Мағзумқызы Ақбота
Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға трагедияның мазмұнын меңгерту,тақырыбын,идеясын ашу,диалог,монолог,драмалық жанрдың ерекшелігі туралы әдеби теориялық білімдерін тереңдету;
Дамытушылық: талдау,шығарманы түсініп оқу,салыстыру,қорытындылау дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелік: көркем әдебиетті сүюге,адамгершілікке тәрбиелеу,эстетикалық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік,сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс,топтық,шығармашылық,ізденушілік әдістер.
Сабақтың көрнекілігі: жазушы суреті,қанатты сөздер,семантикалық кесте,слайдтар
Техникалық құрал: компьютер,мультимедия-интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих пәні,театр өнері
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу.
2.Түгендеу.
3.Сабаққа ынталандыру
2.Үй тапсырмасын сұрау
1.Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі, шығармашылығы туралы презентация.
2. «Еңлік -Кебек» поэмасын оқып келу,Еңлік-Кебек сөздерінен үзінді жаттау.
3.Мақсат қою
Өткен адам болады көзден таса
Өлді-өшті,оны ешкім ойламаса,
Ол кетсе де, белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп ұмытпаса.
Естіп,біліп,көз көріп, ойға салмақ,
Өтен істен адамзат бір үлгі алмақ.
Қызықпақ не жек көрмек,жиіркенбек,
Бастан кешкен әрі істен белгі қалмақ.
4.Жаңа сабаққа түсінік беру.
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті
тарихындағы Абайдан кейінгі ірі ақын – Шәкәрім Құдайбердіұлы .
Қ. Мұхаметжанов
Еңлік – Кебек ” поэмасы 1912 жылы жазылған, Семейдегі “Жәрдем” баспасында жарық көрген.
Оқиғаның болған жері – Шыңғыстау өңірі
Менің пікірім
(зерделейік, ойлайық,айтайық)
1.Слайд
Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыздар?
1.Махаббат
2.Тарих
3.Әлеуметтік өмір шындығы
4.Өз ойым
2.Слайд
Еңлік пен Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды?
1.Екі ел арасындағы дау – дамай
2.Әлеуметтік теңсіздік
3.Жер дауы
4.Өз ойым
3.Слайд
Екеуінің өліміне кім(не) кінәлі?
1.Кеңгірбай
2.Заман
3.Салт-дәстүр 4.Өз ойым
5. Поэзия минуты
Еңлік пен Кебектің кездескен жерінен көрініс көрсету.
«Алдыңғының соқпағын артқы түзер»
М.Әуезов те, Ш.Құдайбердіұлы да өмірді, халқымыздың қиын да қилы тағдырын шынайылықпен бейнеледі. Біз ащы шындықты тани отырып, өмірде жақсылықтың жанында үнемі жамандық еріп жүретінін, адалдыққа арамдық қарсы тұратынын, ал мейірім, қайырымның қас жауы қатыгездік екенін ұқтық. Біз оларға жанымыз ашып, ішкі жан-дүниемізбен қосыла қайғырдық. Қаталдыққа іштей қарсыластық. Жанымызбен ізгілікке ұмтылдық.Ш.Құдайбердіұлының арманын жалғастырушы суреткер, драматург М.Әуезов болды.
6. «Семантикалық карта»
Поэма үзінділерін ала отырып, кейіпкерлер сөзін анықтау,белгілеу.(Слайд арқылы)
Шығарманың композициялық-сюжеттік құрылысы(Интерактивті тақтамен жұмыс)
р/с Оқиға желісі Оқиға өрісі
1 Экспозициясы
2 Оқиғаның басталуы
3 Оқиғаның дамуы
4 Оқиғаның шиеленісуі
5 Оқиғаның шарықтау шегі
6 Оқиғаның шешімі
7
7.Топтық тапсырма(Интерактивті тақтамен жұмыс )
1-топ Еңлік
2- топ Кебек
3- топ Кеңгірбай
Академиялық дау-дамай
— Сен Кеңгірбай болсаң қандай шешім қабылдар едің?(Үзіндіге байланысты сұрақ)
Суреттер топтамасымен жұмыс(Әр оқушы өз ойын саяхатшы, диктор,тілші ретінде жазу.)
8.Сабақты қорытындылау.Тест жұмысы (aktiv woid) құрылғысы арқылы
1.Поэмаға өзек болған оқиға қай ғасырда өткен?
В.15 ғ.
С.17 ғ.
Д.18 ғ.
2.Матай ненің атауы?
Р.Ру.
С.Жер.
Т.Тау.
3. Поэмадағы Тоқтамыс кімнің жақыны?
А.Кебек
В.Еңлік
С.Қабанбай
4.Еңліктің нағашысын көрсетіңіз
А.Бөгенбай
М.Қабанбай
Н.Наурызбай
5. «Сұңқар қалай,тауық қалай» деп жұмбақтаған кім еді?
А.Қабекең
В. Көбей
С.Тоқтамыс
6. «Қыз алды да, жөн жауап бермеді» деп,Матайлар не алып кетті?
П.1 табын сиыр
С. 1 отар қой
Т.1 қос жылқы
7.Поэма кімнің тікелей тапсыруымен жазылған?
У.Абай
С.Құдайберді
Т.Құнанбай
8.Шәкәрім Шақпақ деген жерде жалғыз үй қай жылдары тұрды?
С.1905-1906ж
Р.1909-1910ж
Г. 1907-1908ж
9.Шәкәрім үшін байлықтың үлкені ғылым болып табылатын өлеңі?
К. «Жастарға»
Г. «Үш-ақ түрлі өмір бар»
Ғ. «Адамдық борышың»
Үйге тапсырма:Ойтолғау.үзінді жаттау.
Бағалау
[bws_related_posts]