Басы » Баяндамалар » Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен оқу орнының ықпалы

Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен оқу орнының ықпалы

 Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен оқу орнының ықпалы
Сундетова Светлана Ибатовна
Орал гуманитарлық колледжінің
математика пәнінің оқытушысы

Бүгінгі жаһандау ғасыры өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жөн сілтеу-бүгінгі күн тәрбиесіндегі бірден – бір қажетті, кезек күттірмес мәселе. Ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.

 

Жас ұрпақтың өнегелі тәрбие, білім алуына ата – ана мен оқу орнының ықпалы өте зор. Тәрбие жұмыстары жан-жақты ұйымдастырыла отырып студенттерді тәрбиелеу болашақ қоғам мүдесі үшін еңбектене білетін рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш, еңбекқор, іскер, қабілетті адам даярлау мақсаттарына бағытталады. Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, студенттердің тәрбие ісін бағыттау және ұйымдастыру топ тәлімгеріне жүктеледі. Бүгінгі топ тәлімгері – студент үшін:

1.Жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде студент пен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

2.Топта өзара ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастырушы;

3.Студенттің дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің басын қосушы.

Топ тәлімгерінің өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші міндеті —  тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Өзімнің жетекшілік ететін тобымда 19 студент бар. Мен үшін маңызы мәселе студенттер арасында өзара ынтымақтастық қарым – қатынас орнату.Ол үшін біріншіден -студенттердің жеке бас ерекшеліктерін зерттеу;екіншіден- отбасындағы тәрбие жағдайын зерттеу; үшіншіден -студент пен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;төртіншіден -ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау.

Зерттеу жұмыстарын тұрақты жүргізу барысында әр студент туралы толық мәлімет ала алдым.Әр студенттің мінезін,темпераментін, жауапкершілігін, алдарына қойған мақсаттарын ,шешім қабылдай білуін, қоғамдық жұмыс пен еңбектегі белсенділігін, оқуға ынтасын, мәдени өресін, рухани байлығын, қызығушылығын білгеннен кейін жұмыс  жасау оңай болды.Студенттердің отбасы туралы мәліметті алғаннан кейін ата-аналар жиналысында «Сіз қандай ата-анасыз?», «Сіз балаңызды білесіз бе?», «Отбасында балаға не қажет?»деген сауалнамалар арқылы ата-аналардың бала тәрбиесінде жіберіп отырған кейбір қателіктерді байқадым.Ата-аналар жиналысында сауалнамалар жүргізумен қатар                      «Бақытыңды балаңнан ізде»тақырыбында пікірлесу, өзара тәжірибе алмасу, ата-аналарға арналған кеңестерді ортаға салып отырдым және «Бала  тәрбиесіндегі ата -ана  жауапкершілігі»тақырыбында баяндама оқылды.

Қазіргі кезде ата-ананың мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып отыр.Сол себепті отбасындағы тәрбие мәселесінде келеңсіз жағдайлар орын алуда.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар –тәннің құмары, бұлар болмаса , тән жанға қонақ үй бола алмайды.Және өзі өспейді, қуат таппайды.

Біреуі — білсем екен дейді.Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығын, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай — керней болса,дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп,көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.Мұның бәрі — жан құмары,білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген  қара сөзінде ұлы Абай.

Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйретуіміз керек. Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта қоғам ықпалы өте қажет.Сондықтан қоршаған орта, оқу орны, ата-ана болып баланың тәрбиесіне ат салысуымыз керек.

Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды жоғалтпай заман ағымынан қалмау-уақыт талабы. Өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің тірегі жастар! Ал біздің жастарымыздың баянды болашағына сеніміміз мол!

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *