу түгел болса төбедегі жетеді)
Екі қабырғасы тең бүйірлі бұрыш? (тең бүйірлі)
Тек қарама-қарсы екі қабырғасы параллель болатын төртбұрыш?  (Трапеция)
 6.     «Кім жылдам?»Тест тапсырмаларын орындау  (5 минут)
Тест
1)    x2 — 14x + 13=0 квадрат теңдеуін шешіңдер:
A)        1; 13
B)              -13; -1
C)              -1; 13
D)              1; -13
2)    2х2 – 10х + 12 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер.
A)   (2х – 4)(х + 3);
B)   2(х – 2)(х – 3);
C)   2(х + 2)(х + 3);
D)   (х – 2)(х – 3).

 

  • 3)    х1 = 2 және х2 = -3 деп алып, квадрат үшмүшені жазыңдар.

A)  х2 +х + 6;

B)   х2 +х – 6;

C)   х2 – х +3;

D)  х2+2х – 3

4)    7х2 – 31х – 6 = 0 теңдеуінің дискриминантын есептеңіз.

A)  D=1129;

B)   D=919;

C)   D=793;

D)  D=1003.

5)    Берілген теңдеулердің арасынан келтірілген квадрат теңдеуді көрсетіңдер.

A)  5x2 – 29=0;

B)   –x2 + 2x – 4.8=0;

C)   x3 + x2 + 12x=0;

D)  x2 – 0.7x – 0.75=0.

6)    3x2 + 6.1x – 5.4 = 0 квадрат теңдеуін шешіңдер.

A)  x1= -2.7 және x2= 2/3;

B)   x1=  2.7 және x2=-2/3;

C)   x1=5.4 және x2=4/3;

D)  x1=5.4 және x2=-4/3.

7)    4x2 – 9=0 теңдеуінің коэффиценттерін табыңдар.

A)  a=4, b=0, c=9;

B)   a=-4, b=0, c=9;

C)   a=4, b=0, c=-9;

D)   a=4, b=1, c=9.

Қорытынды: (4 минут)  Оқушылар! Квадрат теңдеулерді шешуде әртүрлері әдістерді қолданудың ұтымдылығы неде?

Рефлексия парағы

Рефлексия: (қорытынды)

 

Оқушылар өз ойларын білдіреді.

Оқушының аты-жөні:___________________________________________________

1. Қысқаша көбейту формуласын еске түсірдің бе:___________________________

2. Теңдеуді шешудің қандай  әдістерін үйрендің?____________________________

______________________________________________________________________

3. Квадрат теңдеудің қандай түрлерін білесіңдер?____________________________

4. Толымсыз квадрат теңдеуді шешуді білесің бе?____________________________

5. Өздік жұмысын орындай алдың ба?______________________________________

6. Сабақта кімге көмектестің?_____________________________________________

7. Сабақ ұнады ма? Қандай тілегің бар?_____________________________________

______________________________________________________________________

Баға:__________________________________________________________________

 

 

  1. Үйге тапсырма:  Квадраттық теңдеулерді шешу әдістеріне әрқайсысына          2 есептен   8 есеп тауып, шығарып келу.

 

  1. 9.      Бағалау.

 


 

Топты бағалау парағы:

Топтың аты: _________________________________________________

 

Үй жұмысы Ой толғау сәті Біліміңді тексер! «Ойланайық, кім ойшыл?» «Кім жылдам?» тест Қосымша сұрақтар  
  

 

 

 

 

           

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *