Таулар

Ақмола облысы
Ерейментау ауданы
Павловка орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі :
Анес Қуандық
Сабақ тақырыбы: Таулар
Сабақ мақсаты:   -Өткен сабақта алған білімдерін жаңғырту.
-Таулар туралы ұғым беру, таулардың пайда болуын, түрін түсіндіре келе, орталық арқылы жұмыс жасап шығармашылық
қабілеттерін дамыту, туған жерінің тауларының биіктігін  білу, картаға тауларды түсіру, пән аралық байланыс    математика,қазақ тілі  пәндерімен байланыстырып таулардың  биіктіктерін өрнектеу арқылы оқушылардың ойлауын, шығарма жаздыру арқылы тіл байлықтарын, шығармашылық   қабілеттерін дамыту.
-Табиғатты сүюге, топпен жұмыс жасау арқылы оқушыларды  ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.
Сабақ әдісі:           Тәй-тәй технологияның элементтерін пайдалану арқылы
топпен   жұмыс.
Көрнекілік құралдар: Қазақстанныңгеографиялық  картасы, суреттер, тест сұрақтары,  теледидар, DVD, «Сұрақ жауап» энциклопедия, сабақ моделі, схема.
Сабақ барысы:
І. Таңғы жиын.
Оқушылар шеңбер құра отырып қолдарынан ұстап,  сәлемдесіп, бір-бірілеріне тілек тілейді.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Мұғалім: Өткен сабақта қандай тақырыптармен таныстық деген сұрақ қояды.
Оқушылар: Жазық, құрлық, географилық карта туралы өттік.
М. Ендеше біздің сабағымыз мазайка құрастыру ойын арқылы өткен сабағымызды қайталаймыз.
Тапсырма: Қиылған суреттердің ішінен кез келген біреуін таңдап алып артындағы сұрақты оқып жауап беріп, тақтаға магнит арқылы жапсырып, бейнелеу.
Қиылған суреттердің артындағы сұрақтар:

Жазық деген не?
Жазық нешеге бөлінеді?
Географиялық карта деген не?
Жазық, төбелер картада қандай түспен боялған?
Үстірт деген не?
Қырат деген не?
Қазақстанның жері көлемі қанша? Әлемде нешінші орынға, азияда нешінші орынға  кіреді?
Қазақстан қай құрлыққа енеді?
Оқушылар бір-бірден шығып сұраққа толық жауап беріп, суреттерді рет-ретімен қойғанда, мазайкада  қандай сурет шыққанын  сұрап ,жауап алу.
М: Қандай сурет бейнеленді?
О: Жайлау суретті бейнеленді деп жауап береді.
М: Жайлау туралы не білесіңдер?
О: Өздерінің білетіндерін айтады.
М: Барлығымыз көзіміді жұмып музыка ойнағанда жаздың ыстық күні кең дала жайлауда  серуендеп жүрміз деп елестетеміз. (Музыка ойналады)
Музыка тоқтағанда көздерін ашып әркім жайлауда не көргендерін, не істегендерін айтады.
М:  Жасыл жайлауда жүретін бір жанаур бар. Сол жануар не екенін жұмбақ арқылы шешейік.
Жұмбақ: Үстінде екі тауы бар,
Бұл қай жануар? (түйе). Неге түйенің өркешін тауға теңеген?
Балалар өз пікірлерін айтады. Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тау»
ІІІ.Жаңа сабақ: «Тау».

  • Тау туралы сендер  не білесіңдер?

М: Жерден көтерілген бөлігін тау дейміз деген ережемен таныстыра келе,таулардың пайда болу схемасын таныстыру.

Бүгінгі сабақтың моделін таныстырады.

Сабақ моделі:                                                                         

Сабақ моделіндегі  жұмыс түрлерімен  таныстырып,  орталыққа бөлінер алдында теледидардан «Әлемдегі ең биік тауларды» таныстырып, лоардың биіктіктерін айту.

Теледидар көріп болғаннан кейін оқушылар орталықтарға бөлінеді.

Оқушылар  төмендегі таулардың ұнағанын  өзіне таңдап алады да,  сол орталықтың аты жазылған топқа барып отырып, парта үстіндегі тапсырманы орындайды.                                

І. Зеренді тау ортылығы:  Оқулықпен жұмыс атқарады.Осы орталықтың жетекшісі мұғалім өзі.Оқулықтағы таулар тақырыбын оқып беріп, мазмұнын ашып, өз

өлкеміздегі таулардың биіктіктерін дәптерлеріне жазу.

Туған өлкеміздегі аласа таулары.

Көкшетау-947м

Жеке батыр тауы-836м

Имантау-661м

Зеренді-587 м

Сандықтау-626м Бүркіт тауы-523м

Жақсы Жаңғызтау-730м

Жыланды тауы-665 м

Баят Ор тауы-551м.

ІІ. Тянь-Шань тау орталығы : Тест сұрақтарына өз беттерімен жауап беру.

Тест.

1)Жеті қарақшыны құрайтын жұлдыздардың саны?

а)10                    ә)7

2)Түнде көкжиек тұстарын мына жұлдыздарға қарап анықтайды?

а) Жеті қарақшы

ә)Темірқазақ

б)Шолпан

3)Бұлтсыз ашық күнде адасып кетсең және қолында көкжиек тұстарын анықтайтын құрал  болмаса не істейсің?

а)Көкжиек жаққа қарай жүрем

ә)Арқамды күнге беріп,екі қолымды екі жаққа жайып көлеңкеме қараймын

4)Тұсбағдар дегеніміз ол?

а)Көкжиектің тұстарын  бағдарлайтын құрал

ә)Жердің ауданын өлшейтін құрал.

5)Қазақстан елінің жер көлемі қандай?

а)3 млн 600 мың

ә)2 млн 700 мың

6)Жазық деп нені айтады?

а)Жер бетінің  тегіс жерлерін

ә)Таулы жерлерін

б)Сулы жерлерін

7)Физикалық картада қыраттар қандай түсті бояумен боялады?

а)Жасыл

ә)Көкшіл

б)Қоңыр

в) Қызыл

8)Ең алғашқы адамда қандай қасиеттер бірінші пайда болды?

а)Егін егу

ә)Мал бағу

б)Үй салу

в)Аңшылық

9)Құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқабын не деп айтамыз?

а)Жазық

ә)Қырат

б)Ойпат

в)Төбе

10) Географиялық карта деген не?

а) жер бедерінің кішірейтіп қағазға түсірілуін айтады.

ә) сұлбаны айтамыз

б) масштабты айтамыз

ІІІ. Көкшетау орталығы:

  Географиялық картаға Қазақстанның биік таулы тауларын бояу. Әр оқушыға  боялмаған  карта  тарату. Өздері географиялық картаға қарай отырып биік тауларды  бояп, аттарын жазу.

ІҮ. Алатау орталығы:  «Мен таумын» атты шығарма жазады. Бұл шығармада оқушылар жансыз затты жандандырып жазады.

Әр орталықта 8-10 минут жұмыс жасай келе келесі дыбыс белгісі берлгенде оқушылар келесі орталыққа ауысып тапсырмасын орындай бастайды. 1 оқушы 40 минутта 4 орталықпен жұмыс жасап, әр түрлі тапсырманы орындап үлгеру қажет. Барлық орталықта жұмысты аяқтап болғаннан соң қайтадан шеңбер құрып отырып қорытынды бөлімге көшеміз.

ІҮ. Қорытынды бөлімі: Сен бүгін Не білдің? Не істедің ?  Не білгің келеді? деген сұрақты қоя отырып шығармаларын оқыту және математикалық өрнектерді есептеу, сабақты қорыту.

Хан-Тәңірі тауының биіктігі :6995м = ? км ? м

Талғар тауының биіктігі: 4973м = ? дм

Имантау тауының биіктігі: 661м = ? мм

Көкшетау тауының биіктігі: 947м = ? см

Бүгінгі сабақты қорыта келе психологиялық ойын ойнау. «Менің бүгінгі көңіл күйім» әр оқушы өзінің сабақтағы көңіл күйін қандай бір іс қимыл арқылы көрсетіп сабақты аяқтау.

Ү.Үйге тапсырма: Не білгің келеді? сұраққа өз жеріміздің тауы «Бұқпа тауы » туралы деректер жинақтау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *