Басы » Кембридж бағдарламасы » Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?

Құрметті  sabaq.kz сайтының оқырмандары мен ұстаздар қауымы сіздердің назарларыңызға жаңа форматтағы курсты бітірген Қызылорда қаласы, №120 Жамбыл орта мектебінің Физика және информатика пәнінің бірінші санатты мұғалімі Белдебекова Айзада Сейсенбайқызының есебін ұсынамыз.

Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?

«Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз»

                                                                                                  Сенека Луций

   Бұл тараудың мақсаты мектеп мұғалімдерінің жұмысындағы кемшіліктерді анықтап, оқушылардың ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізуді жобалау болып табылады. Сондықтанда мектептің даму бағдарламасына мектеп әкімшілігімен бірлесе SMART мақсат қоя отырып, білім сапасын арттыру үшін сауалнама арқылы бірталай өзгерістер енгізу қажет екендігін байқадым. Ең алдымен пікірді ата-аналармен сұхбат жүргізіп, олардың пікірлерін тыңдадым.

  Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жасаған Құзіреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын XXI ғасыр дағдыларының моделі болып табылады. Аталған жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең мағынасында шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзіреттер жүйесін сипаттайды (МАН,5-б.).

  Әлем жылдам өзгеруіне ілесе отырып, жаһандануда жаңа технологияларды игеріп, инклюзивті білім мен ақпараттың ауқымын едәуір ұлғайтты. Біз өзара байланысқан халықаралық қоғамдастықта өмір сүрудеміз, осы заманда бір елдегі жетістік немесе сәтсіздік көптеген басқа мемлекеттерге әсерін тигізеді.

  Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес, әрине, өйткені оның барысында жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал. Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан ойлануды меңгере аламыз.(МАН,69-б.)

  Бірінші деңгей бағдарламасы өзінің мазмұнын сұрақтарды төмендегі ретпен қою арқылы құрылымдай отырып, басқа тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана – біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тартады. Бұл тәсіл білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылар тарапынан қолдау тауып отыр (МАН,64-б.).

  Берілген мектепте нақты өзгерістерді іске асыру үшін қажеттіліктер қалай анықталды? Мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшілерімен даму жоспарының басымдықтарын, тиімді бағыттарын анықтау барысында шешім қабылдау үшін бірлесе отырып топ жұмысын жасадым.

Мен мектебімдегі   нақты өзгерістерді іске асыру үшін мұғалімдерден,оқушылардан, ата-аналардан  сауалнама алу қажеттілігін түсіндім.

Сауалнама алмастан бұрын мен мектеп басшысына өзімнің көшбасшы жоспарымды таныстырдым. Жоспарда төмендегідей жұмыстар жүргізілді: Мектеп әкімшілігі мен Деңгейлік Бағдарлама  бойынша оқып келген III деңгей мұғалімімен, бірлестік жетекшілерімен және мұғалімдермен біріге отырып, ынталы топ құрдым. Топ отырысында мектептің бастапқы ахуалын анықтау үшін топ мүшелерімен біріге отырып сауалнама құрастырдым.

  Мен өзгерістерді енгізу үрдісін басқару бойынша өзімнің жұмысымды ұйымдастыруды «Мұғалімге арналған нұсқаулыққа», мектептегі тәжірибе кезеңіндегі орындауға арналған және курсалды ТАПСЫРМАЛАР, Бірінші «Бетпе-бет» кезеңіндегі ресурстарды басшылыққа ала отырып жоспарладым.

  Мұғалімдерге Деңгейлік бағдарлама идеясының мазмұны бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіздім. Сауалнамалар алдым. Мұғалімдерден, ата-аналардан, оқушылардан алынған сауалнама нәтижесі бойынша мониторинг жасадым.

  «Мектепте мұғалімдер жаңа технологиямен сабақ өте ме?» деген оқушылардан алынған сауалнамада 50%-ы «сирек», 30%-ы «кейде», 10%-ы «жиі», 10%-ы «әрқашан» деп, «Сізге сыныпқа сабақ оқу үшін келу қызықты ма?» деген сұраққа   48%-ы «сирек», 31%-ы «кейде», 14%-ы «жиі», 7%-ы «әрқашан»,  енді «Мұғалімдер жұмыстың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін кері байланыс ұсына ма?» деген сұраққа   56%-ы «сирек», 24%-ы «кейде», 10%-ы «жиі», 10%-ы «әрқашан», «Мұғалімдермен бірлесіп оқуға кедергі келтіретін проблемаларды талқылайсыздар ма?» деген сұраққа  36%-ы «сирек», 45%-ы «кейде», 10%-ы «жиі», 9%-ы «әрқашан» деп, ал «Мектептегі оқу үдерісіне байланысты, сіздер өз ойларыңызды ашық айта аласыз ба?» деген сұраққа  52%-ы «сирек», 39%-ы «кейде», 4%-ы «жиі», 5%-ы «әрқашан» деп оқушылар жауап берді.

  Оқушылардан алынған сауалнама негізінде  нақты проблемалар:  мұғалімдер мен оқушылар арасында  сабақ соңында  жұмыс сапасын арттыруға көмектесетін кері байланыстың болмауы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы мұғалімге ойын ашық айта алмауы,мұғалімдердің оқушылардың барлығымен бірдей қарым-қатынас жасамайтындығы, басқа мектеп және басқа сынып оқушыларымен  оқыту және көшбасшылық туралы талқылауға оқушыларды тартпайтындығы, мектепте қалыптасқан жағдай оқуға қызығушылықты арттырмайтындығы анықталды.

Оқушылардың сабаққа мотивациясының төмен екендігі, олардың ойлау дағдыларын, арттыру және білім алғысы келетіндердің ниетін ынталандыру үшін мұғалімдерді кері байланыс жасауға ықпал ету керектігі бірден байқалды.

  Ата-аналардан алынған сауалнамада «Сабақтағы тәртіпсіздік баламның білім алуына кедергі келтірмейді» деген сұраққа   9%-ы «толық келісемін», 7%-ы «келісемін», 43%-ы «келіспеймін», 42%-ы «үзілді-кесілді келіспеймін», «Мектеп маған барлық қажетті ақпаратты ұсынып отырады» деген сұраққа 6%-ы «толық келісемін», 8%-ы «келісемін», 49%-ы «келіспеймін», 37%-ы «үзілді-кесілді келіспеймін», «Бұл мектеп менің балама жақсы қамқорлық көрсетеді» деген сұраққа   13%-ы «толық келісемін», 4%-ы «келісемін», 38%-ы «келіспеймін», 45%-ы «үзілді-кесілді келіспеймін» деп жауап берді. Сауалнама нәтижесін сараптағанда: ата-аналардың басым көпшілігі мектепте балаларына білім беруде мұғалімдердің дәстүрлі сабақ беруіне қанағаттанбайтындығы, мектепте тәртіпке байланысты келеңсіз жағдайлардың балаларының білім алуына кедергі келтіретіндігі, қажетті ақпараттың уақытылы берілмеуінен, балаларының сабаққа деген мотивациясы төмен екендігі және мектеп пен ата-аналардың арасындағы байланыс өз дәрежесінде еместігі айқындалды. Менің мектебімнің ата-аналарымен «Өзгеріс не үшін керек?» атты рефлексивті есебімде айтып өткен Финляндия, Жапония елі оқушыларының ата-аналары арасында балаға деген жауапкершілік айырмашылығы білініп тұр.

  Мұғалімдерден алынған сауалнамаларда «Мектепте сабақты жаңа тәсілді пайдаланып өтесіз бе?»  29%-ы «сирек» ,  12%-ы «жиі», 6%-ы «әрқашан», «Сабақтан соң оқушылардан жұмыс тиімділігін арттыруға көмектесетін кері байланыс аласыз ба?»     36%-ы «сирек», 8%-ы «жиі», 3%-ы «әрқашан», «Барлық мұғалімдерге оқытудың мәнін, оны іске асыру жолдарын  және қалыптастыратын дағдыларды сыни бағалауға мүмкіндік берілген бе?» 21%-ы «сирек», 14%-ы «жиі», 12%-ы «әрқашан» деп жауап берді.

  Алынған сауалнамалардың нәтижесінде мұғалімдердің көпшілігінің білімді жинақтауға негізделген дәстүрлі білім беруге бейім екендігі, оқушылардың оқыту үдерісіне деген қызығушылығының төмен екендігі, ал ата-аналардың мектептің дамыту жоспарына деген ықылассыздығы байқалды.

  Ұсынылған «Мектеп  басшылығы  мектеп қызметкерлерінің кәсіби дамуын мақсатты түрде жоспарлап, жүзеге асырып отырады ма?» деген сұраққа мұғалімдердің толық жауап бермеуіне байланысты көрсеткіш 28%-ы «жиі»,-деп көрсетті, ал «Мектептің даму басымдылықтарымен  бүкіл ұжым  таныстырылған ба?» деген сұраққа ұжымның 29%-ы «сирек» деп жауап берген. Осыдан мен мектеп қызметкерлерінен (барлығы: 47 мұғалім) осы сауалнама арқылы  алынған  деректердің   негізінде  мектеп әкімшілігі мен ұжым арасындағы байланыстың әлсіз екендігін, жұмыстың тиімді бағыттарын  анықтау барысында  бірлесіп шешім қабылдау, жоспарлау, қатыстырылуы, көшбасшылық функциясының төмендігін көруге болады.

 Зерттеу әдістерім:  әңгімелесу, сұхбаттасу, бақылау, сауалнамалар алу, «сенім жәшігі», интервью, фотоға түсіру арқылы ата – аналармен пікір алмасу барысында  мектептің мәселелері анықтала басталды. Мектептің дамыту мақсаттарын оның қызметін проблемалық тұрғыдан талдамай тұрып анықтау мүмкін емес деп ойладым.Осыдан кейін мен, «Мектепті қазіргі жағдайымен салыстыра отырып болашақтағы қызметін жақсарту үшін, даму жоспарындағы стратегияларды тиімді жүзеге асыру үшін  нені, қалай өзгертуіміз керек?»  деген сұрақ төңірегінде әріптестеріммен бірге зерттеушілік әңгіме жүргіздім. Әңгіме барысында жинақталған жұмыстарды «проблема»  деп тауып  «SWOT» сандық дереккөзі арқылы талдауды дұрыс деп таптым.

Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар шағын топтарда жұмыс жасағанда оларда ортақ проблема болады, мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, идеялармен пікір алмасып, бір – бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, бірге ойланады дегендей мектептегі «Орда» тобындағы әріптестеріммен мәселелерді талқылай отырып,табысты зерттеушілік әңгіме орнады.

«SWOT» әдісімен жыл бойындағы атқарылған жұмыстарды талдап оның жетістіктері,тиімді немесе тиімсіз тұстарын талқылап, мықты немесе осал жақтарын анықтай отырып циклді қайта жалғастырып, жоспарға түзетулер енгізіп баға беруін қарастырады. Сонымен қатар желілік шараларды ұйымдастыру,ондағы жетістіктер мен нәтижелерге көз жеткізу,дәлелдемелер ескеріледі. Желілік қоғамдастық арқылы оқушылардың жан-жақты дамуын,қызығушылығын арттыру шаралары іске асырылады. Зерттеу барысында мен өз мектебімнің мықты, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері сонымен қатар қауіпті тұстарын анықтап кесте – 1 бойынша талдадым.

 Кесте – 1

S мықты

W әлсіз

1. Мектеп – интернатта іріктеліп, конкурспен қабылданған оқушылар оқиды.

2. Оқушылар сыныптан тыс бірлесіп жұмыс жасайды.

3. Қосымша сабақтар қарастырылған.

4.Мұғалімдердің, оқушылардың  ЖОО – ның ғалымдарымен ғылыми жұмыстар жасау ұйымдастырылған.

5.Материалдық-техникалық базасы,  ресурстары (жалпы кабинет саны – 31, жекеленген кабинеттер — 18,  6 интерактивті тақта, мультимедия, информатика кабинеті интернет желісіне қосылған.

1. Қала көлемінде білім нәтижесі жақсы болғанымен басқа мектептер рейтингісінде 32 орында.

2. Қала  көлемінде пәндік олимпиада-лардан жүлделі орындарға ие болғанымен, облыстық олимпиадалардан көрсеткіштеріміз төмен.

3. Мұғалімдердің сандық және сапалық құрамы 90 мұғалімнің тек 2 63%-ы ғана жоғарғы және бірінші санатты.

4. Биылғы көрсеткіш 12 оқушының 3-і ғана ҰБТ-да грант иегері.

5. ҰБТ  бойынша математика пәнінен көрсеткіш төмен болуы.

O мүмкіндіктері

T қауіп

1.Тораптық пәндік олимпиадаларға қатысу арқылы тікелей қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысу мүмкіндіктері бар.

  1. 2.Мұғалімдерге біліктілігін жетілдірулеріне мүмкіндіктер қарастырылған(курс, семинарларға қаражаттар қарастырылған.).

3. Кәсіби конкустарға қатысуларына мүмкіндіктер бар.

4. «NIS» мектептерінің іс – тәжірибесін мектепке енгізу.

1. Олимпиадаларға дайындайтын теориялық білімі терең кәсіби шебер мұғалімдердің болмауы.

2. Пәндік олимпиадаларға дайындалатын  материалдардың, әдебиеттердің жетіспеуі

 

Барлық зерттеу жұмыстарын талдай отырып «қазіргі уақытқа ғана емес, болашаққа  бағытталуын» ескере отырып, нәтижесінде пайдалы, қолжетімді болатын өзгеріс енгізу қажеттілігін түсініп, алдыма мынадай мақсат қойдым.

   Сауалнамамен мектеп әкімшілігін таныстырып, оның қорытындысынан мектепке қандай өзгеріс енгізу қажеттілігі  анықталды.

  Мұғалімдердің жаңа технологияға деген біліктілігін, оқушылардың оқуға деген мотивациясын арттыру мақсатында мектептің дамыту жоспарына мектеп әкімшілігімен келісе отырып өзгерістер енгіздім.

  6 аптада «Мектептегі іс-тәжірибе» кезеңінде мектептің дамыту жоспары бойынша  «Оқытудың сапасын арттыруда  оқушылардың мотивациясын тудыру, бірлескен топтық жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибе жүргіздім. Мектептің дамыту жоспарын қазан, қараша, желтоқсан айларына жасадым.

  Қазан 1-аптасында «Неліктен біз өзгеруіміз керек?» тақырыбында мектеп әкімшілігі мен команда мүшелерін бірлесе отырып дөңгелек стол өткіздім.

   2-аптада «Топтық жұмыс», 3-аптада «Көшбасшылық», 4-аптада «Диалогтік  оқыту» туралы коучингтерді өткізуді жоспарладым.

Қараша айында «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» әдістемелік кеңес, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» жайлы семинарды жоспарладым.

Желтоқсан айында  «Желілік қоғамдастық құру» және «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» коучингі жоспарланды.

№120 Жамбыл  орта мектебінің дамыту жоспары

Тақырыбы: «Оқытудың сапасын арттыруда  оқушылардың мотивациясын тудыру, бірлескен топтық жұмыстарды ұйымдастыру» Мақсаты:

-оқушыларда топпен, жұппен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады;

-оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады;

-оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды;

-рефлексия

Шараның формасы

Нені жетілдіру қажет?

Жетілдіру үшін қажетті шаралар

Мерзімі

Күтілетін нәтиже

Ресурстар

Жауапты

Дөңгелек стол

Оқу үдерісінің жағдайын анықтау.

«Неліктен біз өзгеруіміз керек?»

Қазан.

1-апта

Дөңгелек столға қатысушылар қазіргі оқыту мен оқу үдерісіндегі проблемаларды білетін болады

Мектеп әкімшілігі, команда мүшелері

І деңгей курсынан іс-тәжірибеге келген мұғалім

Коучинг

Тәлім алушылардың сабақ беру әдісін жетілдіру.

«Топтық жұмыс»

Қазан.

2-апта

Тәлім алушылар топтық жұмыс туралы білетін болады.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үлестірме материал. Постер Маркер

І деңгей курсынан іс-тәжірибеге келген мұғалім

Коучинг

Мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету.

«Көшбасшылық»

Қазан.

3-апта

Мұғалім көшбасшылығының негізгі функцияларын білетін болады.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үлестірме материал. Постер Маркер

ІІ деңгей курсын игерген мұғалім

Коучинг

«Мұғалім-оқушы» диалогындағы іс-қимылдарды жетілдіру

«Диалогтік  оқыту»

Қазан.

4-апта

Тәлім алушылар дилогтық әңгіменің түрлерімен танысады

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үлестірме материал. Постер Маркер

І деңгей курсынан іс-тәжірибеге келген мұғалім

Әдістемелік кеңес

Тәлім алушылардың техгнологиялық аспектісін жетілдіру.

«Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану»

Қараша

Тәлім алушылар оқытудың қосалқы құралдары туралы білетін болады.

Компьютер, интерактивті тақта. Постер

ІІІ деңгей курсын игерген мұғалім

Семинар

Қатысушылардың оқыту үшін және оқу үшін бағалауы жайлы білімін жетілдіру

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Қараша

Қатысушылар қалыптастырушы және жиынтық бағалау туралы білетін болады.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

ІІІ деңгей курсын игерген мұғалім

Желілік қоғамдастық

Өзара желілер арасында сенімділікті жетілдіру

Желілік қоғамдастық құру

Желтоқсан

Желілік қоғамдастықтар арасында байланыс орнатады

Интернет желісі.ПорталКонференция

І,ІІ,ІІІ деңгей курсын игерген мұғалімдер

Коучинг

Тәлім алушылардың сын тұрғысынан дамыту.

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Желтоқсан

Тәлім алушылар СТО идеялары туралы білім алады.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Интерактивті тақта

ІІІ деңгей курсын игерген мұғалім

 

  Мектепке өзгеріс енгізу үшін мектептегі мектеп әкімшілігі мен Деңгейлік Бағдарлама  бойынша оқып келген III деңгей мұғалімін, бірлестік жетекшілерін және мұғалімдерден құрылған ынталы топты жұмыс жасауға тартамын.

  Мектептің дамыту жоспарына енгізілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін басқа мектептердегі әріптестермен желілік қауымдастық құрдым. Өз мектебімдегі      Қызылорда қаласынан Үшінші деңгей бағдарламасын игерген    Сүлейменова Сауле, онымен қоса осы Үшінші деңгей бағдарламасының 1-ші бетпе-бетін оқып, мектепке іс-тәжірибеден өтуге келген Бегайдарова Жазира,  Алматы қаласынан  Екінші деңгей бағдарламасын игеріп   келген мұғалімдер Қызылорда қаласындағы № 4 дарын мектебінен Бисенова Шакизат пен көрші елді мекендегі № 177 мектептен Баешова Мадина, Астана қаласында Бірінші деңгей бағдарламасының 1-ші бетпе-бетін оқып мектептерінде іс-тәжірибеде жүрген № 196 мектептен Жукеев Тұрғанбек, №112 мектептен Ижанова Жанат және № 211 мектептен Болатбаева Мирамгүл апайлармен тәжірибе алмастым. Сонымен қатар мектептерінде іс-тәжірибелерден өтіп жүрген өзіміздің Астана-Қызылорда тобындағы Тыңдаушы әріптестермен де пікір алмасып отырдым.

 

ҚР педагог кадрлардың біліктілігін көтеру курсының бірінші (ілгері) деңгей бойынша тыңдаушысы

Белдебекова Айзада Сейсенбайқызының мектептегі іс-тәжірибесінің «Көшбасшылық» жоспары

 

Апта

Күндер

1-апта

30.09

01.10

02.10

03.10

04.10

Мектеп директорымен сұхбат. Мектептің дамыту жоспарымен танысу.

Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінен  сауалнама алу.

Тәлім алушы  екі мұғалімді таңдап алу.

Оқушылардан,

ата-аналардан сауалнама алу

Сауалнаманы

Қорытындылау.

МДЖ жасау.

№ 1 рефлексивтік есепті жазу.

2-апта

07.10

08.10

09.10

10.10

11.10

Тәлім алушыларға кеңес беру.

Сабақтарына ену.

№1 Коучинг өткізу

«Топтық жұмыс»

Рефлексия алу.

Тәлім алушыларға кеңес беру. Кәсіби әңгіме.

Коучингке қатысқан мұғалімдердің сабақтарына ену.

Видеоға түсіру. Талдау-талқылау.

№ 2 рефлексивтік есепті жазу.

3-апта

14.10

15.10

16.10

17.10

18.10

Тәлім алушының сабағына ену, кәсіби әңгіме. Талдау-талқылау.

Коучингке қа тысқан мұғалімдердің сабақтарына ену. Видеоға түсіру.

Іс-әрекетті зерттеу.

№2    Коучинг өткізу. «Көшбасшылық»

видеоға түсіру.

Рефлексия алу.

Коучингке қа тысқан мұғалімдердің сабақтарына ену.

Іс-әрекетті зерттеу

Талдау-талқылау.

№ 3 рефлексивтік есепті жазу.

4-апта

21.10

22.10

23.10

24.10

25.10

Тәлім алушылардың  сабақтарына ену, кәсіби әңгіме.

Коучингке қа тысқан мұғалімдердің сабақтарына ену.

Емтиханға дайындалу.

№ 3Коучинг өткізу.

«Диалогтік  оқыту»,

рефлексия алу

Коучингке қа тысқан мұғалімдердің сабақтарына ену.

Емтиханға дайындалу.

№ 4 есепті жазу

Рефлексивтік есепті жазу.

5-апта

28.10

29.10

30.10

31.10

01.11

Тәлімгер үдерісін жүзеге асыру.

Коучингке қа тысқан мұғалімдердің сабақтарына ену.

Емтиханға дайындалу.

Емтиханға дайындалу. «Астана- Қызылорда» желілік қоғамдастық порталына кіріп пікір алмасу.

Оқушылардан,мұғалімдерден, ата-аналардан сауалнама алу.

№ 5 рефлексивтік есепті жазу.

6-апта

04.11

05.11

06.11

07.11

08.11

№6 рефлексивтік есепті жазу.

Тәлімгерлік жұмыс қорытындысын жасау,

рефлексияны сканерлеу.

Коучинг бойынша сарап тама жасау,

рефлексияны сканерлеу.

МДЖ сараптама жасау,

рефлексияны сканерлеу.

Құжаттарды

жинақтау,

портфолионы аяқтау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *