Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Бірлік ауылы
М.Мирманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Балешова Шынар
Төрлет, құтты Жаңа жыл!
Ертеңгіліктің бағдарламасы:
1. Ертеңгіліктің ашылуы.
2. Ескі жылды шығарып, жаңа жылды қарсы алу.
3. Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алу.
4. Әр сыныптың жаңа жылдық ән-жыры.
5. Жаңа жылдық костьюмдерге сыйлықтар беру.
Ертеңгіліктің жүру барысы:
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, Жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз.
Төрле-төрле Жаңа жыл!
Айтамыз тебірене жаңа жыр.
Төрле-төрле құтты жыл!
Халыққа жүрші әркез төгіп нұр.
Төрле-төрле құтты жыл!
Қуаныштан айтылады әсем жыр.
Балалардың бақытында шек болмай,
Жүректері қуаныштан толқып тұр, —
дей келе «Төрлет, құтты Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді бастау үшін сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рамазанова Зергүл Жасұланқызына беріледі.
Ән шашу: «Қош келдің,Жаңа Жыл.»
Орындайтын: Нөкешов С
Үй күтуші: (қолында сыпырғыш, ақ көйлек)
Ақ көйлегім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылда.
Үй күтуші: -Балалар, сіздер келіп қалыпсыздар ғой, ендеше ертеңгілігімізді бастаймыз ба?
Балалар: -Иә, иә, иә.
Жүргізуші: -Барлық бала бірге шыршаны айналып жүріп «Шырша жыры» әнін орындайды.
Жүргізуші: Қош келдіңіз ата-ана,
Қарсы алайық орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.
Ал тұрмайық балалар,
Әндетелік жырлайық.
Ортамызды ашайық,
Думандатып би билеп,
Інжу-маржан шашайық.
Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар.
1 оқушы: Жасыл шырша жанында,
Айнала ойнап ән саламыз.
Өзіміздің мектепте,
Жаңа жылды қарсы аламыз.
2 оқушы: Әкелді жыл ырыс,құт,
Әлемде той, тыныштық.
Жарқын өмір жаңаша,
Жаңа жылым тамаша.
3 оқушы: Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен келіп тұр.
Бойындағы бар мейірім қуанышын,
Балдырғандар өздеріңе беріп тұр.
4 оқушы: Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрлет, төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Ән: «Жаңа Жыл.»
Орындайтын:Төлегенова Б
Жүргізуші: —Қане, балалар биылғы шығарып салатын жылымыз қандай?
Балалар: -Жылан жылы.
Оқушы: Ал халайық, халайық,
Ескі жылдай аға бар.
Оны ортаға алайық,
Қош айтысып қалайық.
Ескі жыл: Қоштасамын бүгін мен,
Сіздерді қимас көңілмен.
Келер жылқы жылында,
Жақсылығымыз көп болсын!
Ашық болсын аспаның,
Аман болсын жас-кәрің.
Оқушы: Аяулы да құрметті 2013 жыл, сіз құтты жыл болдыңыз. Біз алғаш мектеп табалдырығын аттадық, 42 әріпті танып білдік, жас қыран қатарына өттік. Сіз бізге құтты жыл болдыңыз, сізге көп рахмет. Сау болыңыз, ескі жыл!
Ескі жыл: Мен сендерге сенемін, сау болыңдар!
Ән: «Жаңа жыл,жаңа жыр!»
Орындайтын: Кенжешов Қ
Жүргізуші: Балалар, биылғы қарсы алатын жаңа жылымыз қандай?
Балалар: Жылқы жылы.
Жүргізуші: Алақай, алақай!
Жыл келеді шапқылап.
Қанекей, қарсы алайық,
Жаңа жылды жақсылап.
Оқушы: Келді міне жаңа жыл аппақ болып,
Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып.
Жүргізуші: балалар, қане ортаға жылқы жылын шақырайық.
(Музыкамен жылқы жылы кіреді).
Жаңа жыл: Армысыңдар халайық,
Бармысыңдар халайық.
Жаңа жылда жұп жазбай,
Келіңіздер қарсы алайық.
Жақсылыққа бағытталған,
Жылқымын мен жаңа жыл.
Жылан жылының мерекесін,
Берекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Оқушы: Қонысыңыз құтты болсын жылқы жылы,
Мирманов мектебіне ырыс болып.
Жүргізуші: Балалар ән айтып, шырша айналып, би билейік.
Жүргізуші: Келеді Аяз атамыз,
Қасында Ақшақары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы алайық баршамыз, — дей келе бәріміз бірге алыстан келе жатқан қонақтарымыз Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық.
Балалар: А-ууу, а-ууу, а-ууу.
(Музыкамен Аяз ата мен Ақшақар кіреді).
Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата, шаршамай аман есен жеттіңіздер ме?
Біздің балаларымыз сіздерді асыға күтуде.
Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан,
Аталарың сіздерге
Шаршап келді-ау алыстан.
Ақшақар: Ал, қанекей, балалар,
Ән мен жырға басайық.
Той думанды жалғайық,
Шыршамызды айналып.
Би билейік ән салып,
Баршамызда жар салып.
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақарды алып шырша айналып билейік.
Ән:
Орындайтын:
Жүргізуші: Аяз ата алыс жолдан шаршап келген боларсыз, отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық ән-жырымызды қабыл алыңыз.
(МАД а,ә, 1сынып оқушылары).
Аяз ата: Ой, бәрекелді өрендерім. Ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.
Ақшақар: Жарайсыңдар балалар! Барлығыңда өнерлі екенсіңдер, рахмет сендерге.
Аяз ата: Ал, балалар, біздің қайтатын уақытымыз болды, бізді сендер сияқты талай балалар күтіп отыр. Біз әрі қарай жылжиық. Сау болыңдар!
Жүргізуші: Ендеше балалар бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып би билеп шығарып салайық.
Ән:»Аяз ата.»
Орындайтын:Хор.
(Ән айтылып, шырша айналып билейді).
Хор: Сау болыңыз, Аяз ата!
Жаңа жыл: Аяз ата кеткенімен мен өздеріңмен бір жыл бойы біргемін. Сондықтан ойын,тойымызды жалғастырайық.
(Балалардың жаңа жылдық костьюмдерін қарап, сыйлықтар үлестіру).
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар, жаңа жыл құтты болсын! Осындай тамашаны бізбен бірге бөліскендеріңізге көп-көп рахмет. Осымен «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі жылға дейін аман, сау болыңыздар!
Жаңа жылдық дорбаға
Шана жеккен бұғымен,
Жаңа жылдың жүгімен,
Бір ақсақал келді де
Зікір салды түнімен.
Жаңа жылдың есігін,
Ащы – тәтті несібін
Ашып берер ақсақал
Аяз ата – есімі.
Аяз ата мырза екен,
Бала біткен ырза екен;
Сыйлық дорба жыл бойы
Осы жерде тұрса екен.
Қызыл, жасыл, тоқсары,
Шұғылалы шоқтары;
Жымыңдайды шыршада
Сансыз үміт оттары.
Айналумен шыршаны,
Алдарқатып баршаны,
Қоян болып, ат болып,
Аяз ата шаршады.
Сөз тигенде шөжеге,
Шақырды да көжеге
«Аяз ата, кел»- деді,
«Бірге Аяз әжемен».
Өзденбаев Жанбай, 2015/16
Жаңа жыл шамы
Жаңа Жылдың түнінде
Шамын жақ та үміттің-
Жаман ойды түңілген
Жағып жібер, ұмыт қыл.
Ұмыт өкпе, мұңыңды,
Ымырт аяз ызғарын.
Сөкпе өткен күніңді,
Тарту еткен тұз, дәмін.
Күндеріңді ғайыптың
Бесігіне бөленген
Күміс әнге шайып бір
Есіңе ал өлеңмен.
Жаңа Жылдың түнінде
Джаздан болсын жыр – әнің.
Жақсылыққа тігілген
Маздай берсін шырағың.
Жаңа жыл кешінде
Бақ бере жаңа жыл маңдайыма?
Тілегім ақ кіршіксіз қардай мына.
Өткен жылдың күйініш- сүйінішті
Ырзық дәмі келгендей таңдайыма.
Аяз ата келе ме қызыл шырай,
Сағынғанға кәмпит ап, қалын сұрай.
Мақта қыздар майысса белін бұрай,
Қырау жігіт қызықтар қырын қарай.
Асыла ма мейман ас ыстық пеште,
Айтыла ма ертегі қысқы кеште.
Көңіл тозбас замандас, көйлек тозар
Көне жылым қалсын де мәңгі есте.
Жаңа жыл, шырша
Жаңа жылда, шыршада
Шалқытыппыз біршама-
Байпақ қайда, бас қайда?
Су жетпей тұр мұршаға.
Шампан аштық баршаға,
Шашу шаштық қаршаға.
Есіркеуге ескіні
От тамыздық аршаға.
Ақ шаһарға жол салдық,
Тойладық да томсардық.
«Жарылқа» деп «келген жыл»
Жаңа таңды қарсы алдық.
Тағы да бір ғасырды
Уақыт қырдан асырды.
Тылсым айғақ сан сырды
Болашақтан жасырды.
Өткен жылдар қаншама
Тепкі, тезге салса да
Өмір деген шіркіннен
Шалдықпа достым, шаршама.
Өзденбаев Жанбай
Рахмет, Жаңабай керемет өлең! Авторы өзіңіз бе?