Солтүстік Қазақстан облысы
Қала (аудан) Уалихан ауданы
Ауыл Шағырсай ауылы
Мектеп Шағырсай негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Куйтенова Гульманат Рамазановна
Тақырыбы: Менің Елбасым (тәрбие сағаты)
Мақсаты:-қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы , туып -өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
-елбасының өмір жолын үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
-шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: Елбасы туралы слайдтар, суреттер, буклеттер, кітаптар.
Барысы:
«Ашық журнал»ретінде өтіледі:
1- бет: Н.Назарбаевтың туып өскен ортасы. «Отбасым алтын діңгегім»
2- бет. Елбасымыздың білім алған орындары.
3 -бет. Елбасының отбасы. «Қамқор әке,мейірімді ата»
4-бет «Металлургтен басталған еңбек жолы»
5-бет «Халқының сайлап алған қалаулысы»
6- бет. Елбасының өрлеу баспалдақтары.
7-бет“Әлем елдері басшылары мен саясаткерлерінің Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірлері”
8-бет. Қазақстан Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет.
9- бет. Қазақстанның мақтанышы- Астана.
10-бет «Тәуелсіздік перзентінің тілегі»
Мұғалім:
Азаптың арта қалды сан ғасыры,
Қазақтың жетті әлемге алғаш үні.
Дүниенің төрт бұрышы түгел көрді,
Төрінде көш бастаған Елбасыны.
Ежелде елтұтқалар ел орнатқан.
Ұласқан ұрпағына олар мақтан.
Елбасы- қасиетті аталы сөз,
Мазмұны, мағынасы терең жатқан.
«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа,мені ұлым деп,перзентім деп төбесіне көтерген халыққа,арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты-толық-қанды,тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйрытқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ,осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді,білім-білігімді аямай жұмсаймын,қандай да тәуекелге барамын….»
Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы десек тәуелсіздік, тәуелсіздік десек Елбасы ойға оралып,нұрлы бейбіт,бақытты күндеріміз алтын сәулесін шашады.Олай болса «1-желтоқсан-тұңғыш Президент күні»баршаңызға құтты болсын.
Шығындап, қиыр шеттің танып бәрін,
Уа. Жұртым, шартарапқа шарықтадың.
Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,
Қазақтай жер бетінде халық барын.
Әр сөздің астарына осы арада,
Ағайын ой жіберіп жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында,
Тұлғасы Елбасының жеке дара!
Көк байрағы,Елтаңбасы,бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!
1бет. « Н.Назарбаевтың туып өскен ортасы» «Отбасы алтын діңгегім»
Меруерт: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысының Қаскелең (Қарасай)ауданындағы Шамалған ауылында туған.Мамандығы-инженер-металлург.Экономика ғылымының докторы,академик, «Ғасыр адамы»атанған қайраткер.Елбасының атасы Назарбай өз аумағында билік жүргізген,ел басқарған адам екен.Шамалған,Қаскелең,Үшқоңыр жайлауын мекендеген.Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Әкесі Әбіш ата, анасы Әлжан әже. Отбасында інілері Сатыпалды, Болат, қарындасы Әнипа болды. Үлкендердің мал бағуына, бау бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз маз малын өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы темір жол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Ата анасын қатты құрмет тұтты.
Мұғалім:НҰРСҰЛТАН АТАЛАРЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫН БЫЛАЙ ЕСКЕ АЛАДЫ:
– …Соғыстан кейінгі кезең, қырқыншы жылдардың аяғы мен елуінші жылдардың бас кезі. Анам колхоздан күтіп баптауға бір гектар қызылша алады. Көктемнен бастап алғашқы қар түскенге дейін бір толастамайтын азапты еңбек. Әкеме таудың қиын бетіне бірнеше гектар бидай егіп, астығын колхозға өткізу тапсырылғаны есімде қалыпты. Бидай піскенде әкем екеуіміз оны қолмен орамыз. Түнделетіп айдың жарығымен ордық. Масақ біркелкі, бірыңғай жату үшін шалғыға тырма қосақталынатын. Мұндай ауыр жұмыста екі-үш сағат осылай жұмыс істегеннен кейін тұла бойың сіресіп, белің жан шыдатпастай сыздайтын еді. Біз орып, шешем баулап, қызылдау үшін колхоз орталығындағы қырманға барамыз..
(слайд)
2-бет. «Елбасымыздың білім алған орындары»
Кемал: ЕЛБАСЫ ОҚЫҒАН МЕКТЕПТЕ Адамның болашағына бала шағының үлкен әсер ететіні жасырын дүние емес. Шалқар даланың сай-саласын қадір тұтып, қастерлеп өтетінің бала күннен бойыңа дарып, сүрдің иісіндей сүйегіңе сіңіп қалған қасиетінде шығар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туған жері туралы: «Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…» деген еді.
Мектептегі «Шапағат» өлкетану мұражайының меңгерушісі Рымкеш Байқонысованы арнайы ша-қыртқанын айтып, мұражайға барар жолды нұсқап жіберді. Бұрынғы осы мектептің орнындағы ескі мектеп. Баяғыда бір бай көпестің үйі болған екен. Кәмпеске кезінде мемлекет қарауына өтіп, мектепке айналған. Осы мектепте Елбасы тоғыз жыл, бір тоқсан оқыған. 1974 жылы осы мектептің орнына үш қабатты мектепті салған. Такура Алғадайқызы. Нұрсұлтан Әбішұлының алғашқы ұстазы. Мына суреттегі достары. Осылай Рымкеш апай көп суреттерді таныстырып жатты.
(слайд) 3- бет. «Елбасының отбасы» «Қамқор әке,мейірімді ата»
(жары Сарамен,қыздарымен,немерелерімен түскен суреттері көрсетіледі)
Гульфайруз:
Жұбайы : Назарбаева Сара Алпысқызы. «Бөбек» қорының негізін қалаушы. «Өзін өзі» тану пәнінің негізін салушы, авторы.Бүгінгі таңда Елбасы-3 қыз, 7 немере,2 шөбере сүйіп отырған қамқор әке,мейірімді ата.
Үш қызы бар:
Дариға —саясат ғылымдарының докторы.
Динара— Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.
Әлия— бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиев Қазақстанның Даму банкінің бірінші вице Президенті.
(слайд) 4 бет. «Елбасының өрлеу жолдары» «Металлургтен бастаған еңбек жолы»
Меруерт: 1958 жылы мектепті үздік бітіргеннен кейін Теміртау қаласында Қарағанды металлургия комбинатына жұмысқа тұрады.
1958-1960 жылдары Днепродзержинск техникалық училищесінде оқыған.
1962-1965 жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқыған.
Мұғалім:Елбасы еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды.Әкесі мен шешесі мұндай ауыр жұмыс істеуіне қарсы болады.Әкесі барып балқыған темірдің маңындағы баласын көріп,еліне қайтармақ болады.Бірақ 20 жастағы жігіт табандылығының,еңбекқорлығының арқасында жұмысын жалғастырып домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жақсы көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызмет атқарды. Металлургиялық комбинатта партком хатшысы, Теміртау халалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарына экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Елбасымыз Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.
(слайд )5-бет Еңбек жолы «Халқының сайлап алған қалаулысы»
5-оқушы: Сәкен1991 жылы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды.
1995 жылы 23 сәуірде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
6-оқушы: Темірлан
1999 жылы 10-қаңтарда жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 79,75% дауыс алып Президент болып қайта сайланды.
2005 жылы 4-желтоқсанда сайлаушылардың 91.5% дауыс алып Президент болып қайта сайланды.2011 жылы 4-сәуірде 95,5% дауыс алып Президент болып қайта сайланды.
2-оқушы: Гульфайруз:1969-1971 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
1971-1973 жылдары Теміртау қалалық партия комитетінің хатшысы.
3-оқушы:Альмира.1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы.
4-оқушы: Кемал:1984-1989 жылдары ҚКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
1989 жылы Қазақстан КП бірінші хатшысы болып ел басқару ісін бастады.
1990 жылы 24-сәуірде ҚКСР-інің Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Президент етіп сайлады.
7-оқушы: Кемал: 1998 жылы 6-мамырда Елбасының жарлығымен мемлекет астанасы Ақмола қаласына ауыстырылды.Ақмола атауы Астана болып өзгертіліп,осы жылы 10-шілдеде Астананың халықаралық тұсауы кесілді.ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы»атағы беріліп медальмен марапатталады.
Мұғалім 6-бет «Елбасының өрлеу жолдары»
Меруерт: Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақталынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Сонымен бірге ол қысқа мерзімде-бір жыл екі ай ішінде Англияда аяқталды.Қазақстан валютасы өз банкнот фабрикамыз ол кезде болмағандықтан Англияда «Харрисон және ұлдары»фирмасының күшімен шығарылды.Әрі сол ерен еңбегі үшін «Алтын белгі»сыйлығына ие болды.1993 жылы 15-қараша күні таңертеңгі 8:00 де айналымға енгізілді,сол күннен бастап бұл күн теңгеміздің туған күні болып қалыптасты.
Елбасы туралы жазылған кітаптар да аз емес. Темірлан:Назарбаев Нұрсұлтан: «Ғасырлыр тоғысында» Бұл кітап Н.Назарбаевтың өз көзімен көрген өз басынан кешкен,сұхбаттас болған тұлғаларының мінездемелерін қамтыған болашақ жайлы естелік деуге болады.
Сәкен:«Қазақстан жолы»Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихы аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды.Бұл Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс,мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау,ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек.
Гульфайруз:«Тарих толқынында»Бұл кітап қара шаңырағымыз қазақ даласының өткені келешегі,осы замандағы ұлттық келбетті ұлықтау,ұлттық ұғымдар жайлы тарихи шығармасы.
«Балалық шағымның аспаны»
7-бет “Әлем елдері басшылары мен саясаткерлерінің Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірлері”
Гульфайруз:Ресей Федерациясының президенті В.Путин: «Сіздің Қазақстан халқына Жолдауыңыз-елдің он жылдан астам уақыт аралығына жасалған терең әрі жан-жақты талдау.
Меруерт:АҚШ президенті Барак Обама: «Сіздің еліңіз,егеменді,тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзіңіз дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді.Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті алға жылжыту жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын»
Кемал:Қытай Халық республикасының төрағасы Цзинтао «Тәуелсіз жылдары сіздің басшылығыңызбен еңбексүйгіш те ақылман Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді.Бүгінде Қазақстанда эканомика тұрақты даму үстінде.
Сәкен:БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун: «Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап шегіп отыруы мүмкін 8-бет. Қазақстан Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет.
(слайд)4-оқушы:1991жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жарияланды.
5-оқушы:1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттің рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұраны бекітілді.
6-оқушы:1995жылы 28қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның «Ата Заңы» қабылданды.
7- оқушы:1993 жылы 15қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы Теңге айналымға енді.
9- бет. «Қазақстанның мақтанышы- Астана»
(слайд)
10-бет “Тәуелсіздік перзентінің тілегі”
Слайд қорғалады
Елбасының өзекжарды ойлары.
Меруерт:«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол-Тәуелсіз Қазақстан.
Кемал:«Салтанаты жарасқан қаласы бар,ұшан-теңіз даласы бар,аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік»
Гульфайруз: «Ел болу үшін ұлттық рух,ұлттық қасиет және ұлтқа деген сезім болуы керек»
Темірлан: «Ел көшін бастау-маған сын,мені қостау-елге сын»
Сәкен: «Қандай байлық болмасын, оның түбі бір сарқылатыны хақ. Сарқылмайтын, терең бойлаған сайын, керісінше, еселеп арта беретін бір байлық бар, ол — білім. Ал білім негізі — мектепте»
[bws_related_posts]