Басы » Кембридж бағдарламасы » Рефлекциялық күнделік

Рефлекциялық күнделік

Құрметті sabaq.kz сайтының оқырмандары, қадірменді ұстаздар соңғы екі жыл көлемінде елімізде ұстаздарды жаңа форматтағы курс деп жатамыз Кембридж бағдарламасымен оқыту жүріп жатыр. Осы курс бойында әр мұғалім рефлексивтік күнделік жазады. Бүгін осы курсты тамамдаған әріптестеріңіз Семей қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінің Бастауыш сынып мұғалімі
Нұғыспанова Шынар Төлеқызының рефлексиялық күнделігін ұсынып отырмыз. Мақсатымыз курс оқып жүрген немесе жалпы осы әдісті меңгерем деген ұстаздарға арналады.

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер

(теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

1-апта

03.03.2014

Кіріспе: Оқыту және оқудағы әдістерді өзгерту. Топтық жұмыс. Оқытудың 7 модулін білу.

Жеке танысу,

Жұптық танысу,

Топтық танысу.

3- айлық біліктілікті арттыру курсының мақсат, міндеттерімен таныстым. Топтағы әріптестеріммен, тренермен таныстым. Курстың деңгейлерін, оқытудың 7модулін,ЭЫДҰ-ны танып білдім. Мінсіз оқушы туралы білдім. Ұшу аппаратын жасау арқылы дұрыс мақсат қою мен дұрыс ойлауды білдім. Бұл курстың біз үшін, яғни мұғалім үшін өте пайдалы әрі қажет екенін білдім. «Мен өзімнің ештеңе білмейтінімді білемін» деген Сократтың сөзін басшылыққа алып, барлық қиындыққа мойымай, жеңіп, жаңашыл ұстаз боламын деп алдыма мақсат қойдым. Білім жетілдіретін мекеме-Педагогикалық шеберлік орталығы, Кембридж тәсілі,құзіреттілік- тұлғаның бойында білім, дағды, іскерліктің болуы, Көшбасшылық-оқушының эмоционалдық-өнегелік сауаттылығы, жан-жақты дамуы. Оқытудың 7 модулі, 6 баспалдақ, Шульман ілімі: «Мұғалімнің үш көмекшісі», Пажарес-оқыту стилін таңдау: ұстаным, көзқарас, шешім, іс-әрекет. Әңгіме, байланыс,бірлескен жұмыс, контент, пайдалану ыңғайлылығы, бақылау және тұтынушылар контентін құру мүмкіндігі. Әрине, үрей де бар, бірақ барлығына шыдап, мойымай жеңіске жетем деген үмітім басым.

 

 

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер(теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

1-апта

04.03.2014

«Оқытуды басқару және көшбасшылық»

Көшбасшы кодексін құрастырдық.

Мәдениет деген сөздің мағынасын ашып,талдадық.

Құмырсқаның әрекеті арқылы «көшбасшы» ұғымымен  таныстым. Мәдениет сөзінің мағынасын тереңінен түсіндім.Балабидің сөзін естіп, өзіме жазып алдым. Әртүрлі топтық ойындармен танысып, топпен ойнадық. Орыс тілі сабағында түсірілген бейнероликті тамашалап, талдау жасадық. Бүгінгі өткен тақырып бойынша өзіме көп мағлұмат алдым. Топқа бөліну түрлерімен танысып, өз тәжірибемде қолданам деп алдыма мақсат еттім. Көшбасшы – көшті бастаушы, басқарушы. Қасындағыларды әртүрлі қиындықтардан алып шығушы. Қазіргі мұғалім дирижер ролінде. Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Мәдениет — әлеуметтік фактор. Қазіргі мұғалім 20% ғана сөйлеуі тиіс. Макбет « Іс-әрекеттегі бөлінген көшбасшылық» проблемасын зерттеді.Элмор: «жауапкершілік саясаты мықты мектеп жүйесінде көшбасшылық- тәжірибені жетілдіру құралы болып табылады» деп есептейді. Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА), Зерттеу сабағы, Инклюзивті оқыту, Конвергентті/ репродуктивті ойлау (КО), Коучинг. Кешегі күнге қарағанда кішкене үйреніп, біраз мағлұматтар алдым.

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті? Мен не білдім, не түсіндім? Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс Мынаны есте сақтау керек Рефлексия
Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал) Зерттеушілер, фактілер, цифрлар Глоссарий
1-апта

05.03.2014

«Коучинг»

Көшбасшы кодексін құрастырдық.

Мәдениет деген сөздің мағынасын ашып,талдадық.

Коучинг ұғымымен танысып, топпен ойнадық. Коучингідегі дағдылар, сұрақтың түрлері туралы мағлұмат алдық.Б.М.Тепловтың Сөйлеу мәдениеті туралы сөзін жазып алдық. Бүгінгі өткен тақырып бойынша өзіме көп мағлұмат алдым. Өмір рецепті, ми туралы слайд, сергіту сәттерін жасап, өз іс-тәжірибемде қолданам деп мақсат қойдым. Коучинг-үйренуге жаттықтырушы, бағыт беруші. Егер кедергіден дұрыс өте алмаса Қазіргі мұғалім 20% ғана сөйлеуі тиіс. Макбет « Іс-әрекеттегі бөлінген көшбасшылық» проблемасын зерттеді.Элмор: «жауапкершілік саясаты мықты мектеп жүйесінде көшбасшылық- тәжірибені жетілдіру құралы болып табылады» деп есептейді. Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА), Зерттеу сабағы, Инклюзивті оқыту, Конвергентті/ репродуктивті ойлау (КО), Коучинг. Кешегі күнге қарағанда кішкене үйреніп, біраз мағлұматтар алдым.

 

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

1-апта

06.03.2014

«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту»

Әр топқа оқушы сипаттамасы туралы тапсырма берілді, оқып талдау жүргіздік. Біздің топ оқудағы гуманистік тәсілді талдадық.

 

Оқушылардың оқуына әсер ететін факторлар кестесін құрдық. Оқу пирамидасымен таныстық. Бүгінгі өткен тақырып бойынша  көп нәрсе үйрендім. Оқуда кездесетін қиындықтар туралы талдап, оны шешу жолдарын талқыладық. Метасана-баланың қалай оқу керектігін үйренудегі қалыптасу. Пайымдау- болжау.Талант туа бітеді, дарындылық еңбекпен келеді. Оқудағы гуманистік тәсілдің негізін салушылар-Маслоу мен Роджерс. ЖАДА-  Выготский. Бихевиоризмнің негізін салушы, «түрткі-реакция» моделін әзірлеген Дж.Б.Уотсон Креативтілік-жасампаз, шығаррмашыл. Креативті үдеріс-негізгі 4сипаттамасы бар. Критериалды бағалау-жиынтық және қалыптастырушы. Қалыптастырушы бағалау-оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді. Кешегі күнге қарағанда кішкене үйреніп, біраз мағлұматтар алдым.

 

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

1-апта

07.03.2014

«Инклюзивті оқыту. Өзара әрекет ету үдерісін қадағалау»

Мүгедек жандардың өмірі туралы видеоролик тамашаладық.

 

Инклюзивті оқыту жайында көп мағлұмат алдым. Коммуникативті дағдыларды жетілдіру арқылы инклюзивтікке қол жеткізуге болатындығына көз жеткіздік. Психология профессоры Михай Чиксентмихай туралы тыңдаушының дайындаған бейнематериалын көрдік.

 

Бүгінгі өткен тақырып бойынша  көп нәрсе үйрендім. Инклюзивті оқытуды түсіне отырып, өзімді өзгертем деп шештім. Инклюзивті оқыту-білім алу барлығына қолжетімді деген қағидатқа негізделген оқыту. Оқушыларда «өзіндік мақсатты» қалыптастыру-М.Чиксентмихай. Өзіндік «Мен» тұжырымдамасы-Карл Роджерс. «Мен» тұжырымдамасының компоненттері-Бандура 2001жыл. Құндылықтар-баянды, мызғымас негізгі ішкі қағидаттар мен стандарттар. Метатану- «Таным туралы таным» деп анықталады. Метатану стратегиялары-алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына бағытталған басқару түріндегі әдістер.

МЖДЖ

Кешегі күнге қарағанда кішкене үйреніп, біраз мағлұматтар алдым.

 

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

1-апта

қорытындысы

Кіріспе: «Оқыту және оқудағы әдістерді өзгерту» «Оқытуды басқару және көшбасшылық»

«Коучинг»

«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту»

«Инклюзивті оқыту. Өзара әрекет ету үдерісін қадағалау»

 

Мұғалім нліктен өзгеруі керек? Мінсіз оқушы сипаты. Оқудағы әдістер, қиындықтар және оларды шешу жолдары, көшбасшылық, коучинг ұғымдарымен, инклюзивті оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту түрлері жайлы көп мағлұмат алдым. Әртүрлі 5елдегі мінсіз оқушының сипаттамасы туралы білдік.

 

Бүгінгі өткен тақырып бойынша  көп нәрсе үйрендім. Инклюзивті оқытуды түсіне отырып, өзімді өзгертем деп шештім. Мәдениет, коучинг, тәлімгер,  метасана, көшбасшы, метатану, пайымдау, сократтық әдіс, Lesson study, мнемоника, тұрақтылық, сияқты терминдермен таныстық. Сократ, Пиаже, Выготский, Пажарес, Шульман, Макбет, Маслоу, Роджерс, Бандура, Чиксентмихай, Блум,Хаген, Хейл, Флейвелл, Кохлберг, Монтесори, Малли. Дарындылық- қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. ЖАДА Л.Выготский енгізген ұғым. Инклюзивті оқыту-білім алу барысында қол жетімді деген қағидаға негізделген оқыту. Коучинг- сөзбе сөз дайындау, жаттықтыру. Метатану- «Таным туралы таным» деп анықталады. Рефлексия- өткенге жүгіну. Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады. 1аптаның ішінде өте көп құнды деректермен танысып, іс-тәжірибе жинақтадым. Айтылған әрбір пікір құнды екенін түсіндім.

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

2-апта

11.03.2014

«Оқушыларға оқудағы кедергілерді жеңуге қалай көмектесу керектігі мәселелері»

Оқыту стратегияларымен таныстық.

Тұжырымдамалық карта жайлы танысып білдік. Оқыту және оқу салаларымен таныстық. 4түрлі видеоролик коріп, оларды талдадық. Бүгінгі сабақтан көп қажетті мағлұматтар алдым. Мұғалім неліктен өзгереді деген сұраққа жауап тапқандай болдым.Менде өзімді өзгертем деп ойлаймын. Оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым терминдерін оқыдық. Тұрақтылық сөзін білдік, оның ережесімен таныстық. О’Малли 1985 жылы  оқудың  үш стратегиясын атап  көрсетті. Марта Бронсон (2000) мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік реттелуінің үлгісін жасады. Выготский бойынша барлық оқытулар әлеуметтік мәнмәтіннен басталады.

Дайана Халперн

Құндылықтар-баянды, мызғымас негізгі ішкі қағидаттар мен стандарттар. Метатану- «Таным туралы таным» деп анықталады. Метатану стратегиялары-алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына бағытталған басқару түріндегі әдістер.

МЖДЖ

Күннен күнге білімімді шыңдап, көп нәрсе үйрену үстіндемін.

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

2-апта

12.03.2014

«Диалогтік оқыту»

«Топтық әңгіменің түрлері» Әңгіменің 3 түрі бойынша топтық тапсырмалар орындап, талдадық.  Видеороликтер тамашалап, әрбір тыңдаушы өздерінің құнды пікірлерін айтты.

Әңгіменің 3 түрі бар: Әңгіме – дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме.Есте сақтаудың 2түрімен таныстық. Олар: ойланбай есте сақтау, мәнісін түсініп есте сақтау. 149162536496481100 сандарын жазып, қалай есте сақтау керектігін білдік. «Сыйқырлы шаршыларды» толтырдық. Сөйлеу-адамның тілдік амалдар арқылы пікір білдіруі. Бүгінгі өтілген тақырып бойынша өте жақсы мағлұматтар алып, керемет әсерде болдым. Келешекте өз тәжірибемде осы алған білімді қолданам деп сенім білдіремін. Есте сақтау-жадында тұту, сөйлеу, ойлау- ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарын сәулелендіретін, миымызда жалпылай жанама сөз арқылы бейнеленетін процесс.  Диалогтік оқыту-, «мұғалім- оқушы», «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдісі. Диалогтік оқыту-Мерсер, Литлтон (2007), Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Алексакндер (2008)диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Зерттеу сабағы-оқытуды жетілдірудің ерекше тәсілі. Өзара білім алуға көмектесетін диалогтік оқыту-мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны меңгеруі. Шынайы сынып-іс жүзінде бар, жұмыс істеп жатқан сынып. Рефлексия-субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. Күннен күнге білімімді шыңдап, көп нәрсе үйрену үстіндемін.  Алар асуымыз әлі де алда.

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

2-апта

13.03.2014

«Сыни тұрғыдан ойлау»

Балауыз шамның жануын зерттедік, оған экологиялық зерттеу жүргіздік. Бір қолмен қағазды умаждап, екінші қолмен оны жазғанда бәрібір бұрынғыдай тегіс болмайды. (Оқушыға ашумен берген білім бәрібір баланың көңілінде қалады)

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдарымен таныстық. 1. Ақылдың алты қалпағы. 2. «Дананың кілттері»  3.Сананың әдеттері  4. Жауап беруді талап ететін сұрақтарды жазу 5. Ойлау карталары  6.Блум таксономиясы  7. ТНАОҚ 8. Ойлау бутерброды.

6 ойлау шляпасымен таныстық.

Интер тақтадан Алматының әсем көрінісін тамашалап, суретті сөйлеттік.

Бүгінгі өтілген тақырып бойынша өте жақсы мағлұматтар алып, керемет әсерде болдым. Келешекте өз тәжірибемде осы алған білімді қолданам деп сенім білдіремін. Сын тұрғысынан ойлау-қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі. Ойлау бутерброды- бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру. Джон Дьюи, Эдвард Глейзер (941)сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элемеенттен тұратындығын болжады.Блум таксономиясы (1956) Конвергентті/ репродуктивтік ойлау, Креативтілік, Рефлексия, Сын тұрғысынан ойлау. Күннен күнге білімімді шыңдап, көп нәрсе үйрену үстіндемін.  Алар асуымыз әлі де алда.

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс.

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар.

Глоссарий

2-апта

14.03.2014

«Бағалау»

 

Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдарымен таныстық. Сананың әдеттері, ойлау карталары,ТНАОҚ, Дананың кілттері, ойлау бутерброды, оқытудың жеке тұлғаға бағытталуының он тәсілі туралы мағлұмат алдық. Топпен көлік түрлері бойынша постер құрастырып қорғадық. Бүгінгі сабақта өткен материалдар бойынша маған қатты ұнағаны ақылдың алты қалпағы болды. Оны сабақтарымда қолданудың пайдасы өте көп екенін түсіндім. Матемаика- білуге қажетті деректер, ұғымдар мен тәртіптер жиынтығы.

Ойлау бутерброды- ойлау үдерістерін басқару стратегиясы.

ТНАОҚ- тікелей назар аударуға арналған ойлау құралы, Эдвард де Боно ойлап шығарған.

Доктор Кристианна Алгер дұрыс қойылған сұрақтар сыныптың сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыра алады деп пайымдайды. Ертеде, өте ертеде, 100 жылдан бұрын, 100-50 жыл бұрын, 50-25 жыл бұрын, 25 жыл болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді. Жиынтық бағалау- оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару. Ақылдың алты қалпағын іс-әрекет барысында пайдалану арқылы өте үлкен әсер алдым. Келешекте сабақтарымда алты қалпақты пайдаланам деп алдыма мақсат қойдым.

 

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

2-апта

15.03.2014

«Оқу үшін және оқытуды бағалау»

Әріптесім Гаухардың өткізген коучингісі бағалау туралы тақырыпты кеңінен түсінуіме көп әсерін тигізді.

Қазақстан жолы – 2050. «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауымен таныстық. Қасымыздағы көршіміздің соткасын зерттеу арқылы бағаладық. «Мұғалімдердің шығармашылық үйінің» макетін құрастырдық. Бақылау парағын толтырдық. Бағалау туралы Гаухар өткізген коучингпен таныстық. Бағалаудың түрлерімен таныса отырып, сабақта оқушыларды бағалауда көп қажеттілігі бар екенін ұқтым. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, вербальді, вербальді емес бағалауды ажырата алтын болдым. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретінін білдім. Бағалау-оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бағалау термині жақын отыру дегенді білдіреді. Интерпретация-логикалық қорытынды. Бағалаудың негізгі мақсаттары: оқудағы қиындықтарды анықтау, кері байланыс, уәж, болжау және сұрыптау, стандартты бақылау және орындау, оқыту бағдарламасының мазмұны мен стилін бақылау. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Критериалды бағалаудың екі түрі бар: жиынтық және қалыптастырушы. Қалыптастырушы бағалау-мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Сабақ өте тартымды, қызықты әрі түсінікті өтті. Бүгінгі сабақтан өзіме көп нәрсе алдым.

 

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

3-апта

17.03.2014

«АКТ-мен жұмыс істеу»

 

«Дарынды балалармен жұмыс»

Тек қана 2007 , 2010 жылғы бағдарламалармен жұмыс істеу керектігін білдім.Pover Point бағдарламасымен жұмыс істеуді, Movie Maker-мен слайд жасауды үйрендім. АКТ-ны сабақтарымда қолданудың өте тиімді екенін түсіндім. Келешекте барлық сабақтарымда қолданам деп алдыма мақсат қойдым. Оқыту мен оқудағы интерактивті әдіс, бұл сабақ барысындағы оқушы –оқушы, оқушы-мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі әрекеттер. Джозеф Ренцулли 1978 жылы дарындылардың негізгі 3 тобын анықтады.  Г.Гарднер 2006 жылы зияттың 8 түрін анықтады. Презентация жасауды меңгеріп алдым, енді сабақтарымда кеңінен, еркін қолданам деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

3-апта

18.03.2014

«Талантты және дарынды балаларды оқыту»

Дарынды балалар туралы (Жансая, Еркеш, Жамбыл, Настя, Аким, т.б.) видеороликтер көріп, дарынды балалардың білімін шыңдау керектігін түсіндім.

Дарындылық -таланттық; қызметіндегі ұлы жетістіктер үшін қажетті ішкі шарттардың бірі. Дарынды балалар эмоцияға жақын келедіөзіндік әзілі бар. Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие.Дарынды және талантыт оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дарынды балалар туралы көрген видеороликтер маған қатты әсер етті. Дарынды балаларды анықтаған соң оларға қандай да бір жағдай жасап, олардың  дарынын ары қарай дамытып, оларды көтеріп, алға қарай  жетелеу керек деп түсіндім. Дарындылық — адам мүмкіндіктерінің кеңдігі мен қызмет өзіндігін айқындайтын жалпы қабілеттер немесе қабілеттердің жалпы сәттері. Дарынды балалар — өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік т.б.) балалар. Дж. Ренцулли дарындылықтың 3 тобын анықтады. Макэлпайн мен Рид  1996 жылы дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін ұсынды.         Фриман 1998 жылы дарынды және талантты балаларды анықтауда критерилерді қолдануға болады деді. Дарындылық- қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Ол  да қабілеттілік сияқты туа бітпейді, ол дамуда болады. Дарынды балаларды оқыту, қолдау туралы ойымды өзгерттім. Оларға қолдау көрсетіп, қолпаштау керектігін түсініп, көзқарасымды өзгертем деп шештім.

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

3-апта

19.03.2014

«Орта мерзімді жоспар» Сабақ кезінде тізбектелген сабақтарға орта мерзімді жоспар құруды үйрендік.

 

Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын қолдану нәтижесінде оқушылар оқытудағы жаңа тәсілдерді, топта жұмыс істеуді, өз бетінше ізденуді, сыни тұрғыдан ойлануды, сұрақ қоюды, қорытынды жасауды үйрену керектігіне, өзін- өзі бағалау мен өзара бағалауды, өзін- өзі реттеуді жүзеге асырады. Жеті модульді ұстана жан-жақты, бәсекеге қабілетті, жұптық, топтық жұмыстарға төселген, сыни ойлай алу қабілеттері жоғары дамыған, жеке тұлға тәрбиелеп, өзім де әр сабақтарымды жүйелесем, келешекте оқушыларым да, өзім де үлкен жетістіктерге жетемін деген сенімдемін. Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты: жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы. Оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру.Әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу. Оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау. Болашақта осы жеті модуль әдіс-тәсілдеріне және Блум таксономиясына сүйене отырып, орта мерзімді жоспар құруға өзімді дағдылап, келер оқу жылында беретін сыныптарымда толық пайдаланам деп алдыма мақсат қойып отырмын.

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

3-апта

20.03.2014

«Тәлімгерлік»

«Тәлімгерлік» туралы слайд көрдік. Тәлімгердің көмегімен салфеткадан гүл жасадық. Авторлар туралы «Мен кіммін?» деп аталатын ойын ойнадық.  Тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы сұқбатты бейнетаспаға түсірдік.

Жақсы тәлімгер сын тұрғысынан ойлай білу керек. «Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз»  «Жақсы тәлімгер жақсы тренер болып табылады, пікірталас ұйымдастыруға қабілетті» «Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғарғы ақыл мәдениетіне жетуге болмайды» Тәлім алушы тәлімгерлік  тәжірибесінен өзіне керек мағлұматты  ала алады деп ойлаймын.Тәлімгерлік үрдісі арқылы өзінің педагогикалық тәжірибесіне  көп өзгеріс енгізе алады. Тәлімгерлік-ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәлім алушы арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым- қатынас құру үдерісі.Тәлімгерлік- ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін жүйелі қарым-қатынас. Тәлімгер- тәжірибесі көбірек білікті мұғалім, негізінен білім беру ұйымындағы ең үлкені. Тәлімгерлік тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған. Коучинг пен тәлімгерліктің тиімділігін қамтамасыз ету үдерісі үш негізгі мәселені қамтиды: Мәнмәтін, өзектілік, жүйелі тәлімгерлік. Тәжірибелі көмекшінің моделі (1998)1975 жылдан бері дамып келеді. Тәлімгер тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс- амлдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Бүгінгі  үйренген білімімді іс-тәжірибе жинақтау кезінде жетілдіріп, кейін ары қарай толық дамытамын деп ойлаймын.

 

 

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

3-апта

26.03.2014

«Lessonstudyәдісі»

5 мұғалім бірігіп, «Батыр Баян» поэмасы бойынша «Lesson study» өткізді. Бұл жырды «Оқжетпеске» теңеген. Оқжетпес туралы слайд көрсетті. Концептуалдық кестемен жұмыс жасадық Біз оқушы ролінде болдық. Бір мұғалім сабақ жүргізіп, қалғандары оқушыларды зерттеді.

«Lesson study» сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады. «Lesson study» мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы бірлескен тәсіл болып табылады. «Lesson studyде» ең бастысы «сабақта зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. «Lesson study» тәсілі бастапқы кезде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері- қадағалайды. «Lesson study» топтамасынан кейін топ оқыту тәсілі мен оқу бағдарламасына енгізілетін және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келіседі. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.

Макото Йошида 1999 жыл

Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған. Жаониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Канадада ойдағыдай қолданылады. «Lesson study» тәсілі-мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson study- де жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.

 

 

 

Нугуспанова Шынардың рефлексиялық күнделігі

Аптаның қай күні

Тақырыптың аты және оны түсінуге не ықпал етті?

Мен не білдім, не түсіндім?

Өз ұстанымың мен көзқарасыңдағы өзгеріс

Мынаны есте сақтау керек

Рефлексия

Негізгі түсініктер (теория, анықтама, мысал)

Зерттеушілер, фактілер, цифрлар

Глоссарий

3-апта

27.03.2014

«Іс –әрекетті зерттеу» Топқа бөлініп, іс-әрекетті зерттеу туралы талдадық. Дамыту бойынша жұмысыңыздың ықпалы болғанын қалайсыз ба? деген сұраққа жауап бердік. Мен нені өзгерткім келеді? Тәжірибемізді дамыту үшін не істеуіміз керек?  деген сұрақтарға жауап жаздық.

 

Іс-әрекеттегі зертееуге қарай жасалатын бес қадам: Міндеттеме аламыз, зерттеуді әзірлейміз, тәжірибенің мәнін түсінеміз, жаңадан бастаймыз, тәжірибені жетілдіреміз. Іс-әрекеттегі зерттеу нақты іс-әрекет қолданылатын жерде жүргізіледі. Іс-әрекеттегі зерттелуші нысан- адамның мінез-құлқы. Іс-әрекеттік зерттеулердегі тағы бір көңіл аударатын мәселе, зерттеу жүргізу тәсілдері.Менің түсінігімше, іс-әрекетті зерттеудегі мұғалімдер үшін қиындықтың тууы, біріншіден тақырыпта таңдауда. Тақырыптың өз білгеніне қатысты таңдалып алынуының жағымды да, жағымсыз тұстарын ойланып көру керек секілді. Педагогикалық іс-әрекет- адамзат әрекеттерінің барлық түрлерін қайталауға адамның өзін тұлға, жеке дара, индивид ретінде, физикалық дамыған субъект ретінде рухани тұрғыда қайталауға бағытталған, адамдардың жалғыз әрекет формасы. Психологияда іс-әрекет адамзаттың қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу үрдісіндегі қызметін сипаттайтын ұғым. Іс-әрекеттегі зерттеу деген ұғымды Курт Левин енгізген. (1946) Іс-әрекетті зерттеу әдісін түсінгеніммен практикада қолдану кезінде қиындық туғыза ма деген үрей басым. Дегенмен қиындықарды жеңуге тырысам деп ойлаймын.

2 комментария

  1. Нугуспанова шынардың рефлексиялық күнделігі ұнады.

    • Құрметті әріптестер, ұстаздар қазақ тілді интернетті соынң ішінде ұстаздарға арналған ресурстарды дамыту үшін осылай бірлесе жұмыс жасауымыз керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *