Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектебі,
Технология пәнінің мұғалімі Борашев Сапарбай
Сабақтың тақырыбы: Зергерлік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары және олардың жасалу жолдары туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушылардың қолөнере бұйымдарына деген қызығушылықтарын дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың ұлтжандылыққа, бабалар өнерін жалғастыруға ұлттық өнерін қастерли білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы зергерлік туралы мағлұмат беру, суреттерін көрсету;
сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі;
Үй тапсырмасын сұрау;
Жаңа сабақты түсіндіру;
Сабақты бекіту;
Бағалау;
Өтілген үй тапсырмасын сұрау;
Темірді көркемдеп өңдеу дегеніміз не?
Ұста мен зергердің айырмашылығы неде?
Ісмер деп кімдерді айтамыз?
Жаңа сабақ:
Зергерлік өнер-ерте заманнан келе жатқан , әр халыққа көп тұрған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, тас және сүйекті пайдаланып , сән салтанат үшін әшекейлі жиһаз қыз-келіншектердің сәндік бұйымдары мен қару-жарақ, саутыт-сайман, ер-тұрман зергерлеу өнері болған.
Оған тас, сүйек, металл, бояу, былғары, сияқты материалдарды кең түрде пайдаланған. Бұйымдарға зергерлік бейне жасау, сондай-ақ безерлендіру, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты орналастыру, кірктіру, қақтау, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу т.б.әдістер жетерлік.
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға , білезік, жүзік,сақина, ,шолпы, алқа, , қатырма, шашбау т.б.).
Ұсталары -батыр балалардың қару-жарақтарын (айбалта , көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісі, қорамсақ, садақ, шоқпар).
Шеберлері-үй іші мүліктерін (кебеже, жүкаяқ,ағаш төсек т.б.)
Аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшонтайт.б)
Музыкалық аспаптар ( асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы т.б.)
Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай)
Көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл сабақша)т.б. көптеген бұйымдар жасай беруге болады.
Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсі үшін , оларға алуан-алуан түрлі әшекейлер бұйымдар жасаған.
Олардың ішінде ең көріктісі де, қымбасы да –сәйукеле. Сымбатты сәйкеленің бағасы ХХ ғасырдың бас кезіңде 1-2 мың сом күміс ақша немесе 100 мың жылқының ақшасымен бағалаған.
Сабақты бекіту: сөзжұмбақты шешкенде ерекше көзден бүгінгі тақырыбымыздың аты шығады:
Әйелдерге арналған әсем бұйым?
алтын адам қай жылы табылды?
Қолы епті адам?
Зергер құрал-саймандарын не деп атайды?
Қыздардың көректі бұйымы?
Көп қолданылатын өю өрнек?
Сонымен бүгінгі сабағымызда зергерлік туралы көп мағлұмат алдыңыздар деп ойлаймың. Зергерлік көнеден келе жатқан өнер. Оны ата-бабаларымыздан қалған мұралар деп атаймыз. Біз бұл бұйымдарды күнделікті өмірде, тұрмыста кездестіре аламыз. Сондықтанда біз сіздерге үйретіп, кейінгі ұрпақтарымызға жалғаса береді деп ойлаймыз.