Басы » Tәрбие сағаттары » Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Байғалиева Бақытжан Қадырқызы

Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Көрнекілігі:Рәміздерге байланысты түрлі-түстісуреттер,буклеттер,карта,мақал-мәтелдер, Отанын,жер туралы нақыл сөздер.

Сабақ барысы:

Әнұран орындалады

Кіріспе бөлім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі білім күні құтты болсын!

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».

Неге біз бұлай айта аламыз?

Өйткені, «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан дегеніміз не?

-Туып өскен жерімі, егемен еліміз.

— Табиғатымыз, қазба балықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз,  Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.

Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:

1.Отан оттан да ыстық

2. Отан отбасынан басталады

3. Отан үшін отқа түс, күймейсің

«Отан» жайлы тақпақтар

Нұрасыл: Отан менің ата-анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем Астанам

Отан аудан ауылым

 

Ислам:  Отаным алтын бесігім

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Ер жеткен кезде есімде

 

    Ернар:Отан, отан бәрінен биік екен

Мен сені мәңгілікке, сүйіп өтем

Жарайсыңдар балапандар! Отан жайлы көпбіледі екенсіңдер.

 

Отан –жерім,Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді..

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

Ендеше, тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1-Бөлім:Тұңғыш Президент.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

Индира: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген

Мақтанамын анам туған тілімммен

Дүниеге жар саламын айқайлап

Сәби жүрек пәк періште үніммен

 

 Еркеназ : Қазақстан қасиетті мекенім

Өзіңді жырлап мәңгілікке өтермін

Елім үшін, жерім үшін жан пида

Республикам, Отаным, Атамекенім

 

Дінмұхамет : Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

 

Мемлекеттік нышандарымыз: Ту, Елтаңба, Әнұранның авторларымен таныс боламыз.

.2-бөлім:Еңселі Елтаңба.

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен  Шота Аман Уәлиханов.

Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ  бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Қатар шапқан  қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған  жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді елтаңба

Ақ орданың төрінде.

Ән: Елтаңбасы елімнің

3-бөлім:Тұғырлы туымыз.

Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі  монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы  сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры  ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

 

Жалғас:                                         Аружан:      

Айнымайды аспаннан                  Мереке бүгін бақ күні

Біздің тудың бояуы                       Егеменді елімнің

Оны халық қашанда                    Желбірейді көк туы

Биікке іліп қояды.                         Түсіндей боп көгімнің

Ән:Көк тудың желбірегені

4- бөлім:Асқақтаған Әнұран.

Жүргізуші:Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы –Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде

«Менің Қазақстаным»  әні 10 қаңтарда 2006 жылы,  Елбасын  ұлықтау рәсімінде орындалды.

Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

Әнұран

Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

Барша халық таныған

Біздің үміт, тілекті.

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі

Жеңіс туын көтерген

Жарыстарда сан қилы,

Жетіп бізге шетелден

Көкке әнұран шалқиды.

Шәмші атаның сазды үні

Жігер беріп қайратты,

Бәрімізді мәз қылып,

Жаңғыртады аймақты.

 

Ойындар мен тапсырмалар

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран

Ел                                           Бай                                       Ән

Таңба                                      ай                                        Ұра

Таң                                          қар                                      Ұн

Аң                                           ар                                         нан

 Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел! Ел нышандары

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *