Жамбыл облысы
Сарысу ауданы
Жаңатас қаласы
Жаңатас көпсалалы колледжі
Экономика пәнінің оқытушысы
Тургымбаева Айнур Жумабаевна
Сабақтың тақырыбы: Сұраныс және ұсыныс қисықтарының икемділігін талдау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Білімгерлерде экономикалық танымын қалыптастыру
Өтілген тақырып бойынша білімдерін тексеру, оларды экономикалық ұғымдармен тереңірек таныстыру.
Дамытушылық: Білімгерлердің экономикалық пайымын арттыру
Тәрбиелік: Экономикалық түсінігі қалыптасқан , тәрбиелі тұлға қалыптастыру
Сабақтың түрі: Аралас
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, карточкалар,бағалау парақтары.
Сабақ барысы:
1-кезең. Ұйымдастыру кезеңі
2-кезең Біліміңді байқайық:
3-кезең: Концептуалдық кесте.
4-кезең.Семантикалық картадан табамыз:
Жаңа сабақ
5-кезең «Ой сергіту»
6-кезең . Суреттер сөйлейді.
7-кезең. Трек сызбадан табамыз
8-кезең. Бағалау
9-кезең. Үйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі тізім бойынша білімгерлерді тексеру.
Үй тапсырмасы : Сұраныс және ұсыныс қисықтарының икемділігін талдау
Біліміңді байқайық:
Сұрақ: Сұраныс және ұсыныс ұғымын қалай түсінесіздер?
Сұрақ: Сұраныс заңын қалай түсіндіріп бересіздер?график бойынша графигін салып көрсет.
Сұрақ: Ұсыныс заңын қалай түсінесің? Графигін салып көрсет.Мысал келтір
Сұрақ: Төмендегі әріптер нені білдіреді?
Концептуалдық кесте.
Осы кестедегі сөздер сұраныс пен ұсынысқа қандай қатысы бар? Кім айтады
Жауап: Сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін бағалы емес факторлар болып табылады.
Сұрақ.Салық қай қисықтың бағалы емес факторы?Түсіндір
Жауап: Ұсыныс
Сұрақ:Тұтынушылар талғамы ше?
Жауап: Сұраныс қисығы мысалы: мода, жарнама
Сұрақ: Ресурстар бағасы?
Жауап: Ұсыныс қисығының бағалы емес факторы.мысалы: шикізат, материалдар.
Сұрақ: Басқа тауарлар бағасы қайсына жатады қай қисықтың бағалы емес факторы?
Жауап: Сұраныс
Сұрақ: Технология факторы қайсына жатады?
Жауап:Ұсыныстың бағалы емес факторы.Технология дамыған сайын , ұсынатын өнім көлемі де көбейеді.
Сұрақ: Күту және нарықтағы сатушылар саны ұсыныс та да және сұраныста да бар.
Жауап: Күту және нарықтағы сатушылар саны сұраныс және ұсыныс қисықтарының екеуінде де кездеседі.
Сұрақ Тақтада көріп отырғандай мына Е D,S
таңба нені білдіреді ?
Жауап: сұраныс және ұсыныстың икемділігік коэффициентін (price elasticity of demand) білдіреді
Сұрақ: Сұраныс және ұсыныстың икемділігі дегенімізді қалай түсінесің?
Жауап: Берілген өнімнің бағасының 1 пайызға өзгергенде , сұраныс көлемі қанша пайызға өзгеретіндігін білдіреді.
Жауап:
Еd>1 сұраныс және ұсыныс , икемді
Ed<1 сұраныс және ұсыныс, икемсіз
Ed=1 икемділгі бірге тең
Семантикалық картадан табамыз:
«Есепті тексеру»
Тауардың бағасы 50 теңгеден 70 теңгеге өскен кезде оған сұраныс 500 адамнан 400 адамға қысқарады. 50 теңге кезінде сұраныс икемді ме?
Шешуі:
Сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті формуласы бойынша
Е=
Жауабы:
Сұраныс икемді емес.
Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізгі қорлармен де тығыз байланысты.Негізгі қорлар- өндіріс және қызмет көрсету түрлерінің жалпы Қазақстанның түрлі салаларында жүзеге асырылады. экономика салаларының потенциалдық мүмкіндіктерін сипаттауда қолданылады
Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы: Негізгі қорлар есебі
Сабақтың мақсаты: Білімгерлерге негізгі қорлар туралы мағлұмат бере отырып экономикалық пайымдарын арттыру.
Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізгі қорлармен де тығыз байланысты.Негізгі қорлар- өндіріс және қызмет көрсету түрлерінің жалпы Қазақстандық түрлі салаларында жүзеге асырылады. экономика салаларының потенциалдық мүмкіндіктерін сипаттауда қолданылады.
Негізгі қорлар деп — Өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатынасатын заттай және заттай нысаны жоқ игіліктерді айтамыз.
Негізгі қорлар құндары жыл сайын кеміп, ақшалай түрде есептеліп дайын өнімге өз құнын ауыстырып отырады. Мысалға: тастан соғылған өндірістік үйлер 50 жыл, машиналар- 10-12 жыл, майда құралдар 2-4 жыл жұмыс істеуі мүмкін. Кәсіпкер темір жонатын станокты сатып алуға 100 мың теңгені жұмсады және ол 10 жыл жұмыс істейді деп алады делік. Сондықтан станок дайын өнімдерге жыл сайын 1/10 өз құнын ауыстырып отырады. Бұл ақшалай 10 мың теңге .
Негізгі қордың типтік жіктелуі, төмендегідей болып келеді:
— ғимараттар.
— құрылыстар;
— машиналар мен қондырғылар;
— приборлар, құрылғылар және лабораториялық жабдықтар;
— есептеуіш техника;
— көлік құралдар
— қаржылар
-түрлі қаржылық операциялар
Заттық құрамына қарай негізгі күралдар мүліктік және мүліктік емес болып белінеді. Мүліктікке (заттай) керінісі бар, яғни санауға және елшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады
Негізгі қорлар төмендегі әдістермен есептеледі
-
Ағымды құн —бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
-
Баланстық құн —жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
-
Амортизацияланған құн. Бастапқы қүны мен жою құнының арасындағы айырма Біз бүгін амортизацияланған құнға тоқталамыз.
-
Амортизаиия – (латынның өтеу )сөзінен шыққан. Негізгі қорлардын физикалык және моральдық тозуының каржылай көрініс табуы
А = Бқ –Жқ
Өб
А- амортизация мөлшері
Бқ- бастапқы құны
Жқ- жойылу құны
Өб- өнім өңдеуге бейімділігі
-
Ескеретін жағдай, негізгі құралдардың ішінде мына төменгі аталғанғандарға амортизация есептелмейді: жерге, кітапхана қорына, фильм қорларына, архитектуралық және өнер ескерткіштеріне, өнімді малдарға, музейлік заттарға, көлік жолына.
«Ой сергіту»
Мысалы:
2012ж мамыр айында құны 240000 теңгелік станок техникалық төлқұжатқа сәйкес 6000 бейім өңдеуге бейім, жойылу құны 18000теңге
Шешуі
Амортизация мөлшері бір бұйымға 240000-18000= 37теңге
6000
Осы айда 45дана бұйым жасалды , онда амортизация сомасы :
Мамыр: 45дана х 37тенге = 1665т
Маусым: 52дана х 37т =1924теңге
Шілде: 48дана х 37т = 1776теңге
Есеп :
Қаңтар айында іске қосылған бастапқы құны 360000теңгелік станок 8000 бұйым өңдеуге бейім , жойылу құны 16000теңге . Осы айда 50дана бұйым шығарылды.
Табу керек:
Бір бұйымға келетін амортизация мөлшерін:
Қаңтар айындағы амортизация сомасын :
Шешімі :
360000-16000=43т (бір бұйымға келетін амортизация мөлшері)
8000
43т х 50дана= 2150 (қаңтар айындағы аморт-я сомасы)
Суреттер сөйлейді
Қорытынды:
Сұрақ:Білімгерлер негізгі қорлар деп нені айтамыз?
Жауап: Өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатынасатын заттай және заттай нысаны жоқ игіліктерді айтамыз.
СұрақАмортизация ұғымын түсіндір?
Жауап: Амортизаиия – (латынның өтеу )сөзінен шыққан. Негізгі қорлардын физикалык және моральдық тозуының каржылай көрініс табуы
Сұрақ Негізгі қорларды есептеудің қанша әдісі бар?
Жауап: Негізгі қорлар төмендегі әдістермен есептеледі
-
Ағымды құн —бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
-
Баланстық құн —жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
-
Амортизацияланған құн. Бастапқы қүны мен жою құнының арасындағы айырма Біз бүгін амортизацияланған құнға тоқталамыз.
Карточкалар таратамын.
Сонымен білімгерлер сабақты қорыта айтқанда негізгі қорлар қоғамымыздың, экономикамыздың біздің ажырамас құндылықтар жиынтығы екенін түсіндік. Біз негізгі қорлардың қалған әдістеріне келесі сабақтарда тоқталамыз. Бүгіндікке тақырыбымыз аяқталды.
Бағалау
Үйге тапсырма : лекция оқып келу.
[bws_related_posts]