Маңғыстау облысы
Жаңаөзен политехникалық колледжінің
«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану»
пәні оқытушысы
Бүркітова Жанаргүл Жаңбырбайқызы
ΧΧΙ ғасыр қарыштап дамыған білім ғасыры. Қазіргі таңда оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен жаңа технологиялық қондырғыларды кең көлемде қолдану мүмкіндігі бар. Күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді пайдаланудың маңызы зор. Олар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, өздерінің түсінбеген жерін қайталап көруге, тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.Мұндай ақпарат алудың тиімділігі төмендегідей:
1 Қажеттілік ақпаратты жедел түрде алады.
2 Экономикалық тиімділік
3 Білім сапасын арттыру
4 Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.
Сондықтан да жаңа технологияны енгізу мен меңгеру ісінен қалмай, уақыт ағымына ілесе отырып, қара алтынымызды халық игілігіне жарата білсек нұр үстіне нұр болары айдан анық.
Біздің колледжімізде білім стандартына сәйкес, жаңа технология негізінде білім беру әрбір оқытушының алдына қойған негізгі мақсаты сондықтан, болашақ мамандарды заман талабына сай оқытуға ерекше көңіл бөліп, мұнай кәсіпшілігінде енгізіліп жатқан жаңа технологиялармен үнемі байланыстыра отырамын. Әрине, осыған жауап ретінде өз тәжірибемдегі оқыту әдістерімді ортаға салғым келеді.
Сабақтың тақырыбы: Мұнай кеніштеріне әсер ететін және скважиналардың өнімділігі мен қабаттардың мұнай беруін көтереті әдістер
Сабақ мақсаты :
Білімділік:
Мұнай беру әдістерінің түрлерін, маңызын түсіндіру
Мұнай беруін көтеретін әдістердің жүргізу технологиясына түсінік беру
Өзен кенорындарында қолданылып жүрген жаңа технологиялық әдістермен таныстыру;
Дамытушылық:
— Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында ізденуге, қосымша материалдар пайдалануға дағдыландыру;
— Оқушылардың ой-өрістерін және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелік:
— жауапкершілікпен өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру ;
— мамандыққа бейімдеп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Трек сызбалар, слайдтар, электрондық оқулықтар, карточкалар, үлестірмелі материалдар т.б.мультемедия құралдары.
Сабақтың әдісі:Аралас
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау: Қабат қысымын сақтау әдістері
1. Қабат қысымы дегеніміз не?
3. Қабат қысымының төмендеу себептері
4. Қабат қысымын ұстау түрлері?
5. Қабатты суландыру түрлері
6. Алаңды су және газ айдау
II. Өтілген материалды деңгейлік тапсырмалар арқылы пысықтау
1. ЭОТСҚ жабдықтарын көрсетіп жаз және оның атқаратын қызметтерін айтыңыз?
1 Атқылау арматура қоңдырғысының құрылысын түсіндір
2 Тереңдік штангалық сораптардың құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру
3. Скважиналық штангалық сорап қоңдырғысының құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндіру
4. Теңселмелі теңгерішті станоктың құрылысын түсіндіру
I I I. Жаңа сабақты түсіңдіру жоспары
1.Қабаттың мұнай беруін көтеретін әдістердің классификациясы
2.Қабатты тұзды қышқылмен өңдеу
3. Қабатты су арынымен жару
4. Қабатты Жылумен өңдеу
5. Скважина түп аймағын өңдеу кезіндегі жаңа технологиялық әдістер
Скважина түбін жаңа технологиялы әдістермен өңдеу
Көп жағдайда скважинаға келетін сұйық пен газ ағыны жеткіліксіз.Мұнай скважиналарында өнімін, ал айдау скважиналарында қабылдау қабілетін арттыру үшін түп маңы аймағының жыныстарына олардың өткізгіштігін көтеру мақсатында жасанды әсер ету қолданылады.
Қолданатын әдісті таңдап алу үшін қабаттағы жыныстардың қасиетін, құрамын анықтап алу керек және скважинаның пайдалану жағдайын білу қажет. Карбонатты және глиноземді жыныстарды қышқылмен өңдеген жөн. Тығыз жыныстарына механикалық әдістерін пайдаланады.
Скважина түп аймағында парафин болса жылулық әдістерді қолданады. Өнім суланғанда қабатқа БӘЗ айдау арқылы әсер етеді.
Барлық әдістерді шартты түрде топтастырады.
тұзды қышқылмен өңдеу
термоқышқылмен өңдеу
сазды қышқылмен өңдеу
қабатты су арынымен жару (ҚСАЖ)
құм арынды перфорация (СҚАП)
ҚГДЖ (қабатты газодинамикалық жару
ыстық сумен өңдеу
ыстық мұнаймен өңдеу
электрмен әсер ету
ГОС (жанғыш қышқыл құрам)
ТБӨ (термобароөңдеу)
СТА БӘЗ-бен өңдеу
АРСиП
СПС (ТПҚ)
ВУС-пен өңдеу
ҚСАЖ+қышқыл
СҚАП+ҚСАЖ
2. Скважиналарды қышқылмен өңдеу технологиясы кейбір тау жыныстарының қышқылмен әрекетке түсу қабілетіне негізделген. Әректтесу кезінде кеуектілік каналдар тазарып кеңиеді, өткізгіштігі жоғары болып скважина өнімділігі артады.
Қышқыл
НСl(тұзды қышқыл) НF(плавикалық қышқыл)
жыныстар: известняк
доломит
CaCO3+2 HCL=CaCL2+H 2 O+CO2;
CaMg(CO3)2+4HCL = CaCL2 +MgCL2+2H2O+CO2
CaCL2 және MgCL2- еріп кетеді.
CO2- газ жоғары шығады.
3. Қабатты су арынымен жару технологиясы (ҚСАЖ).
скважинаға жоғары қысыммен
сұйық айдап қабаттағы жарықтарды
кеңейту немесе жаңа жарықтарды
пайда қылады.
бір ізді этаптардан тұрады:
І Қабатта жарықтар ІІ Құм аралас сұйық айдайды ІІІ Скважинаға
пайда болу үшін, қабатқа құмды ығыстыру
жару сұйығын айдайды. сұйығын айдайды
Сурет : ҚСАЖ сызбасының этаптары.
-
саздар.
-
мұнай қабаты.
4. Скважина түп аймағын жылулық әдістерімен өңдеу.
Скважина түп аймағын ыстық мұнай немесе су мен өңдеу жылулық әдістерге жатады.
ЦА-320
АЦН
АДПМ 12/150
5.Скважина түп аймағын өңдеу кезіндегі жаңа технология әдістері.
IV. Оқушылардың жаңа сабақты меңгергенін тексеру
Жаңа тақырыпты бекіту «Жеті жұмбақ».
1. Бұл қай процесс?
2. Скважинаға қай прцесс жүргізіліп жатыр?
3. Агрегатқа сипаттама беріңдер?
4. Агрегатқа сипаттама беріңдер?
5.Қандай жабдық көрсетілген?
6. Бұл қай технология?
7. Темпоскрин қандай технология ?
IV.Оқушылардың білімін бағалау.
V.Үйге тапсырма
Лекцияны толықтыру, Реферат дайындау. « Өзен кенорындарында қолданылып жүрген Жөндеу оқшаулау жұмыстарының тиімділігі»