Басы » Cыныптан тыс » Қош, сүйікті әліппе!

Қош, сүйікті әліппе!

Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Бірлік ауылы
М.Мирманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Балешова Шынар

Қош, сүйікті әліппе!
Құрметті ата- аналар, ұстаздар! Бүгінгі күн ерекше күн. Өйткені бүлдіршіндеріміз тұңғыш сауатын ашқан Әліппені бітіріп қоштаспақпыз.
Әліппені бітіру-алдыңғы өмірге бастайтын белестердің бірі. Ендеше біз бүгінде сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ мереке.
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған оқушылар бүгінгі күн 42 әріптің қыр-сырын меңгеріп, Әліппе оқулығымен қоштасқалы отыр.

1-   бөлім
Алғашқы қадам.
Балалардың алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттерін еске түсіру үшін экранға назар аударайық.
(  Слайд көрсету)

Біздің сынып тамаша
Көз тоймайды қараса,
Алты қыз, алты ұл
Күнде түгел санаса
Сабақтан ешкім қалмайды
Нашар баға алмайды
Шаршамайды мұғалім
Әр бала өнер таңдайды
Бірі сүйіп спортты
Бірі сурет салады
Талабы зор балалар
Өнерден орын табады.

(Балаларды ортаға шақыру, қолдарында гүл, шар балалар келеді)

2- бөлім.  «Әліппе- білім бастауы»
Оқушылар монтажы.   (таныстыру)

Хор: Әліппе
Бар ғылымның бастауы,
Бар білімнің бастауы,
Сіз бен бізге нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан.

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Олай болса,бәрімізге ең қымбат, ең асыл- Әліппені ортаға шақырамыз!
(Әліппе келеді)

Слайд көрсету.

Оқушылардың әліппе туралы монтажы:
 
Ендеше балалар әліппеміз күтіп қалмасын. Экранға назар аударайық.
1 Үйдегі ең жақсы көретін адамымыз кімдер?
(Ана, әке, әже, ата) тақтаға жаздыру
2 Білім беретін адам? ұстаз
3 Отан дегеніміз не?

Тағы да не үйрендік балалар? Мақал –мәтелдерді кім айтады?
(Оқушылар отан, ерлік ,еңбек туралы мақал-мәтелдер айтады.)

3-бөлім. Менің –Отаным-Қазақстан
 
(Астана, рәміздер туралы слайд көрсету)
1 Біз қай мемлекетте тұрамыз?
2 Елордамыз қай қала?
3 Рәміздерді атайық
4 Елбасымыз кім?

Хор: Отан

Ана тілі:
 
Тіл дегенің көп дейді
Білсең есе кетпейді,
Бірақ, бірақ бір тіл де
Өз тіліңе жетпейді,- демекші өзіміздің ана тілімізді құрметтейік.
Бәрі:
Қуансаңыз сіз,
Қуанамыз біз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз
Ән: Санамақ

Енді басқа пәндерден алған білімдерімізді ортаға салайық
Асылымен білімнің
Амалымен біліндім
Төрт амалды қолданған
Төресімін ғылымның

Слайд көрсету
( Математика пәніне арналған тапсырмалар көрсету)
1 1-ден 10 ға дейінгі сандарды ретімен қой
2 Кестені толтыр
3 Есепте

Ән: Он саусақ
4- бөлім Бала тілі –бал.

Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен,
Арып-аршып даладан келгеніңде
Бал иісін таттырып алдайды екен,- деп Кенен Әзірбаев айтқандай сол бал-балаларымыздың тәтті қылықтарына назар аударайық:

(Слайд көрсету)
Балалардың сабақтағы қызықты оқиғаларынан үзінді көрсету

Би: Дос болайық бәріміз
(Балалардың барлығы ортаға шығып билейді)

Құрметті ата-аналар және ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі кешіміз де өз мәресіне жетті. Балалар 4 айда өз оқып білгендерін ортаға салып көрсетті. Енді әліппемен қоштасып , қолына ана тілі кітабын алып оқуларын жалғастырмақ. Сол қадамдарына сәттілік тілей отырып, кешімізді аяқтаймыз.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *