Ана тіліне арналған тестілер жинағы
Атырау қаласы, №27 Исатай Тайманов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Биғамбаева Райса Қабдрашқызы
№4 Ана тілі. 1-сынып
1. Ы.Алтынсариннің «Бәрінен де жақсы» өлеңінде кімнің жақсы адам екенін әңгімелейді.
а) атаның
ә) әкенің
б) ананың
2. «Үлкенге-құрмет, кішіге міндет. Бұл нақыл сөз қай мәтінге сәйкес келеді?
а) Бір атаның ұрпағы
ә) Бәрінен де жақсы
б) Нұртай ата
3. Атасы немересіне ақыл айтуы қай өлеңде жазылған?
а) Сәлем берген үлкенге
ә) Әдептілік-әдемілік
б) Ұланы еркін елімнің
4. Ата мен әжеге көмек, құрмет көрсету жөнінде қай мәтінде әңгімелнеді
а) Бәрінен де жақсы
ә) Әдепті балалар
5. Анаңның туыстары жөнінде қай өлеңде жазылған?
а) Әдептілік-әдемілік
ә) Нағашы жұрт
б) Сәлем берем үлкенге
6. Сәкен Сейфулин туралы жазылған мәтінді тап.
а) Қолғанат
ә) Әдепті балалар
б) Нұртай ата
7. Өз жұртым, жеті ата туралы жазылған өлеңді тап.
а) Өз жұртым
ә) Нағашы жұрт
б) Әдептілік әдемілік
8. Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап, сыртқа ата жөнелді… бұл үзінді
Қай шығармадан алынған?
а) Қолғанат М.Сейфулин
ә) Шие тергенде М.Төрежанов
б) Әдепті балалар Ә.Табылды
9. «Телу» дегеніміз не?
а) алма ағашын отырғызу
ә) алма ағашын күту
б) дәмді ағаштың жас бұтағын басқа ағаштың «бауырына салу»
10. «Күн жылына бастады, құстың бәрі Ұшып келді: «Кетші,-деп,- қыстың қары».. бұл үзінді қай өлеңнен алынған
а) Көктем Т.Молдағалиев
ә) Көктем Т.Айбергенов
б) Құс келді Б.Қозыкеев
№ 5 Ана тілі. Тест 1-сынып
1. Кемпірқосақ қай уақытта шығады?
а) аспан бұлтанғанда
ә) жаңбыр жауғанда
б) жаңбырдан соң
2. » Көктем қандай көңілді! Көктен жаңбыр төгілді… бұл үзінді қай өлеңнен алынған?
а) Көктем. Т.Молдағалиев
ә) Көктем. Т.Айбергенов
б) Наурыз тойы. Ә.Табылды
3. «Күн мен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді, Соны тойлар ел енді……. бұл өлең шумағы қай өлеңнен алынған?
а) Құс келді Б.Қозыкеев
ә) Наурыз тойы Ә.Табылды
б) Көктем. Т.Айбергенов
4. «Өркенің өссін! Әр күнің Наурыз күшіндей берекелі болсын! Бақ берсін, қыдыр дарысын! Төрт түлік ақты болсын!… бұл баталар мен тілектер қай кезде айтылады
а) 8 наурыз ә) 22 наурыз б) 1 мамыр
5. «Ұзынсары» сөзінің мағынасын қалай деп түсінесіз?
а) ұзынсары деп адамды
ә) ұзынсары деп адамның түрін
б) Ұзынсары-»Ұлыстың ұлы күні» деген сөз
6. Жыл құстарынан ең алдымен қай құс ұшып келеді?
а) қараторғай ә) қарлығаш б) бозторғай
7. Өйткені бұл-көктем ғой! Шүғыласын төккен ғой!.. бұл үзінді қай өлеңнен алынған?
а) Құс келді. Б.Қозыкеев
ә) Әнші құстар Қ.Жұмағалиев
б) Көктем. Т.Айбергенов
8. Мал баласын қалай сүйетінін көрсететін өлеңді тап?
а) қой
ә) жылқы
б) Мал баласын сүйеді
9. Аппақ қою сүті бар, Ақ шағала құрты бар
Ақтылы … жануар.
а) түйе
ә) жылқы
б) қой
10. «Ер қанаты-өзің» деп,
Ел қуанып айдаған
… деген жануар
а) түйе
ә) жылқы
б) сиыр
№6 Ана тілі. Тест 1-сынып
1.Секектеме, деміңіді ал,
Селтеңдемей құлағың… бұл өлең қай малдың төлі туралы.
а) бота
ә) лақ
б) қозы
2. Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады… бұл өлең қай малдың төлі туралы.
а) бұзау
ә) құлыншақ
б) лақ
3. Қымыран қай малдың сүтімен жасалады.
а) жылқы
ә) түйе
б) сиыр
4. Төрт түліктің төресі не?
а) жылқы
ә) түйе
б) сиыр
5. Қымыз қай малдың сүтінен жасалады?
а) жылқы
ә) түйе
б) сиыр
6. Ешкі сүтінің қандай пайдасы бар?
а) сусын ә) шипалы б) шайға құйылады
7. «Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз… бұл үзінді кімнің олеңінен алынған.
а) Абай Құнанбаев
ә) Ыбырай Алтынсарин
б) Шоқан Уәлиханов
8. Бауыржан Момышұлы кім?
а) батыр
ә) ақын
б) суретші
9. Кішілерге қандай көмек көрсету қажет?
а) бірге ойнау
ә) қамқорлық көрсету
б) жәбірлеу
10. «Шығыс жұлдызы» деп кімді айтамыз?
а) Мәншүк
ә) Әлия
б) Роза
№7 Ана тілі. Тест 1-сынып
1. «Айбын болған еліме,
Айдын болған көліме
Айналайын …
Пана болған жеріме, тйісті сөзді тап.
а) үш бәйтерегім
ә) бес арысым
б) үш биім
2. Үй жануарлары қандай топқа жатады?
а) сүтқоректілер
ә) бауырмен жорғалаушылар
б) қосмекенділер
3. Ұран тастап көп елге:
«Кел, балалар, оқылық»,-
Деген сөзін көңілге
«Ықыласпен тоқылық!».. бұл өлең кім туралы жазылған?
а) Абай ә) Ыбырай б) Жамбыл
4. «Малта» неден жасалады?
а) тас ә) тағам б) Сүзбеден сығып домалақтап дайындалған уақ құрт
5. Әбілхан Қастеев кім?
а) ақын ә) жазушы б) суретші
6. Не тәтті? Мәтініндегі қай шешен туралы сөз болады?
а) Сырым ә) Жиренше б) Қожанасыр
7. Әубәкіров ағаның
Даңқы көпке самғаған… бұл өлең жолы кім туралы
а) Ю.Гагарин ә) Т.Мұсабаев б) Т. Әубәкіров
8. Қ. Сегізбаевтың Мақтаншақтар әңгімесіндегі Тайбек пен Маржан қандай оқушылар?
а) озат оқушы ә) мақтаншақ б) жалқау
9. … көк, бозы бар…
Домаланып семірер
Оны жеген қозылар.. бұл өлеңде қай шөп туралы жазылған?
а) бидайық ә) жусан б) изен
10. Шөптің шалғыны басылады, сарғыш танып сүрлеу тартады. Бұл
Мезгілді қандай жайлау дейді?
а) Қанжайлау ә) Саржайлау б) Жаз жайлау
№9 Ана тілі. Тест 1-сынып
1. Жүз түрлі ұлт-
Жүз уықтай! .. бұл үзінді қай өлеңнен алынған?
а) Ынтымақ күші Ө.Ақылбекұлы
ә) Көктем Қ.Аманжолов
б) Гүл жамылған өлке Ф.Оңғарсынова
2. … екінші рет не нәрсенің болса да құр сыртына қарап қызықпа,
Әдетте оның асылы ішінде боладыұ-деді … бұл үзінді қай ертегіден
алынған?
а) Төрт мезгіл
ә) Алты шеттеуік
б) Көктем сәні
3. Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп … бұл өүзінді қай өлеңнен алынған.
а) Көктем Қ.Аманжолов
ә) Гүл жамылған өлке. Ф.Оңғарсынова
б) Бәйшешек Н.Әлімқұлов
4. Қызғалдақтардың қызыл-жасыл қанаттарына күміс тамшылар
Тұрып қалды… бұл үзінді қай мәтіннен алынған?
а) Гүлдер. Ө.Тұрманжанов
ә) Төрт мезгіл
б) Мамыр. Сейт. Кенжеахметов
5. Табиғаттың мезгілін белгілейтін мәтінді тап
а) Мамыр. С.Кенжеахметов
ә) Гүлдер. Ө.Тұрманжанов
б) Көктем сәні. Б.Өмірбаев
6. Бірлікке, татулыққа шақыратын өлеңді тап?
а) Он саусақ М.Әлімбаев
ә) Санамақ Қ.Мырза әли
б) Жанама санамақ. Е.Елубаев
7. Құрлықтағы ең үлкен жануар қалай аталады?
а) піл ә) түйе б) керік
8. Санды білдіретін өлеңді тап
а) Санамақ ә) Тіл қатады шөптер де б) Жау, жаңбыр
Мамыр сөзі қандай мағынаны білдіреді?
а) оқу, білім ә) еңбек б) тоқшылық
10. Жұмбақ санамақтың авторын тап
а) Ө.Асылбекұлы
ә) Е.Елубаев
б) Қадырмырза әли
№ 10 Ана тілі. Тест 1-сынып
1. Түлкілер неге шолақ болып қалыпты?
а) алдағаннан
ә) күлгеннен, кемшілігі үшін
б) жақсылығы үшін
2. Арқанда өзіңнің,
Адам боп шығамын
Бәрі алтын сөзіңнің … бұл үзінді қай өлеңнен алынған, кім туралы
а) Ұшқыш болам Т.Молдағалиев
ә) Ақылшым-мұғалім Ә.Дүйсенбиев
3. Кейде өкініп, ренжісем де
Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүремін… бұл үзіндіде қай тыныс белгілі сөз болады
а) хабарлы ә) сұраулы б) лепті
а) нүкте ә) сұрақ белгісі б) леп белгісі
4. Батыр болам-
Көк аспанда сүйемін
Жұлдыздарға
Барып-келіп жүремін… бұл өлең үзіндісінде кім туралы жазылған
а) суретші ә) ұшқыш б) ақын
5. Аңдардың өзіндік белгілері қандай
а) әңгімелемеді ә) сөйлеседі б) түсініседі
6. Жас кезінде ер жетті
Желпілдетсін желегін…. бұл үзінді қай өлеңнен алынған
а) Жау, жаңбыр Ш.Мұхамеджанов
ә) Тіл қатады шөптер де Ә. Асылбек
б) Гүл жамылған өлке Ф. Оңғарсынова
7. Жомарттың әкесі оның туған күніне қандай сыйлық жасайды?
а) кітап ә) бір түп қарағай б) ойыншық
8. Тұңғыш ағартушы кім?
а) А.Құнанбаев
ә) Ы.Алтынсарин
б) Ж.Жабаев
9. Тұңғыш ақын кім?
а) Ы.Алтынсарин
ә) А.Құнанбаев
б) С.Сейфуллин
10. Тұңғыш ғалым кім?
а) А.Құнанбаев
ә) Ш.Уәлиханов
б) Ы.Алтынсарин
№ 8 Ана тілі. Тест 1-сынып
1. «Бәсіре» деген не?
а) заттың аты
ә) тамақтың аты
б) жас құнан
2. Есіл,Жайық,Ертіс,Оцыл,Тобыл .. бұл нелер?
а) мұхит ә) теңіз б) өзендер
3. Бозша торғай қай құстың балапаны?
а) қараторғай
ә) бозторғай
б) суықторғай
4. Даладан келдім- жан-жақтан
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген … бұл өлең жолы не туралы жазылған
а) бидай
ә) дәнді-дақыл
б) шөптер
5. Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар
Бұл үзінді қай өлеңнен алынған
а) Адам болам десеңіз
ә) Кел, балалар оқылық!
б) Ыбырай
6. Ара неге ұшады?
а) гүлге ә) шөпке б) көбелекке
7. Алғашқы гүл көрікті-
… терейін бұл өлең қай гүл туралы
а) Бәйшешек ә) қызғалдақ б) жауқазын
8. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген осы екен-ау,-депті … бұл үзіңді
Қай ертегіден алынған
а) Көктем сәні
ә) Алтын шеттеуік
б) Баланың тапқырлығы
9. Мамыр,маусым туғанда тауда, өсетін гүлдер
а) түймедағы ә) ләйлігүл б) өалампыр
10. Көктем мезгілін, көктемгі табиғатты сипаттайтын ертегіні тап
а) Көктем сәні Б.Өмірбаев
ә) Алтн шеттеуік Ы.Алтынсарин
б) Гүлдер Ө.Тұрманжанов
[bws_related_posts]