Басы » Тарих » Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.

Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.

Н9рболАқмола обысы
Аршалы ауданы
Бекжанов Нұрбол Қапанұлы
Сабақтың тақырыбы: Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға ғұн тарихын түсіндіре отырып, олардың жаңа тақырыптағы білімді игеруіне жол ашу;
2) мемлекеттердің қалыптасуының алғы-шартын, оның белгілерін анықтай білуге дағдыландыру;
3) тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау,іздену, өз бетінше жұмыс,ой-қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық , слаидтар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Ізгі арманын, үмітін
Бабалардың жалғаймыз!
Білім көкжиегінде
Жалындаймыз, самғаймыз!- дей отырып, сабағымызды бастаймыз.
А) Психологиялық дайындық
«Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас» (хормен айту)
Ә) Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)
БЛУМ (технологиясы бойынша сурақтар қою)
1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?
2. Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап беріңдер?
3. Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы не білесіңдер?
4. Қаңлыларда егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы қалай дамыған және өзіндік ерекшеліктері қандай?
5. Тағы басқа қандай кәсіппен айналысқан?
6. Шет елдермен сауда байланысы болғанын дәлелдейтін нәрселерді ата.
7. Мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?
Б) Жаңа сабақ (8 мин)
1) «Сатылай комплексті талдау» технологиясын қолдану арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

ҒҰНДАР

Мекендеген жері
Монғолияның оңтүстігінен
Каспий өңіріне дейінгі
Орталық Азияның кең-
байтақ кеңістігін мекендеді.
Деректер
Қытай деректерінде «Ғұн»атауы б.з.б.
3 ғасырдың аяғында пайда болған.
Шығыстанушы ғалым Л.Н.Гумилев
Ғұн державасы б.з.б. 209 жылы пайда
болды дейді.
Мемлекеттік құрылысы
Сол қанат
Әскери жүйе бойынша Орталық қанат
Оң қанат
Басқару жүйесі: Шаньюй

Бекзадалар «Түменбасы» (шаньюйдың ұлдары,інілері, жақын туыстары)
24 руды басқарды
24 түменбасын шаньюй тағайындаған
әрқайсысында 10 000-нан атты әскер болған
Түменбасы—мыңбасын, жүзбасын,, онбасын тағайындады.

Саяси жағдайы
Ғұндар мен Қытай елінің арасындағы соғыс қимылдары 300 жылдан астам уақытқа созылған.
Мөденің (б.з.б. 228-174жж. өмір сүрді) (б.з.б. ІІ-І ғ. Ел биледі) реформалары
1. Ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды.
2. Оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, басып алды.
3. Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды да жеңіп, бағынышты етті.
4. Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықта құдіретті Ғұн мемлекеті пайда болды.

Б.з.б. 1 ғасырдың ортасында б.з.б. 55 жылы ғұндер екіге бөлінеді.

Оңтүстік—ғұндар тәуелсіздігінен айырылды.
Солтүстік—б.з.б. 1ғ. Аяғында Чжи-чжи шаньюй басқаруымен тәуелсіздікті сақтап қалды.
Ғұндар жылжи отырып Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті. Ғұндардың шығыстан батысқа жылжуы б.з.б. 2 ғасырда басталып, б.з.-дың 4 ғасырына дейін созылды.

2) тапсырма «Сөйлемдерді толықтыр»

Қытайлар ғұндардың басшысын———————————- деп атады.
«Ұлы Қытай қорғаны» биіктігі———— м.
Б.з.б.——— ғұндар екіге бөлінді.
Ғұндар———————- рудан тұрды.
Ғұндар мен Қытайлар арасындағы соғыс қимылдары ————— астам уақытқа созылды.

3) Тапсырма «Сұрақтарды жауаппен толықтыр»
Ғұн-
Б.з.б. 55 жылы-
24-
Шаньюй-
Түменбасы-
Мөде-
Чжи-чжи-

4) сергіту сәті

5) Симатикалық карта (дұрыс жауапқа + бегісін қояды)

Б.з.б. 3 ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры
Б.з.б.
3 ғасыры
Б.з.б. 209 жылы
Б.з. 1 ғасыры
Б.з.б.55 жылы
Ғұндар екіге бөлінді

Ғұн мемлекеті өмір сүрді

Л.Н.Гумилев Ғұн державасын осы кезеңде болған деді.

Қытай деректерінде «Ғұн» өзі пайда болған

Чжи-чжи шаньюй тәуелсіздігін сақтап қалды

В) Ой қорытындылау
6) «Жас тарихшылар» немесе «Автор орындығы» Шешендік өнер
(Ортаға орындық қойылады. Орындыққа 1 оқушы шығып, берілген тақырыпта сөйлейді)
Тақырыптары:
Ғұн мемлекетінің тарихы туралы Қытай деректерінде
Ғұндардың мемлекетінің құрылымы
Ғұндар құдіретті мемлекет

7) «Ассоциациялар» жазу

8) Сабақты қортындылау
9) Үйге тапсырма Ғұндар тақырыбын оқу эссе жазу
10) Бағалау

Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні
БЛУМ сұрақтары
2) тапсырма «Сөйлемдерді толықтыр»

3) Тапсырма «Сұрақтарды жауаппен толықтыр»

5) Симатикалық карта
6)«Автор орындығы
7) «Ассоциациялар» жазу

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *