Талғар ауданы ,
Еркін ауылының
№26орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі
Смагулова Ардақ Қабдешқызы.
Cабақтың тақырыбы:XIV-XV-ғасырдағы материалдық мәдениет.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстанның XIV-XV-ғасырлардағы материалдың мәдениеті жайлы,малдан алынатын шикізат көздеріне,талдау жасап,оның қолдану түрлеріне тоқталу.
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу және ой өрісін дамытуға,өз пікірін еркін білдіре отырып,қорытынды жасауына жағымды жағдай туғызу.
Тәрбиелік: Әдет-ғұрып,салт-дәстүрді құрметтейтін,елінің ертеңі болатын ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Алты ойлау тақиясы (Эдвард де Боно «Алты ойлау шляпасы технологиясы».
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс,пікір алысу, интерактивті тақтамен жұмыс.
Көрнекіліктер: оқулық,қанатты сөз,мақал-мәтел,суреттер,слайдтар,тірек-сызбалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,орыс әдебиет,қазақ тілі,тарих,өнер.
Қанатты сөз: «Алыстан,Алаш» келсе аттанамын, Қазақпын, «қазақпын»-деп мақтанамын. Болғанда әкем-қазақ,шешем қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?.
«Шалқар» радио тарабы.
Сабақтың барысы:
I). Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу назарын сабаққа аудару.
II).Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық.Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырып,оқушыларды топқа бөліп,атқаратын міндеттерімен таныстырады.
1.Ақ (ақша бұлттар)-ақпараттар,фактілер,мәліметтер.
2.Қызыл (жалын)-ішкі сезім,эмоция,сезіну.
3.Қара (тұман)-логикалық,негативті ойлау.
4.Сары (күн)-оптимизмді,логикалық позитивті ойлау.
5.Жасыл (дала)-жаңа идеялар,шығармашылық ойлау.
6.Көк (аспан)-ойлау үрдісін басқару,қорытындылау.
Жаңа сабақ жоспары:
1.Қазақтың баспанасы. (киіз үй,қыстау).
2.Ұлттық тағамдар (Дәстүрлі сүт,ет,дән тағамдары).
3.Қазақ халқының киім-кешектері (мал өнімі,жүн-тері).
Мұғалімнің кіріспе сөзінен соң топтарға тапсырма береді.
1.Аз (ақша бұлттар)-ақпараттар,фактілер,мәліметтер.
Үнемі көше беру тіршілік ырғағын өзгертті.Көшу ұраны-тек қажеттілерді ғана алу.Мұндай ұстаным тұрғын үй құрылысына да әсер еткен.Заттардың бәрі ыңғайлы,жеңіл,ықшам әрі біркелкі болды.
Киіз үй өте қарапайым әрі тұруға қолайлы.Оны бір сағат ішінде тігуге және жығуға болады.Жүк арту үшін бірі түйе немесе екі ит жеткілікті.
2.-оқушы-слайдтар көрсету.
Киіз үй негізгі екі бөліктен-жабуға арналған киізден және ағаш қағаздан құралған.Киіз басу үшін қой жүні пайдаланылған.Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрады.
1) Кереге-киіз үйдің негізі,ол айқасқан қабырғаға ұқсас.
2) Керегеге байланған уықтар шаңырақты көтеріп тұрады.
3) Шаңырақ дөңгелек немесе конус тәрізді етіп жасалады.
3-оқушы. (фактімен дәлелдейді).
Неміс ғалымы Ф.Фон Шварц былай деп жазды «Қырғыз –қайсақтардың қысы-жазыбірдей тұра беретін бірден-бір баспанасы киіз үй болып табылады.Киіз үй адамның қашаннан бері ойлап тапқан ең ғажайып практикалық өнер табысының бірі екенінде дау жоқ».
4-оқушы.
Киіз үйден басқа да баспана түрлері болған.Зерттеушілер ежелгі Қазақстанның тұрғындары үйсіндердің баспаналарын сипаттап жазған.Қыста олар саз кірпіш үйлерде тұрды.Сырты сыланған тас немесе саман үй үлкен бір бөлмеге немесе өзара бір-бірімен жалғасқан бірнеше бөлмеге бөлінген.Кез-келген баспананың ортасында пеш орнатылған.Ошақты тастан қалаған,оған тамақ пісіруге арналған қазан қондырылған.Көшпелілер ошақты киелі санаған.
Малдың қиын отын ретінде пайдаланған.
5-оқушы.
4-түлік малдан ішсе тамақ болды.Бұған дәлел:
Жылқы мініс көлігі ретінде және сүтінен қымыз даярланады.Қымыз-биенің ашыған сүті.Қымызды ашытып баптау өте күрделі процесс.Қазақтар қымызды көбінесе жылқы терісінен жасалған сабада,торсықта немесе ағаш шелектерде ашытқан. (кубіде). Қымыздың ашытқысы сол қымыздың өзінен жасалған.
6-оқушы.
Қымыз туралы әңгіме болғанда биология ғылымдарының докторы,профессор Зейн сейітов былай дейді: бұл сусын көптеген халықтарға ерте кезден-ақ белгілі.Оның түп тамыры-сонау скифтерге дейін барады.Б.з.д V-ғасырда грек тарихшысы Геродот скифтердің бие сүтінен сусын ашытқан айта келіп,олардың сүт консервілеу құпиясын мұқият сақтайтынын,ол құпияны ешкімге айтпайтынын жазады.
7-оқушы.
Белгілі орыс зерттеушісі И.Г.Андреевтің сөзімен айтқанда олардың арасында көптеген адамдар 100 жасқа дейін өмір сүрген.
Оның себебі олардың сүйікті сусыны қымыз болды. Қымыздың емдік қасиетін орыс шенеуніктеріде жақсы білді.XIX-ғ/ң ортасында Гиолис губерниясының губернаторы Супрунюк әр жаз сайын Құлынды даласында болып,қымызбен емделген.
8.Шұбат-түйе сүті.
Бие сүтіне қарағанда өте майлы,сондықтан тағам дейді.
9-оқушы.
Ет-тағамдары. Қазақша ет асу.Бесбармақ.
Қой,жылқы,түйе,сиыр,ешкі еттері пайдаланылады.
Дәстүрлі ет тағамдарының біреуіне тоқталайық.
Қарын бөртпе-сирек дайындалатын өте дәмді тағам.Жаңа сойылған малдың етінен,майынан,бауырынан қосып,ұнмен араластырып,қарынға салып пісіреді.
10-оқушы.
Ұлттық киім-кешектер.
Үйсіндер тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған.Одан күнделікті тұрмысқа қаситетті бұйымдар,ыдыстар жасап.аяқ киім,тері шалбар,бешпет,киім-кешектер тікті.Ағаштан астау,табақ, тостаған,ожау жасаған.
11-оқушы.
Ер адамдар,әйел,қыз,ұл бала киімдері жасына,даулетіне қарай киінген.
Қазақ топырағындағы соңғыхан,тұңғыш генерал-майор жәңгірді 1830 жылғы бір санында «Сын Отечество» журналы былай деп сипаттайды «Одевается по своему,в атласные и оранжевого цвета кафтанчики,шапку носит киргизского покрая,подпоясывает золотого саблею в ханское достаено».Хан орыс,неміс,парсы,араб тілдерін жетік білген.
Қысты күні ішік,тон-киген бастарына малақай,тымақ киген. Аяққа:Етік,саптама етік киген.
II-қызыл (жалын) ішкі сезім,эмодея,сезіну.
1-оқуш:
Бүгінгі күнге жеткен ұлттық құндылықтарымызды мақтан тұтып,өз ойын ортаға салды.Біздің киіз-үйіміз сияқты баспана ешқандай көшпенділерде болмаған.
2-оқушы.
Қымыз-әрі сусын,әрі дәрумен,шұбат-болса 95% майдан тұрғандықтан тоқ тамақ қарның ашпайды.
3-оқушы.
Мен мақтана аламын.
Қазақтың ұлттық киімдері,өзінің әсемдігімен, табиғаттылығымен қайталанбас өрнектерімен әлем халықтарына таңдай қаққызды.
4-оқушы.
Жәңгір хан 1903-жылы 15 мамырда «Тургайская газетада» жарияланған.П.Столпянскийдің «қазақ үйі жоғарғы мәртебелі Никалай I ашқан сарайында» деген мақаласы жарық көрді.
III-қара (тұман)-логикалық,негативті ойлау.
1-оқушы.Өкінішке орай біздің салт-дәстүрлеріміз ұмытылып барады.
2-оқушы.
Ұлттық сусынымыз сонау ықылым заманнан келе жатқан қымызды немістердің потенттеп алғаны мені қынжылтады. Осылай жоғалса берсе біз ұлтымыздан айырылар күн алыс емес.
3-оқушы.
Ұлтттық киімді қол тұралық,тілімізді құрметтеу қайда, «ел болам десең-бесігіңді түзе»-демай ма ұлы даналарымыз.Біз қазақ екенімізді мойындауға арланамыз,неліктен бұл өте өкінішті.
IV.Сары (күн) оптимизді,логикалық позитивті ойлау.
1-оқушы. Слайдтар қолдану.
Киіз үй-қазақтың баспанасы.
2-оқушы.
Бүгінгі күн білімнің,біліктінің заманы екенінде дау жоқ. «Қазақстан-2050» стратегиясы қазақ жеріне шетел инвистициясын тартуды көздеп отыр.Ол үшін біздер яғни жастар өз салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып дүние жүзіне жарнамалауымыз керек.Сол арқылы біз келешекте өз бағытымыз айқындалған дамыған 30 елдің қатарына енуге бірлік,ынтымақ,ортақ мүдде арқылы мәңгілік ел болып,тарих сахынасынан орын алмақпыз.
V.Жасыл (дала)-жаңа идеялар,шығармашылық ойлау.
1-оқушы.
Ұлттық дәстүрлерімізді салт-санамызды,ұлттық ойындарымызды төл меншігіміз ретінде-заңдастыруымыз керек.
2-оқушы.
Астанада өтетін ЭКСПО-2017ге көрмеге ұлттық негізде жасалған құрылыс ,мәдени орындар (демалыс орны),киім үлгілері,тағам түрлерін ұсыну.
3-оқушы.
Өз бремдымен (ұлттық нақ) ыдыс-аяқ,тұрмысқа қажетті, төсеніш кілем,сырмақ,түскиіз,ағаш төсектер,қазақ бесігі, киімі,қой,ешкі,түйе жүнінен тоқылған бұйымдар шығарса,шағын орта бизнесті дамытуға жол ашылар еді.
Ең бастысы-ерінбей еңбек ету!.
VI.Көк (аспан) –ойлау үрдісін басқару.
1-Оқушы.Әр топтың ой пікірлерін тыңдадым.
Қорытындым.
Бүгінгі сабақта-өз халқымның өте бай материалдық мәдениеті бар еккеніне көзім жетіп,құрметтеуге ылайық халықтан өсіп-өнгенімді мақтан етем.
2-оқушы.
Бүгінгі сабақты қорытындылау кезеңі де жетті.
«Ойлан тап» ойынымен қорытынды жасау.
Қоржындағы асықтарда белгіленген сандардағы сұраққа жауап аламын.
1.Күні деген не?
2.Әбдіре қандай зат?
3.Жау бүйректі не үшін қолданған?
4.Шекпен не үшін қажет?
5.Қорықтық
6.Асадал
7.Малта
Соңынан оқушы өз ойымен қорытындылайды.
3-оқушы.
«Нақыл сөз» -ұраным.
«Ауру-астан»-деген бабаларымыз,осы сөздің мағынасын түсіндірсеңдер,соңынан оқушы өз ойымен қорытындылайды.
4-оқушы.
Мақал-мәтел.
IV. Бекіту кезеңі.
Мұғалім оқушыларды қанатты сөздің мағынасын ашуға жұмылдырады.
Алыстан «Алаш» келсе аттанамын.
Қазақпын, «қазақпын»-деп мақтанамын.
Болғанда әкем-қазақ,шешем қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?.
Проблемалық сұрақ.
Не себептен сендер қазақпын деп мақтанасыңдар,не себептен сақтанасыңдар?
Оқушылар өз өз жауаптарын айттып,ой-пікірлерін білдіреді.
V.Бағалау.Оқушылар білім,біліктеріне қарай бағаланады.
VI.Үйге тапсырма: §33.Материалдық мәдениет.
[bws_related_posts]