Басы » Tәрбие сағаттары » Мемлекет рәміздер – ұлттық мақтаныш

Мемлекет рәміздер – ұлттық мақтаныш

gossimvolАтырау облысы, Құрманғазы ауданы.
Приморье селосы
Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебі
Мектеп психологы
Жақсылықова Роза Бахтығалиқызы
Сабақтың тақырыбы: « Мемлекет рәміздер – ұлттық мақтаныш »
Мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау.
2.Тәрбиелік:Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін, ой-өрісін кеңейту, сана-сезімдерін Отанды сүю, халқының тегін,тарихын білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық:Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін естеріне қайта түсіру. Одан әрі дамыту бағытында түрлі сұрақтар беру арқылы ой-өрісін дамыту.
Әдісі: Пікірталас, әдеби-монтаж,
Көрнекілігі: ҚР мемлекеттік рәміздері, тақырыпқа сай бүктемелер, кітаптар
С а б а қ т ы ң ж ү р у б а р ы с ы :
І.Кіріспе бөлім.
Мұғалім: Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсысында да мемлекеттігінің белгісі-рәміздері бар.
Тәуелсіз мемлекет – егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігі мен қатар бірқатар шарттары, басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып, тұратын айрықша мәнділер – Елтаңба, Ту және Әнұран. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес тәуелсіз бола алмайды.
— Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Оқушылар: Қазақстан Республикасы – егеменді ,тәуелсіз мемлекет, демократиялы мемлекет, зайырлы мемлекет, құқықтық мемлекет және әлеуметтік мемлекет.
ІІ. Әдеби — монтаж (оқушылар белгілі ақын-жазушылардың өлеңдерінен үзінді оқиды.)
1.С.Мәуленов. « Менің Республикам »
2. Ж.Молдағалиев. « Мен қазақпын »
3. М.Мақатаев. «Үш бақытым »
4.Ф.Оңғарсынова. «О,Туған жер »
ІІІ. «Ғасырмен сұхбат»(сөз кезегі оқушыларда) слайд
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты басынан кешіргенін білдік. Бұлардың барлығы тек тәуелсіздік, егемендік үшін жанталасты. Туған жердің даңқын көкке өрлеткен батырларымызда аз болмапты.
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған » демекші, олар өлген жоқ, мәңгі бізбен бірге жасай береді.
Өткенді ұмытуға бола ма?
М.Әлімбаев: «Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті » деген, өткенді білу,есте сақтау әрқашан парызымыз.
ІV. «Тәуелсіз ел — Қазақстан»
— Балалар , Желтоқсан оқиғасынан кейін біз қандай күнге жеттік ?
— Өз тәуелсіздігімізді алдық, егемен ел болдық.
— Бұл қай күн еді ?
— Тәуелсіздік таңы бүгінде нелерімізді жаңғыртты ?
— Өшкен тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді.Өз елбасымызды сайладық.
— Қасиетті Ата Заңымызды қабылдадық, төл теңгеміз дүниеге келді. Қасиетті тіліміз қайта оралды.
— Егемендігіміздің айғағы неде ?
— Аспан түстес Көк байрағымыз, еңселі Елтаңбамыз, айбарлы Әнұранымыз.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары:
Шот-Аман Уалиханов Жандарбек Мәлібеков
Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элементі – шаңырақ.
Шаңырақ – отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны.
Түндік көк аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді.
Уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәулелерін еске салады.
Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты-біздің ортақ үйімізді сақтайды.
Алтын жұлдыз – биік ойлар бейнесі.
Оқушы: Мен – Қазақстанмын!
Болашаққа сәлемін жолдайтұғын,
Қырандай қос қанатын қомдайтұғын.
Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын,
Тұғырын саф алтыннан сомдайтұғын.
Мен –Қазақстанмын!
Бабалар намысымын,
Байтақ елмін игілік, табысы мың!
2030-мәресі әйгілейтін
Азияның айбарлы барысымын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы:
Шәкен Ниязбеков
1992 жылы 4 маусымда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі сөнбесін» деген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, қыран бейнелеген тік төртбұрышты көгілдір түсті мата.
Туымыздың көк теңбіл аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – халқымыздың азаттық күні, ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр.
Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған.Күн шұғыласы, қыран және өрнек бейнелері алтын түстес.
Оқушы: Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап қалды ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары:
Сөзін жазғандар: Әнінің авторы:

Ж.Нәжімеденов Н.Назарбаев Ш.Қалдаяқов
Оқушы: Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағыннан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта.
Кім айта алар,
Болмаған деп — Әнұран ?!
V. « Түйін»
-Балалар ,өткенімізге, бүгінімізге тоқталып өттік.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік.Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» деген.
Оқушы: Әрбір азамат Қазақстанның Туын,Елтаңбасын, Әнұранын, тұмардай қасиет тұтуы керек. «Еліміздің сыналатын бір тұсы осы» деген терең тебіреніске толы арнау сөзін қазақ елінде тұратын және өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түпкірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы қажет.
Оқушы:Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Құрметті құрбылар, елім,жерім,Отаным десең Елтаңба,Әнұран, Туды құрметте!
Биікте ұста!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *