Басы » Математика » Функцияның кестемен берілуі (Презентация)

Функцияның кестемен берілуі (Презентация)

Павлодарская облысы
Ертіс ауданы
Голубовка ауылы
Абай атындағы орта мектебі
Серикпаева Кымбат Тюлегеновна
мәтематика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:   Функцияның кестемен берілуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсат: Оқушылар кестемен берілген функционалдық тәуелділікті түсіндіру, функционалдық тәуелділікті кестеге толтыруын үйрету;
Дамытушылық мақсат: Оқушылардың білімділік дағдыларын қалыптастыру, аргументнің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табуды және функцияның мәніне сәйкес аргументнің мәнін табуды үйрену
Тәрбиелік мақсат:  Оқушыларды өзара көмекке үйрету, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі:        сұрақ — жауап
Сабақтың көрнекілігі:       карточкалар, сөзжұмбақ
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а)  Сәлемдесу    ә)  Оқушылар тізімін тексеру   б)  Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім білім бе?!
— Саламатсыздар ма, ұстаздар
Саламатсыз ба балалар
Бүгін біз жаңа тақырып өтуге бастаймыз, бірақ та біздің бүгінгі сабағы ерекше
Бүгінгі конағы да ерекше. Бүгін бізге келді  Микки Маусс және Поночка
ІІІ. Ұй жұмысын тексеру
(карточкалар тарату)
№1-                  Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
№2-                  Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
№3-                  Осьтік симметриялы фигураларға мысалдар келтіріңдер.
№4Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. 
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
№5ОХ осі қалай аталады?  (абсцисса)
ІІ Жаңа сабақ
Функция кестемен берілгенде аргумент пен оған сәйкес функцияның мәндері кестеде көрсетіледі. Функция кестемен берілгенде аргументтің мәндері бір қатарға жазылса, әр мәнге сәйкес функцияның мәні екінші қатарға жазылады. Функция кестемен берілгенде көбінесе аргументтің мәндері белгілі бір тұрақты қадаммен алынады.

Кестенің қадам — кестедегі аргументтің катар тұрған екі мәнінің айырмасы.

Уақыт,  1(сағат) 2 4 6 8 10 12 14 16 18 20 22 24
Температура,1°С -3 -2 0 1 2 3 4 3 2 1 -1 -2

Тәулік бойындағы ауа температурасының өзгерісі:

 

 

Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

     №1. Уақыттың сағатпен берілген мәндерін минут есебімен, секунд есебімен тауып, кестені толтырыңдар:

 

Сағат есебімен 1 2 3 5 10 15 20 30
Минут есебімен
Секунд есебімен

Сергіту сәті:

Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
5.  Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

 

 Кітаппен жұмысы:

№1287 бет 300

Функция у=3х+1  формуласымен берілген. Кестені дәптерге көшіріп алып, , оны толтырыңдар:

Х -2 -1 0 1 2 3 4
У -5 -2 1 4 7 10 13

Тақтамен жұмыс

№2. Теплоход 120 км қашықтықтығы айлаққа ағыспен жүзіп келеді. Теплоходтың өзінің жылдамдығы 3 км/сағ. Теплоход t сағ – тан айлақтан қашықтығын ( километр есебімен)

d  әрпімен белгілеп, кестені толтырыңдар:

t (сағ) 0 1 2 3 4 5
S (км)

1)    Теплоход айлаққа неше сағатта жетті?

2)    Теплоход неше сағаттан соң айлақтан 72 км қашықтықта болды?

3)    Теплоход 4 сағ – тан соң айлақтан неше километр қашықтықта болды?

Қосымша тапсырма

№1290

Кестедегі бос орындарды толтырыңдар:

Аргумент, х 1 2 3 4 5 6 7
Функция,у 1 4 9 16 25 36 49

Кесте бойынша   берілген  функцияны  формуламен жазыңдар.

Кестедегі у-тің   мәндерін   тауып, бос орындарды толтырыңдар.

ІV. Сабақты бекіту кезеңі:

  1. Функция кестемен қалай беріледі?
  2. Кестенің қадамы деген не?
  3. Аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін қалай табамыз?

V. Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

VІ. Үй жұмысы: №1291, №1292,

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *