Басы » Бастауыш сыныптар » Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ

Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ

Сералиева Ғалия

Әдебиеттік   оқу  3-сынып
   Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ.
   Сабақтың мақсаты:
   Білімдік: автор жайлы мағлұмат бере отырып, өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
   Дамытушылық: сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой-өрістерін дамыту.
   Тәрбиелік: табиғатты аялауға, мейірімді болуға баулу.
   Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, проблемалық.
   Сабақтың көрнекілігі: С. Сейфуллиннің портреті, жыл мезгіліне байланысты суреттер, дидактикалық материалдар.
   Сабақтың барысы:
   I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды таңдап алған сөздеріне қарай 4 топқа бөлу:
1. Көктем. 2. Жаз. 3. Күз. 4. Қыс.
— Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Алдымен жыл мезгілдерін еске түсіреміз.
1-сайыс. Әр топ плакаттағы суретке қарап, өз мезгілдері жөнінде пікір айтады.
   Көктем тобы: Көктемде қар еріп, өзендерде сең жүреді. Әсем қызғалдақтар құлпыра жайнап, түрлене бастайды. Жеміс ағаштары гүл атады. Қайың мен терек жасыл жапырақтарын жаяды.
— Сендер көктемнің көрінісін осылайша суреттейді екенсіңдер, ал Абай атамыз былай суреттейді.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
   Жаз тобы: Маусым, шілде айларында төңірекке көз салып көріңізші. Ешбір көркем кілемнің бетінен табылмайтын, ғажап бояуларды көресіз. Далада жайқалып өскен гүлдердің хош иісі мұрын жарады. Абайдың «Жаздыгүні шілде болғанда» атты өлең шумағы айтылады.
   Қыс тобы: Қыста айналаның бәрі ақ көрпе жамылғандай болады. Ағаштар аппақ гүл шоқтары тәрізді. Төңірек мүлгіген тыныштық. Ауа райы жиі өзгеріп, қатты аяз, боран болады. Өлең шумағы айтылады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды…
Күз тобы: Бұл мезгілде ешбір жыл мезгілінде қайталанбас байлық,  молшылық  болады.  Топ-топ  болып ұшқан құстар жылы жаққа кетеді.
   II. Жаңа сабақ.
Автор жайлы мағлұмат беру. С. Сейфуллин Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында 1894 жылы дүниеге келген. Шығармашылықпен белсене араласқан. 1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімені жазды. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жасауға қатысты.
1)          Өлеңді мәнерлеп оқу.
2)          Сөздік жұмысын жүргізу.
Қызыл шұнақ — бет қаратпайтын аяз, үскірік.
2-сайыс. Әр топ С. Сейфуллиннің өлеңдерінен үзінді оқиды.
3-сайыс. Сұрақтарға жауап беру.
— С. Сейфуллин қай жылдары өмір сүрді?
— Қай қыстақта дүниеге келген?
   III. Сабақты бекіту.
4-сайыс. Әр топ жыл мезгілдері туралы 3 сөйлемнен тұратын эссе жазады.
   IV. Үйге тапсырма беру.

 

 

Өлеңді жаттау.
Қыс мезгіліне байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *