ШҚО, Өскемен қаласы № 45 бейімделген орта мектебі Кусманова Лаура Муслимовна «Ата – бабам аңсаған – Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» Кештің мақсаты:Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру. Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бейнефильм, көркем суреттер, оқушылардың Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнаған суреттері, безендіруге арналған – шарлар, Қазақстан жерімен бейнеленген сахна көрінісі. (Сахна артында ақырын «Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады) 1-жүргізуші. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Екі жарым ғасыр бойы бодандық бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді.Бұл кеш Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады. 2-жүргізуші: 20 жыл толды тәуелсіз ел болғалы, Желтоқсан 25-ке толғалы. Қос атауы толықтырып бір-бірін, Ұлы оқиға екеуі Отандағы. Өкінгенмен пайда жоқ, өтті күндер, Қыршын кетті, әттең-ай, көк өрімдер. Еске алдық, дұға оқып бекзаттарым, Алладан нұр, жұмақта көгеріңдер 1 – жүргізуші: Бүгінгі кешімізді келесі жоспар негізінде өткіземіз: Қазақстан азаттық күрес кезеңінде Тәуелсіз ел болуға күрескен тұлғалар Желтоқсан құрбандарына тағзым Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қл жеткізен жетістіктер Қорытынды Сахна төріне 3 – 4 сынып оқушылары шығып – «Тәуелсіздік алауы» өлеңі Ерасыл: Тәуелсіздік ұлы сөз ғой қазаққа, Бұл туралы ақындар сөз толғап па? Тәуелсіздік ата-бабам арманы, Тәуелсіздік алауын әрбір қазақ қолдап па? Ең алдымен еске алайық жастарды, Денелері көмілмей, лақтырып тасталды. Шырай: Есімдері құрметтеліп әрқашан, Қазағыма бермесін Алла қастарды. Жас өрімдей қыздардың да қаны бар, Қабанбайдай жас өрендер жаны бар. Тәуелсіздік оты мәңгі сөнбесін, Аллаға аян, қазағымның бағы бар. Анар: Оқиға бар тарихында қазақтың, Сан күндерін көріпті қазақ азаптың. Тәуелсіздік бізде мәңгі болады, Елім бүгін жиырмаға толады. “Елім”- деп соқты сол жастардың жүрегі, Осы оқиға бәріне мәлім, оны бәрі біледі. Асылбек: Жастарымыз жазықсыздан құрбан боп, Халқы үшін жақсылықты тіледі. Ешкім білмес қанша құрбан болғанын, Жас өрімдей гүл қыздардың солғанын. Сезінбеді төрде отырған ағалар, Қандастардың қанша жанын алғанын. Тәуелсіздік алауы өмір бойы сөнбесін, Тозақ отын қазақтарым көрмесін. Ұлы елім көрмесін ешбір жамандық, Мен тілеймін бәріне де амандық. Үс. Ерасыл: Әрбір елдің аңсағаны бір арман, Желтоқсандық өрендердің қаны тамған. Бейбітшілік, Тәуелсіздік бұл — бақыт, Бұдан басқа сөздеріңнің бәрі жалған. Аңсап келген батырлар да, хандар да, Ол туралы аңсамаған жан бар ма? Еске алайық әрқашанда осы күнді, Әнмен де жырлайықшы осы мұңды. (Сахна артында бейнефильм көрсетіліп тұрады) 1 жүргізуші: Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды. әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті. 2- жүргізуші: Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты. Бүгінгі Тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры, арманы мен аңсары, арпалысқа толы кұрес жатыр. Әштей булыққан бұлқынысы мен өкініші, жеңілістері мен жеңістері жатыр. Бүгінде Алтай мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалған үлы істердің, ұлағатты дәстүрлердің, іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады. Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз. Бқл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас. Тарихи көрініс: Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы. Керей: О, халайық, халқымыздың басына қиын – қыстау кезеңдер келді. Әбілқайыр хандығы құлдырау үстінде. Шыңыстан төнген жауға әйел, бала – шағамызды құлдыққа бермейміз осы мәселені бірлесіп шешкен жөн. Жәнібек: Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсіп, талан тараж болып кетуіміз де мүмкін. Қазақ деген атпен жеке дара мемлекет құрайық. Халық дүбірлесіп, талқылауда: «Сұлтандардың атқаны жөн. Иә, жеке мемлкет құрайық, мемлекет қазығын қазатын кезең — осы». Жәнібек: Ендеше, қазақ руларының игі жақсыларын жинандар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын. (Қазақ жерімен, сұлтандарының бейнесі көрсетіледі – бейнефильм) 1 – жүрізуші:ХҮІІ ғ.20 жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса – көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уаық жоңғарлармен күрес жүргізді. 1723 жылы басталған қазақтардыі босуы «Ақтабан шұбырынды» деп аталды. Қаһарлы жаудан үріккен бейбіт халық шұбыра көшіп, қырғынға ұшырады. Қазақ батырлары жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы бан тірескен күрес жүрізді. Бұл күрес қазақ халықының өз бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы бүкіл халықтың күресіне айналды. (Бейне фильм) Тарихи қойылым: Ақтабан шұбырынды. 2 — жүргізуші: 1723 жылы қазақ халқы айтқысыз зор зобалаңға тап болды. Ата – қоныс, құтты мекен, мал – мүлкінен айрылған, жаяу шұбырған халық қанғырып, қыстың ақ қар, көк мұзында малы жұттан, үсіп өлді. Ашаршылыққа ұшыраған халық өсімдік тамырларын, жаужұмыр, алғыр, қозықұйрық сияқты жабайы өсімдіктерді теріп жеп, қайыршы күн кешті. (әйелдер, балалар, қарт пен ана шығады.) Қария: Уа, ел жұртым!мынау қандай заман болды, жұртымның тозы – тозы шықты. Көш кетіп барады. Елім аштан қырылуда. Ана: Құдайым – ау, біз болсақ қартайдық, ең болмаса мына балаларға жәрдемдес, осылар тірі болсыншы, ұрпағымыз аман қалсыншы. 1 – қария: Адам баласы өмірінде көрген жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек. Біз осы көрген күнімізді не деп атсақ екен? 2 – қария: Бұл ақтабан шұбырынжы Алакөл сұлама болсын. Мұның мәнісі, Атамекен мал мүлкінен айырылған аш – жалаңаш, босқан ел шұбыра – шұбыра табаны ағарып, азып, тозды, ел жұртынан айырылды. 1 – қария: Дұрыс айтасың, қария, әбден шаршадым, қалжырадым, біраз әлденіп алайық. «Елім — ай» әні айтылады. Соңынан бәрі тұрып бастарын иіп сахнадан шығады. 1 – жүргізуші: Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Тәуке хан, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыз. Елге ақыл айтқан, дауларын шешкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді. Тарихи көрініс: Абылай: Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын – қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңіздер. Маған сіздердің ақыл – кеңестеріңіз керек. Төле би: Дүрыс, ел блып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, тқртеу түгел болса, тқбедегі келеді». Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді. Қазыбек би: Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын. Әйтеке би: Жөн. Ел ішінен жол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжінді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық. Абылай: Туған жерді өзгелерге бермейміз, туған елді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш бірігіп, жерімізді қорғаймыз. (Бейне фильм) 2- жүргізуші:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды. 1- жүргізуші:1925-33 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. Қазақ аштықтан қырылды. 2- жүргізуші:1937 жылы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. 1-жүргізуші:Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді. 2 – жүргізуші: Енді бұрынғыдай атқа мінгізіп, зеңбірекке қарсы шауып, қанға бөккеннен мән шықпайтын еді. Ендігі жол – қараңғы қазақ халқының санасына сәуле шашып, өнер білім арқылы ұлттық санасыноятуды ойлаған қазақ зиялыларының жолы. Олардың із ашары ұлы Абай болса, Шоқан, Ыбырай, Міржақып, Сұлтанмахмұт сияқты тұлғаларды тарих беттерінен оқып келеміз. 1 – жүргізуші: Өткен ғасырдың басында тарих сахнасында: «Оян, Қазақ!» деп жар салған зиялылардың жаңа шоғыры шықты. Дербес мемлекет құруды аңсап, азаттық жолында бастарын бәйгеге тіккен Алаш қайреткерлерінің бәрі де тоталитарлық өктемдіктің құрбаны болды. Отаршыл жүйенің озбырлығын көрген қазақ халқы отызыншы жылдарындағы зобалаң тұсында расан нәубетке ұшырап, қынадай қырылды. Сол кезде саны 5 миллионға жетіп қалған қазақ халқы бірер жылдың ішінде тең жарымынан айырылды. Көпшілігі аштықтан өлді, қалған қазақ айдалып кетті, атылды, жер аударылды. Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Тұрар, Мұстафа, Әлихан, Ахмет ағаларымыз сол нәубеттің құрбаны болды емес па? Бейне фильм) Көрініс: «Бес арыс» Тергеуші: мына шалды ұстау үшін талай амал жасадық. Сіз Алаш өкіметін білесіз бе? Әлихан: Сен не деп тұрсың? Алашты білмесен, анау мұртты коммисарың сияқты мақұрым қалпыңда қаласың. Мен Алаш партиясының төрағасымын, үкіметінің премьер-министрмін. Дұрыстап қой сауылыңды. Тергеуші: онда Совет өкітметіне қарай қандай мәселе қозғадыңдар? Әлихан: Мен тағы қайталап айтамын, Алашорда өкіметінің премьер-министрмін. Біз халық коммисарларының төрағасы Ленинмен «Бір мемлекет екінші мемлекетті мойындады», сондықтан да Советтің құрамына кіреміз деген шарт жасастық. Алашорда өкіметінің 1919 жылы 20 сәуірге дейнгі ешқандай іс жауапқа тартылмайтыны туралы Ленинге арналған қаулысы шықты. Тергеуші: Сендер Ленин өлді деп оны ұмыттыңдар ма? Кімнің жолымен жүрсіңдер? Әлихан: ешкімнің жолымен жүрген жоқпыз. Біз Қазақ елі үшін күресудеміз. Тергеуші: Әкетіндер мынаны, өлім жазасына тартындар, атындар бәрін. Ахмет Байтұрсынов: Мен өлсемде өлем жөніменен, Тәннен басқа немді алар өлім менен? Өлген күні тығыра көр Мен жоқ болмамын көміліп тәніменен. Міржақып Дулатов: …Алаштың адал даласы Армансыз өткен данасы Қош, бауырым, жолдасым! Армансыз сенің өз басың Қабыл болып құрбаны, Алашты құдай оңдасын. Мағжан Жұмабаев: Әй тәккапар дүние Маған да бір қарашы Танимысын сен мені, Мен қазақтың баласы Жүсіпбек Аймауытов: Шықпаса жаным денемнен Не салса, талдыр көрем мен, Біз үшін өлмейтін Бір ғана соған көнем мен. (Сахна артында сөз айтылады) Оқушы: 1941 жыл 22 маусым 3 сағат 55 минут. «Тыңдаңыздар, тыідаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін 22 маусым кұні сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлкеттік шекерасын басып кірді». 1 – келіншек: «Соғыс, соғыс» — дейді естідіңіздер ме? 2 – келіншек: Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не блар екен? Ана: Қойыңдар! Жамандық шақырмандар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес па? Қария: Ат басына күн туса, Ауыздықпен су ішер. Ел басына күн туса, Етігімен су кешер – деген. Ер – азамат: «Отан үшін отқа түс күймейсін» деен халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен белес жатыр. Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше, Отан үшін аттанайық! 2 – жүрізуші: Иә, «Жеңіс» бізге оңай келген жоқ. Бұл қасіретті соғыста 70 миллион адам құрбан болса, соның 25 миллионынан астамы Кеңес Одағынан, ал 650 мыңнан астамы қазақ болды. Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін деген ұран әр адамға жалынды күш берді. Кеңес Одағының батырыатағын алған Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов сияқты ағаларымыз болса, Әлия мен мәншүк сияқты апайларымыздың ерлігін ешқан ұмытпаймыз. 500 – ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 2-жүргізуші: 20 ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көргенді көрген жоқ. 1949-50 жылдары Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды. 1 – жүрізуші: Иә, тарих қойңауыңда тағы да бір кезең. Ол 1986 ж. 16 желтоқсандағы Алматыдағы Қазақс жастарының көтерілісі еді, Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбекова, Ербол Сыпатев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т.б. жастарымыз тәуелсіздік жлында құрбан болды. Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жәймен орындалып, ортада Ана отырады. Сахна сыртынан Қайраттың рухы: Елбең, елбең жүгірген Ебелек отқа семірген Арғымақ мінген жаратып Ақсауыт киген темірден Алатаудай бабалар Аруағыңмен жебей көр! – деген Қайраттың дауысы естілді. Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен? Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол! Қалай болып еді өзі?! 2- жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірнсіз тағайындалған еді ғой.
(Ана ортадан ақырындап кетеді)
Көрініс: Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығыдабырласа: Естідіңдерме? Бұл не масқара? Неге халықпенсанаспайды? Қашанғышыдаймыз? Еңболмасаішімізден неге сайламаған? Ел қамынбізойламағандакімойлайды? Жан-жаққажатақханаларға, институттарға, қыздарға хабар бардымаекен? 1-жігіт:Дүрсілкіндіқайдан да қоңыраймақ, Бағыжанамақаламасорықайнап Ұранжазыпқып-қызыл ту көтерген Біздешықтықалаңға «Елім-ай – лап» 2-жігіт: ЕрболСыпатаев: демократияныбұғауданбосатыңдар, әрхалыққаөзініңкөсемікерек. 1-қыз: СәбираМұхамеджанова: бұлдегенің ҚКП-да беделдіңқалмағаны, құрыпбарадыемеспе? 3-жігіт:Ескерусіздінжатырсүресінде Қақпаққойыпауызға, көздібайлап. Санаспайды-әй, бұлартегіешкіммен Жариялылықдегеніңелес, білем. 2-қыз: Ләззат: Сүрмейтұғынболдыққойкүймейғұмыр Көлеңкекүннен де тимейдінұр. Колбиндегенкімекен, қайданкелген, Уа, сыртымызданқашанғыбилейдібұл? 3-қызСәбира:Өгейқозыбізболдықенемізге Келімсектершықтығойтөбемізге Ақиқатжоқмаңайыңтолғанаңыз Жүрекенбізтұмандыжолданағыз. Осы кездежан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады.
— Тараңдарәйтпесекүшқолданамыз.
(Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу, қызыл қанға боялады)
Сол кезде жігіт: Бар болғаны осы еді «қылмысыз» Савитскийді көрген жоқ бір кісіміз Кейін соның қазасы таңылғанда Аң-таңболып, қанжылаптұрдыішіміз Қыз: Темір құрсау біздерді бүргені шын Мұң шағады қапаста кімге құсың Ақ-қараңды тексерер түрме деген Концлагерь болды ғой біздер үшін 1- жүргізуші: Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды. 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясыныңқұрбаныболды. 2 – жүргізуші: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау. Еліңнің сен намысы үшін Құрбан еттің жаныңды Мазақ етіп қорлай алмас Ешкім сенің арыңды. 1 — жүргізуші: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар- намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді. Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың Айналайын, айналайын, жасөркеніхалқымның Ертеайтылды, сондықтан да келтеайтылдыбұләнің. Қайратдегенатым бар, Қазақдегензатым бар «Еркек тоқты құрбандық» Атамдесеңатыңдар! 2 — жүргізуші: Ия, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді. Көрініс:
Тергеуші Қайраттан сұрақ алады.
Тергеуші: Сен өзіңнің Совицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба, жоқ па? Қайрат: Жоқ. Мен Совицкийді өлтіргенім жоқ! Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, Атыңдар! Көзін құртыңдар! Қайрат: Күнәдан таза басым бар Жиырма бірде жасым бар Қасқалдақтай қаным бар Бозторғайдай жаным бар. Аламдесеңалыңдар! Қайратдегенатым бар, Қазақдегензатым бар «Еркектоқтықұрбандық» Атамдесеңатыңдар!
(Бейне фильм)
1- жүргізуші: М.Мансұрдың орындауындағы «Желтоқсан желі» әнін желтоқсан құрбандарын еске алып, тағзым етіп қосыла шырқайық! 2- жүргізуші: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін рахым күтіп, кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екендігі сезе алмаған еді. 1- жүргізуші: Бостандықтың жарық сәулесі үшін аянбай арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрген еді. 1987 жылдың шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Громыконың атына Венгрияның 41 адамы қол қойған хат келді. Чехословакияда 77 адам қол қойып, үндеу көтерді. Варшава да үн қосты. 70 адам қол қойған Лех Валенса бастаған хат кешірілім беруін талап етті. Германияда 1987 жылы 31 тамызда ГХДП жастар бөлімінің төрағасы Христоф Боркет Қайрат Рысқұлбековты босатуын талап етті. Америкада Рональд Рейган 1987 жылы 19 шілдеде М. Горбачев пен бас прокурор А. Рекуновқа телеграмма жолдады. 2- жүргізуші: Халықаралық осы пікірлердің өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына сөзсіз ықпалы болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21 -мамырда Семей түрмесінде 21-камерада қаскөйлікпен қаза тапты. Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады
1-жүргізуші: Ербол, Қайрат, Ләззат, Сәбира т.б. сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 мин. Орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.
2-жүргізуші:1991 жылы 16желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды. Қазақстан қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл. Он бір әріп не мағына береді, Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
(Бейне фильм)
1-жүргізуші:Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, -Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана. 2-жүргізуші:Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет.Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездесін. Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Әнұранымыздың авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев 1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі. Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков. 2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адмның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы — әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай. Хор: Елім менің. Авторы: Н.Назарбаев (Бейне фильм) 1-жүргізуші: 1991-2007 жылдар аралығында қандай жетістіктерге жеттік? 1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл. Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да, Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да. Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын. Қанатың қайрылып, қыр арқаңнан майрылып Егемен тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып. 2-жүргізуші: 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді. 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. 1996 жылы 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті. 1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды. 1998 жылы 6 мамыр Астана күні.Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті.Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. 1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 1-жүргізуші: 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды. 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды. 2002 жыл. «Денсаулық жылы» деп жарияланды. 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды. 2004 жылы «Қазақстан – Ресей» жылы болды. 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісене 20 2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы. «Алға, Қазақстан!» Хормен 3 рет. 2 – жүргізуші:2010 жыл ЕҚҰБ төрелік ету. 2011 – 7 қысқы Азиадалық олимпиада Астана – Алматы 2011
Қазақстан Республикасының Әнұраны хормен орындалады.
І-жүргізуші:
Туған жерді сүю – парыз Сүю үшін білу – парыз Қасиетін ұғу – парыз Күзетіне тұру – парыз ІІ-жүргізуші Пайдамыз тиіп Отанға, Риза болсын халқымыз «5»тік болсын бағамыз Білімнен бақыт табамыз. І-жүргізуші. Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ендігі сөз кезегін тәрбие сағатымыздың арнайы қонақтарына береміз.
[bws_related_posts]
ракмет