Басы » Баяндамалар » Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту

Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту

Жамбыл облысы
Сарысу ауданы
Жаңатас қаласы
Жаңатас көпсалалы колледжі
Бастауыш білім беру пәнінің оқытушысы
Коданов Дуйсенбай Ойыкбаевич

Сабақтың тақырыбы:Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың
белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра отырып, шапшаң ойлауға қалыптастыру
Тәрбиелігі: Білімалушыларды өмірге деген құштарлығын, еңбекке, ойынды
дұрыс ұйымдастыра білуге деген іскерлік ынтасын арттыра отырып
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген
тапсырмаларды шешуге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдістері: Топтастыру, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру,көрнекілікпен
жұмыс істеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, сөзжұмбақ, үлестірмелі қима қағаздар,
слайд,интерактивті тақта,сурет, тест сұрақтары.
I .Ұйымдастыру кезеңі: а) .Білімгерлермен сәлемдесу.
ә).Білімгерлердің сабаққа қатысуын тексеру.
б).Олардың назарын сабаққа аудару.
в).Үй тапсырмасын сұрау.
II. Жаңа сабақ:Ойын- балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын- айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды.
Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылатын сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.
Тілдің дамуына да, ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты пайдалану тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі- оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар жоғарыда айтылғандай, ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалар туралы білімдерін бейнелейді, оларға өздерінің қатынастарын білдіреді. Ойынның құрылымдық элементтері: ойынның түпкі ниеті, сюжеті, немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойында ойында балалардың өзінше бір іс- әрекеті ретінде көрсетеді.
1. Слайд: Ойынның түрлері: қимыл- әрекетті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, дидактикалық, рөлді-сюжетті.
2. Слайд: Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері: олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады.
Енді осы тақырыбымызға байланысты ойындар ойнасақ.
3. Слайд: «Тау мен есек» ойыны.(сұрақ-жауап арқылы ойнату).
4. Келесі ойын: «Доппен ойнау» ойыны. (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер
арқылы ойнату).
5. Слайд:«Көктем мезгілін бейнелеу» ойыны.(бастауыш мамандығына барлық
пәндер кіретін болғандықтан, бұл ойынға ақындардың
шығармаларынан үзінді алдық).
III.Сөзжұмбақ шешу. «Кел, ойнайық».
VI.Тест сұрақтары таратылып, жауаптары алынады.
V.Үлестірмелі қима қағаздармен жұмыс.
VI. Бағалау
VII.Үйге тапсырма
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *