Нургуль Алтайқызы
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
«Өтес орта мектебі»
Сабақтың тақырыбы: Матрицалармен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Матрица туралы түсінік беру және олармен жұмыс жасауға үйрету, ұйымшылдыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа баулу. Еңбекке, суретке деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: топтық
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
— Оқушылардың сабаққа қажетті құралдарын түгендеп. Алдымен бейнелеу өнері сабағындағы ережені еске түсіріп, қайталау./ережені қайталау/
— Енді бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлінеміз.
— Енді әр топ өз топтарының аттары нені білдіретінін айта кетсін. Ол үшін ережелерді еске
түсіреміз.
— Пейзаж деген не? /бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелейтін жанры/
— Композиция деген не? /суреттің парақ бетінде әсерлі орналасуы/
— Гамма деген не? /белгілі бір көңіл күйді білдіретін бірнеше түстердің үйлесімділігі/
Гуашь деген не? /суда еритін қоймалжың бояу/
ІІ. Сабаққа кіріспе
— Балалар біз сабағымызды бастамас бұрын, алдымызда үстелдің үстінде алма, картоп, сәбіз және асқабақ тұр. Осылардың барлығы бізге пайдалы, күнделікті тамаққа қолданып жүрген жемістер мен көкөністер. Бірақ дәл қазіргі кезде солардың ішінен бізге жеуге қайсысы қолайлы?
— алма
— Ендеше алдымыздағы алмадан азғана жеп алайық.
/оқушылар кесілген жарты алмадан жеп алады/
— Алманы неліктен сіздерге жеуге ұсындым? /оқушылар жауабы/
— Себебі алма адам ағзасына өте пайдалы. Оның құрамында адам ағзасына қажетті көптеген дәрумендер бар. Олар адам бойына күш, қуат береді. Сондықтан күш, қуатымызды арттырып алып, сабаққа жақсылап қатысатын боламыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
— Алдымен үйге қандай тапсырма берілді?
— Аппликациялық өрнектеу /тропикалық аю мен жеміс ағашы/
/оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеріп, бағалау, тақтаға ілу/
ІҮ. Өткен сабақты бекіту
Өткен сабақта біз нелермен жұмыс жасауды үйрендік?
Материалдармен
Қандай материалдармен жұмыс жасауға болады?
Табиғи материалдар, ермексаздан, қағаздан, пластмассадан, матадан, әртүрлі жіптерден
Ү. Пәнаралық байланыс.
олармен біз қай сабақтарда көбіне жұмыстанамыз?
Еңбек
Олай болса бейнелеу өнері сабағы еңбек сабағымен тығыз байланысты. Өйткені бейнелеу өнері тек сурет салуды ғана емес, сонымен қатар еңбекшіл, қолынан іс келетін икемді болуды қажет етеді.
ҮІ. Жаңа сабақпен байланыс
Балалар міне біз кез келген материалдармен, жемістер мен көкөністерден де жұмыс жасай аламыз. Тіпті жұмыс жасап қана қоймай олармен біз сурет сала да аламыз. Ондай заттардан сурет салуды матрицалармен жұмыс деп атайды.
ҮІІ. Жаңа сабақ. Теориялық бөлім
Ендеше бүгінгі сабақта матрицалармен сурет салатын боламыз. Ол өте қызық. Матрица деген не? Матрица деген ол таңбалар. Алдымен осы матрицаларды, яғни таңбалар жасап аламыз. Оларды картоптан, сәбізден, алмадан, асқабақ қабығынан жасауға болады. /жасалған матрицаларды көрсету/. Әртүрлі суреттер салу үшін осылардан әртүрлі фигуралармен, қарапайым пішіндер жасап аламыз. Содан соң қоймалжың су бояуды пайдалана мыз. Алдымен бояуды өзінің тақтайшасына езіп дайындаймыз да, сол бояуға дайын піші німізді батырып аламыз. Енді әбден жұққаннан соң алып сурет салатын альбомға бастырамыз. Бастырғанда манағы пішініміз пайда болады. Дайын болған суреттің сыртынан фламастер, маркерлер пайдалану арқылы жан жағын әдемілік үшін жинақтау мақсатында сызып шығамыз. Осылайша бірнеше қайтара бастыру арқылы әртүрлі суреттер салуға болады.
ҮІІІ. Практикалық жұмыс
/құстардың сайраған үнінде музыка жіберіліп тұрады/
Оқушыларға көрсете отырып, картоптан жасалған матрицамен гүлдің суретін салу
Оқушылар өздерінің салған суреттерін сыртын сызықтармен бастырып көркемдейді.
ІХ. Сергіту сәті.
Қағаз алып қолыма Ою ойып әдейі
Күн саламын Өрнектеймін әдемі
Қанат қаққан астына Көкке ұстап алға қадам басамда
Қыран саламын Таңқалдырам әлемді
Х. Ойын
Ойынның шарты әрбір командаға А3 қағазын беремін. Сол қағазға әр топ мен айтқан нарсенің суретін белгілі бір уақыт ішінде салып отырады.
Күн, тал, үй, ит, мысық
/әдемі салған топты марапаттау/
ХІ. Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Матрица деген не?
Матрицаларды нелерден жасайды?
Матрицамен жұмыс жасауда қандай жеңілдіктер мен қиындықтар болды?
Оңай жағы
Қиын жағы
Сабақтан алған әсерлері туралы смайликтер таңдайды
Өте жақсы Жақсы Орташа Онша емес Жаман
ХІІ. Үйге тапсырма
ХІІІ. Бағалау
[bws_related_posts]