Басы » Кембридж бағдарламасы » Менің енгізген өзгерістер тиімді болғанын қалай көріп түсінуге болады?

Менің енгізген өзгерістер тиімді болғанын қалай көріп түсінуге болады?

kursҚұрметті  sabaq.kz сайтының оқырмандары мен ұстаздар қауымы сіздердің назарларыңызға жаңа форматтағы курсты бітірген Қызылорда қаласы, №120 Жамбыл орта мектебінің Физика және информатика пәнінің бірінші санатты мұғалімі Белдебекова Айзада Сейсенбайқызының есебін ұсынамыз.

Менің енгізген өзгерістер тиімді болғанын қалай көріп түсінуге болады?

«Дағдарыспен күресу идеялар, батылдық, шешімділік, ізденістер мен өзгерістерге ұмтылу мен үйлесімдегі өзін-өзі сыни тұрғыда бағалай білу»

Ф.Г.Кумбс

  Американдық білім беру ісінің көрнекті қайраткері, әрі зерттеушісі Ф.Г.Кумбс атап көрсеткендей батыл шешім қабылдап жүргізген зерттеулеріме қорытынды жасап нәтижелерін саралайтын кез келгендей. Менің басты мақсатым мектептің бастапқы ахуалын анықтап оның жетістіктері мен жетілдіру керек тұстарын, олқылықтарын түзету үшін бірқатар өзгерістер енгізу болатын.Өзгерістерді қандай қырынан қарастырамын деген ойлар туындаған.

  Сол үшін әлем елдеріндегі  тәжірибелерге, білім реформасы озық елдер мысалы  Жапония, Финляндиядағы білім сапасын көтерудегі зерттеу әдістерін, кері байланыс жазу, білім берудегі іс тәжірибесінен керекті тұстарын оқып үйреніп білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін   іс-шаралар әзірледім. Мектептің даму бағдарламасына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін  іс-шараларды жүйелі түрде өткіздім, нәтижелер алып келді. Зерттеу жұмысымның ілгері басып орындалуына мектеп  ұжымының, мектеп басшысының қосқан үлесі көп. Жаңалыққа жаны құмар, жаңашыл басшы мектеп директорымен кездесу, команда мүшелерін құру,жоспарды талқылау сәтті өтті.

  Жоспардың мақсаты, күтілетін нәтижелерімен  таныстырғанымда команда мүшелері өз ойларын,ұсыныстарын білдірді.Зерттеу мақсатымен  ұжымды таныстыру үшін презентация өткіздім. Презентацияның мақсаты әріптестерді жеті модуль элементтерімен таныстыру . Презентация соңынан рефлексия жаздырдым. Рефлексияны оқып шыққандағы сәтті жерлері жас шамаларына қарамай қызығушылықтары артып, өздерінің сабақ беру стилін өзгертуге қажетті тұстарын жазып алғандары. Ал сәтсіз тұстары дәстүрлі сабақ ырғағынан шыға алмай жүрген әріптестер жаңа әдіс-тәсілдердің  берері аз деген ойға тоқтады,тіпті зейнеткерлікке кетемін басымды ауыртпаның керінде қалып қойды. Мен өзіме дәл сол дәстүрлі сабаққа қалыптасып қалған әріптестердің ойын, олардың пікірін, көз қарасын анықтау мақсатында мұғалімдерден сауалнама алдым. Сауалнама  нәтижелері менің мектепті НЕЛІКТЕН, ҚАЛАЙ, НЕ  өзгертуім керек? деген сұрақтар тізбегіне жауап тапқандай болдым. Мектептің бағдарламасына енгізетін өзгерісіміздің нәтижесі тек оқушыларға, оқушылардың білім сапасын көтеруге бағытталғандықтан, үдеріске тікелей қатысатындықтан оқушылардан да сауалнама алынды.

Сауалнама сұрақтарына шынайы жауап берген оқушы ойларын анық жеткізген.Тіпті  іштерінде пікір айтқандарда болды. Рефлексияның не екенін білгенімен жазбайтындарын, бұрыннан кері байланыс алынғанда сабақтың қызықты өтуіне құнды ұсыныстар айтатындығын атап кеткен.Осындай сауалнама сұрақтарына жауаптар ала отырып мектептің даму бағдарламасына өзгеріс енгізу мақсатында мектептің даму жоспарын құрдым. Дамыту жоспарын талдау үшін команда мүшелерін дөңгелек үстел басындағы кездесуге шақырдым.Дамыту жоспарының мақсатымен,басымдықтарымен, күтілетін нәтижесімен таныстырып шықтым. Жоспар үш айға жасалды,алты апта ішінде орындалатын оның ішінен қысқа мерзімді жоспар құрып алдым. Дамыту жоспарындағы шешілуге тиіс проблема, яғни, жоспардың тақырыбы: «білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері негізінде мұғалімдердің бірлескен жұмыс дағдыларын қалыптастыру». Жоспардағы басымдықты іске асыру үшін тәлімгерлік үдерісін іске асыру керек болды.Үдеріс алдында өзім тәлімгерлік сессия өткіздім.Тәлімгерлік сессия тақырыбын «Топтық жұмысты ұйымдастыру» деп алдым. Тәлімгерлердің  бақылауы бойынша коучерлердің тізбектелген сабақтары өтті. Оның ішінде З.-ның физика сабағына тоқталып өтейін: Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту. Мақсаты: сыни тұрғыдан сөйлеу мен ойлау дағдыларын,өзін-өзі реттеуін қалыптастыру. Сабақ соңынан оқушылармен сұхбаттасқанымда, ойын еркін, сабақтың өте қызық өткенін, бұрынғы дәстүрлі сабақтардан ерекшеліктерін, өз-өздерін және сыныптастарына да   баға беретіндерін айтты. «Сабақта   қандай қиындықтар мен өздеріңде   кемшіліктер болды?» дегенде өзімізді және сыныпты бағалағандарында әділ болмағанын, кейін бағалау критерийлерімен бағалағанда да дұрыс түсінбей соңынан түзегендіктерін айтты. Мұғалім әр сабақтың соңында оқушыларға кері байланыс жаздырды. Кері байланыс мақсат бес саусақ әдісі, түрлі смайликтермен өз ойларын көрсетіп кері байланыс жасап отырды. Мұғалімнің білім берудегі тәжірибесі, оқушылардың да білімге деген көзқарастары  өзгерді. Тәжірибені өзгерту-бұл істеп жатқан ісімізді,түсінікті, біз қалай ойлайтынымызды, бір-бірімізге деген көз қарасымызды өзгерту. Менің зерттеуімнің сұрағы сыныптан күтілетін нәтижелерді бақылап отыруым қажет болғандықтан өзгеріп отырды. Жүргізілген жұмысты бақылау үшін сабақ барысында сұрақтар мен жауаптарды таспаға жазып,әр сабақ өтілген сайын тәлім алушылар коучерлер мен кәсіби әңгіме жүргізіп отырды.  Сабақта оқушылар топқа бөлініп отырғызылды,  топқа бөлудің түрлі стратегияларын қолданып, сабақ арасында сергіту сәттерін өткізіп отырды.  Оқушыларға сергіту сәттері қатты ұнады. Оқушылар келесі сабақтарда сергіту сәттерін өздерінің өтуін сұрап ұсыныс жасады.  Оқушылар сабақты постерге түсіріп сонымен қорғады. Алғашқы кезде постерге кітап сөздерін түсірсе, кейіннен өз ойларын түсіріп, қосымша мәліметтер қосып,өмірмен байланыстырып пікір ұсыныс айтып отырды. Топта өз ережелері болды, топ мүшелерінің ешқайсысы назардан тыс қалмады. Оқушылар құрдастарын бағалағанда  постерді қорғау кезінде сұрақ  қоюдың  ашық және жабық түрлерін пайдаланды.Топта жұмыс істеу оқушылардың ынтымақтастығын арттыра түсті, сабақ үстінде топ мүшелері бір-біріне көмектесіп, түсінбегендерге қайта түсіндіріп отырды.

  Тәлімгерлік және коучингтік үдерістің нәтижелі өтуі мені көшбасшылық қырынан дұрыс танытқандай болды. Өзімнің таңдап алған тәлім алушыларым жоспарлаған іс-әрекеттерімнің сәтті өтуіне, жүйелі жүргізуіме оң ықпалын тигізді.

Коучтер-тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте  жақсы тәлімгер болуына, олардың жоспарына сәйкес өткізген іс-шаралары арқылы жетістікке қол жеткізуі,жаңа әдістер туралы дұрыс түсінік, дағдылар қалыптастыруына үлкен көмегін тигізді.Коучерлер сабақ жоспарын жаңа үлгіде орта мерзімді,оның ішінен қысқа мерзімді сабақ жоспарын жоспарлауды үйренді.Оқушыларға әр сабақта кері байланыстар жазғызу арқылы сын тұғысынан ойлауға, ойлап үйренуге, өз бетінше шешім қабылдауға, проблемаларды шешудің жолдарын іздеуге, оны таба білуге дағдылануын қалыптастырды. Коучтер сабақтарында жеті модульдің элементтерін тиімді пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түсті. Коучтер әріптестерінің сабағына қатысып әдіс алмасып,рефлексия жазу арқылы өздеріндегі жетістіктер мен олқылықтарды тани білетін болды. Алдағы уақытта мектептің дамуына ықпал ететін, оқушылардың білім сапасын арттыратын ,көшбасшылық дағдылардың тиімді жолдарын жоспарлап, оның орындалуына септігін тигізетін жолдарын іздеймін. Мектептегі тәжірибелік зерттеулер кезіндегі сәтті тұстарым  алты аптаға жоспарлаған іс-шараларымның толығымен орындалды.

  Мектебімде болып жатқан өзгерістердің тиімді екенін мен қалай байқадым? Әріптестеріммен өз тобымдағы мұғалімдерге коучинг пен тәлімгерлік жүргізгеннен кейін мектептің дамыту жоспарындағы жұмыстарды одан ары қарай жалғастырдым.

  Әріптесімнің бірінші сабағының тақырыбы: «Жалайыр, Найман, Керейт».  Ең бірінші сабаққа кірмес бұрын,бұл мұғалімнің сабақ жоспарын  көрдім. Жоспарға сындарлы оқыту теориясындағы 7 модульді ықпалдастыра кірістірген.Оқушылар «Жалайыр», «Найман», «Керейт» болып топтарға бөлініп, постер қорғаған кезде топтық жұмыс әдіс-тәсілі көрініс табады. Алғашқы сабақта мұғалім интерактивті тақтадағы берілген жоспар бойынша өз жұмысын ойдағыдай көрсете білді. Оқушыларды топқа бөлді, постермен жұмыс жүргізді, сабақта бастан аяққа дейін формативтік бағалау жүйесі көрініс тапты. Басқа сыныппен салыстырғанда, бұл сыныптағы оқушылардың ойлау деңгейі әлдеқайда жақсы екен. Сыныпта 24 оқушы, топпен өтілген сабақтың нәтижесі әлдеқайда жоғары болу керек деп ойлаймын. Өйткені  топтардың  арасында, сабаққа қатыспай немқұрайлы отырған оқушылар да кездесті.  Бұл сабақты бастан аяқ бейнежазбаға түсіріп алдым.    Оқушылар ықыласпен жұмыс жүргізді. Сабаққа кері байланыс ретінде стикер таратып, оқушыларға осы сабақтан алған әсерлерін жазуды тапсырды.Мұғалім уақытты тиімді пайдалана алмады. Қорытындылау мен үй тапсырмасы қоңырау соғылғаннан кейін берілді. Сабақ аяқталған соң өз тобыммен бірге Ж.Ж.-дың сабағына талдау жасадық.

  Бейнежазбаны бірлесе көрген кезде оқушылардың топпен жұмысы, топтық жұмыс арқылы бір-бірімен байланыс жүргізуі, постер қорғауы, стикерге жазып тақтаға ілуі тағы басқа ерекшеліктері біздің мектепке үлкен өзгеріс енгізгеніміздің дәлелі болып отыр. Мысалы, оқушылардың стикерге жазған жазбаларын оқыған кезде  мынадай сөйлемдерді көрдік. Не ұнады? Не ұнамады? Алдағы уақытта сабақтың жақсы өтуі үшін қандай ұсыныс берер едің? деген  сұрақтарға мынадай берілген жауапты оқыдық: «сергіту сәті ұнады», «маған осы сабақта әр топ оқушыларының бірін-бірі қолдауы ұнады», «топтық жұмыс ұнады», «пікір-талас жасаған ұнады», «тамаша қызықты болды, уақыттың қалай өткенін білмей қалдым, керемет» т.б. деп жазыпты. Әсіресе оқушыларды көбісі сергіту сәтін ұнатқан. Бұл сабақтағы бақылаудан оқушылардың бойында қызығушылық бар екенін аңғарып білдік. Командадағы З. апаймен бірігіп Ж.Ж.-дың екінші сабағына бақылау жасап, қатысуды ұйғардық.Сабақ аяқталған соң, сол сыныптағы үш А,В,С оқушыны іс-әрекетті зерттеу мақсатында әңгімеге тартып, сұхбаттастым.Оқушылар сабақта еркін отырып, өз ойларын ашық жеткізгілері келетінін айтты.

Бұл сынып оқушыларының сабағындағы  білім көрсеткіші: сәлде болса көтерілгені байқалды.

  Екінші сабаққа кірер кезде тобымдағы әріптестеріме барлық оқушыларға бақылау жасап, қадағалауды тапсырдым. Сабақ кестесі бойынша Ж.Ж-ның екінші сабағына кірдік. Бұл сабаққа мұғалім үлкен дайындықпен келген. Сабақ сыныптың жас ерекшеліктеріне сай мақсат міндеті айқын жоспарланған, мұғалім сабақты ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың өздеріне сабаққа жоспар құрастыртты. Сабақтың мақсаты мен тақырыбымен таныстырды. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында мұғалім сабақта АКТ-ны,  топтық жұмысты қолданып, оқушыларға тақырыпты  меңгерткені көрініс тапты.

Оқушылардың  жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар берді. Сабақ басында Ж.Ж-ның сабақ жоспарына енгізілген жұмыстарының барлығын қарап шықтым. Сыныпқа сырттай бақылау жасап отырдым. Оқушылар нені істей алды?олар қандай нәтижелерге жетті?деген сұрақтар төңірегінде зерттеу жүргіздім. Бұл сабақта да мұғалім сындарлы оқыту теориясындағы 7модульді ықпалдастыра сабақ жоспарына енгізген. Осы сабақта мұғалім мен оқушылардың реакциясын бақыладым. Мұғалімнің сабағында формативті бағалаудың бірнеше түрлері: «Бағдаршам», «Бас бармақпен бағалау»,«Стикермен» бағалау түрлері сабағында көрініс тапты. Сабақ соңында пән мұғалімін сыныптан шығарып А,В,С деңгейіндегі оқушылармен сұхбатты видеоға түсіріп алдым. Бұл екінші жүргізген сұхбат қоюымның мақсаты оқушы ойын білу еді. Қазіргі кезде біз өзіміздің сабағымыздың нәтижесін оқушы үні арқылы бақылап білуімізге болады. Оқушыларға қойған сұрағым қарапайым және түсінікті болды. Мынадай сұрақтарға жауап алдым: Сендерге сабақта не ұнады? Не үйрендіңдер? Осы өтілген сабақ жайлы қандай ұсыныс айта аласыңдар? Тағы да қалай өткенін қалар едіңдер? деген сұрақтарға жауап алдым.Сабақ аяқталған соң бейнежазбаны әріптестеріммен бірлесе отырып, көріп талқыладық. Бірінші өтілген сабаққа қарағанда бұл сабақта ілгерілеушілік байқалды. Оның дәлелі оқушылар постер қорғаған кезде сын тұрғысынан ойлау, бағалау түрлері ашылып көрсетілген болса, топқа бөліп сабақ өтуге төселіп, машықтанып қалғандары көрініп тұрды.Мұғалімнің де, оқушының да осы жерде өзгергенін байқауға болады. Сабаққа енген әріптестерім де оқушылардың бойынан ілгерілеушілікті байқап, сол арада пікірлерін тоқтата аламай, маған ризашылықтарын білдіріп, деңгейлік оқуға бізді қашан жібереді екен деп ұсыныстарында айтты.

  Келесі жоспарымда тәлім алушы Ж.Ж-ның сабағына қатысып бақылау жасадым. Бірінші өтілген сабағы жәй дәстүрлі сабақ болды. Бұл сабақта оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оншалықты болған жоқ. Бұдан кейін Ж.Ж –ның екінші  сабағына кіруді өзіме  міндеттедім. 11 «Б» сыныбында өтілген сабағында, осы бағдарламаға сай жоспар жасалынды оған өзім тікелей басшылық жасап, көмектестім.Бұл сабағында ұйымдастыру кезеңінен бастап сергіту сәті, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, формативті бағалау,  оқушылардың  кері байланысы көрініс тапты. Әсіресе мұғалім өз сабағында топтық жұмыс түрін ұтымды пайдалана білді. Бұрынғы өткен сабағына қарағанда бұл сабағында біраз өзгерістер байқалды. Сонымен бірге Ж.Ж ОМЖ мен ҚМЖ  жасап,оны өз тобымызға көрсетіп, пікірлестік. Жалпы  тобымдағы және мектептегі мұғалімдерді, мектеп басшыларын, ата-аналарды, оқушыларды мен қалай өзгерте алдым? Оларды өзгерту үшін мен қандай стратегияны қолдандым?  Әрине мен 100% ұжымды өзгерте алмасам да, Коучинг, Тәлімгерлік жұмыстарын жүргізу арқылы, осы бағдарлама аясындағы тәсілдерді қолданып, сабақтарға енгіздіруде мұғалім, оқушы, ата-аналармен сұхбаттасу арқылы аз да болса, өз мектебіме өзгеріс енгіздім деп ойлаймын.Өзімнің мектептегі іс-әрекетті зерттеуім мына бағытта жүрді.

                                                Оқушы

                             Ата-ана                        Мұғалім     

  Осы зерттеу жұмыстың жаңа бағытын анықтауға жағдай туғыза ма? Осы зерттеуім өзгеріс енгізуге ықпал етті ме?  Осы сұраққа жауап беру үшін мектепте болатын мынадай кедергілерді байқадым. Көбінесе ата-аналар жұмыстан босамайды, мектептен тыс шараларға қатысу қиынға соғады.  Мұғалімдердің оқушыларды қадағалауы өте аз,  үлкен күш сынып жетекшісіне түседі.

  Аптаның алғашқы күндеріндегі алған сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың  ой пікірлерінде үлкен өзгеріс байқалады. Тәжірибеден өтудің соңғы аптасында ата-аналардан, оқушылардан, мұғалімдерден сауалнама алдым. Алғашқы алынған сауалнама мен соңғы алынған сауалнаманың арасында азда болса айырмашылық бар екендігін байқадым.

 Мектептегі алты апталық іс-тәжірибе аяқталуы кезеңінде оқушылардан, мұғалімдерден және ата-аналардан кейінгі сауалнамалар алынды.

  Мұғалімдерден алынған «Мектепте топтық жұмысты пайдаланып өткенде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты деп ойлайсыз ба?» деген сауалға  42%-ы «сирек», 37%-ы «жиі», 21%-ы «әрқашан» деп жауап берді.

  Оқушылардан алынған «Мектепте мұғалімдердің жаңа технологиямен өткен сабағы сіздің көңіліңізден шыға ма?» деген сұраққа 35%-ы «сирек», 31%-ы «жиі», 34%-ы «әрқашан», «Мұғалімдер жаңа технологиямен сабақ өткелі сізге сыныпқа сабаққа келу қызықта ма?» деген сауалға  31%-ы «сирек», 29%-ы «жиі», 30%-ы «әрқашан» деп жауап берді.

     Ата-аналардан алынған «Мектеп балаңызға қажетті барлық ақпаратты ұсынып отырады ма?»  21%-ы «толық келісемін», 23%-ы «келісемін», 38%-ы «келіспеймін»,  19%-ы «үзілді-кесілді келіспеймін» деп жауап берді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *