Талдықорған қаласы
№14 орта мектеп-гимназиясының
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Мағзамбаева Салтанат Дүйсембековна
Сабақтың тақырыбы: Баскетбол. Допты алып жүру
Сабақтың мақсаты: Допты алып жүрудің әдіс-тәсілдерін үйрету
Сабақтың міндеттері:
- 1. Білімділік: Допты алып жүрудің әдіс- тәсілін үйрету, түсіндіру, айту.
- 2. Сауықтыру: Оқушылардың аяқ, қол бұлшық еттерін дамыту.
- 3. Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың өтетін орны: спорт зал
Қолданылатын құрал жабдықтар: ысқырық, секундомер, баскетбол добы.
р/с | Сабақтың мазмұны | Уақы-
ты |
Әдістеме-
лік нұсқау |
Ескертулер |
1 | Кіріспе бөлім
Сыныпты сапқа тұрғызу, сәлемдесу,тізім бойынша тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын түсіндіру. Саптағы бұрылу жаттығулары: сап түзел, тік тұр, оңға бұрыл, солға бұрыл,айнал командаларын орындау. Жүгіру жаттығуларын орындау, спорт залды айналып жылдамдыққа жүгіру жайжүріспен жүгіру, жалпы дамыту жаттығуларын орындау. 1 . Қол белде басты 4-санға оңға, 4-санға солға айналдырамыз. 2 . Қол иықта 4-санымен алдыға, 4- санымен қолымызды артқа айналдырамыз. 3 . Оң қол жоғарыда сол қол төменде сермейміз. 4 . Қол белде 2-санға солға 2-санға оңға иілу жаттығулары. 5 . Сол қол белде оң қол жоғарыда 2-санға оңға 2-санға солға иілеміз. 6 .Алдыға иіліп сол аяққа, ортаға, оң аяққа тізені бүкпей қолымызды жеткіземіз. 7 .15-рет отырып тұру. 8 . 1- екі қол жоғарыда, 2-алдыға иіліп еңкейеміз, 3-отырамыз, 4-тұрамыз. |
10 – 12
минут |
Боймен тік тұру,
мұқият тыңдау, саты бұзбау
Денені түзу ұстау |
Сапта тыныштық сақтау
Тапсырманы дұрыс орындау
Сөйлеспеу
Алыспау
Тізені бүкпеу
|
2 | Негізгі бөлім
Баскетбол добын алып жүрудің әдіс-тәсілін үйрету. Оқушыларды екі командаға бөліп екі оқушы допты еденге бір қолмен соғу арқылы, қарсылас балаға беру. Екі командадағы оқушылар жарысып кезекпен допты еденге соғып, себетке тастау. Оқушларды үш командаға бөліп, баскетбол ойын ережесімен ойнату |
30 минут |
Ережелерді сақтау
Дұрыс ойнау |
Сапта тыныштық сақтау
|
3 | Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу,сабақта белсенділік білдіргені үшін оқушыларға баға қою. Үйге тапсырма беру. Сыныппен қоштасу. |
3 – 5
минут |
Сапта тік тұру,қате жасаған оқушының қатесін түсіндіріп айту
Үйге тапсырма беру. |
[bws_related_posts]