Басы » Tәрбие сағаттары » Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер.

Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер.

TOTYA

  • Батыс Қазақстан облысы  Теректі ауданы

Ақсоғым ауылы  Восход жалпы орта білім беретін мектебі
Қызмтарих және география пәндерінің мұғалімі,
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Жанабилова Тотия Жанабиловна
Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: “Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер.”

Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру.

Жиналыстың барысы:
І бөлім:
Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі жалпы ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі жиынға келген адамдарды – бала тәрбиесіне жанашыр адамдар келді деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі семинарымызда бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі талқыланатын болады .

Жалпы тәрбие қалай қалыптасады ? қандай факторлар әсер етеді?

Бүгінгі жалпы ата-аналар жиналысының тақырыбын тектен-тек «“Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер.” Тақырыбында өткізгелі тұрған жоқпыз. Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек

Құқықтық тәрбие дегеніміз не?

Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл

Құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі.Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері.Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады.Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады

Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға-құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады.

Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді  тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйреТуге болады

А.С.Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпаған жөн.

Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады..

Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай?

— Әрине бұл Заңдарды білу

Бала мен ата-ананың құқықтары  мен  міндеттері білгіленген заңдар – бұл

  1. Бала құқығының   Декларациясы

  2. ҚР бала құқықтарытуралы Заңы

  3. ҚР Конституциясы

  4. Білім туралы Заң

  5. Неке жәнеотбасы туралы Заң

  6. Балалар  құқығының  Конвенциясы

  7. Әкімшіліқ құқықбұзушылық туралы Кодекс

Осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар:

Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-ананың міндеттері де көрсетілген.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» жолдауы –еліміздің дамуына соны серпін беретін жаңару стратегиясы. Жаңа кезеңдегі ел саясатының маңызды бағытының бірі – жас ұрпаққа заманына сай білім мен тәрбие беру мәселесі.Сондықтан да Ұлт көшбасшысы «Бала тәрбиелеу –болашаққа ең үлкен міндет, балаларымызға жақсы білім мен саналы тәрбие беруге ұмтылуымыз керек»  атап көрсетті.

Балаларымыздың бойында саналы тәрбие қалыптастыру үшін отбасы мен мектеп серіктестігі қажет.

ІІ бөлім:

Кезекті тренингке берейік.

  1. «Ыстық  алақан»

Нұсқау: Біреуіміз ана немесе әке екіншіміз бала боламыз.Алақандарымызды бір – біріне түйістіреміз.Нені сезінетінімізді,еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз.

  1. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

— иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;

— жоқ  десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

1)    Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы  бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

2)    Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды?

— егер  жанұя десеңіздер жымиып, айналамыз

— егер қоршаған орта, қоғам  десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.

3)    Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

— егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.

— егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз.

— егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды жоғары көтеріп шапалақтаңыз.

ІІІ бөлім:

Топтарға бөлу (ата-аналар мақал-мәтелдер таңдап алып, тақырыптары бойынша топтарға бөлінеді (Отан, отбасы-тәрбие, еңбек, оқу-білім)

ІV бөлім

Жағдаяттарды талқылау

Жағдаят №1

Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайындырды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді.

Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құр уәде беріп, шығарып салады. Бір жетіден соң жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындамауда ата-анасы салғырттық танытты.

Сұрақтары:

  1. Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?

  2. Сынып жетекшісінің орнында не істер едіңіз?

  3. Ата-ананың бала алдындағы міндеті қандай?

  4. Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?

Жағдаят №2

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып ал керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештене жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере  салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырды.

Сұрақтары:

  1. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?

  2. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

  3. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?

  4. Сіз ата-ана ретінде қандай пікірлер ұсынасыз?

V бөлім.

Полиция бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі аға инспекторге сөз беру.

Бибигүл    Жумабаевна,  осы берілген жағдаяттар бойынша айтатыныңыз бар ма? Тағы да сұрақтарыңыз болса, қоюға болады?

VІ бөлім.

Сергіту жаттығуы.(бейнеролик)

VІІ бөлім.

Жаттығулар бөлімі.

Елбасымыз: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады» дегендей  бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы – ол  отбасы.

Келесі тапсырма отбасы тәрбиесіне байланысты.

  1. “SWOT” стратегиясы бойынша жаттығу.

S

Strong points

Басым жағы

W

Weak points

Әлсіз жағы

O

Opportunities

Мүмкіншілігі

T

Threats

Қауіп-қатер

1-топ

2 -топ

3 -топ

4-топ

Сонымен отбасында баланың бойында қандай жақсы қасиеттер қалыптасады екен? (әр топ екі мысалдан жазады)

Яғни Слайд6

  1. Рефлексия “Соңғы сөзді мен айтайын…” (жиналыс басында таңдаған мақал-мәтелдердің біреуін пайдалана отырып, шағын әңгіме немесе суреттер арқылы)

VІІІ бөлім. Қорытынды.

Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Ата-аналар өздерінің арасында тұлға аралық қатынастары мен жалпы психологиялық-педагогикалық мәдениетін дамыта отырып, өзін-өзі жетілдіре отырып, балаларды тәрбиелеуге идеалды атмосфераны құрайды. Балалардың ақыл-ойының дамуы, болашақтағы тұлғалық қатынасының дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі отбасына байланысты.  Сондықтан да бүгінгі жиналысымызды А.Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Тек қана ата-аналармен біріге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»

(ЖҮКТЕУ)

[bws_related_posts]

6 комментариев

  1. құқықтық тәрбие туралы слайдты қалай жүктеп алсам болады

  2. калай жуктеп алуга болады?

  3. қалай жүктеп алуға болады?

  4. Калиева Айсауле

    от Айсауле

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *