Басы » Бастауыш сыныптар » Сөйлем. Ән сабағы (Презентация)

Сөйлем. Ән сабағы (Презентация)

guljazira

  • Қарағанды облысы    Жезқазған қаласы    Талап ауылы

№6 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі  Шаңқұлова Гүлжазира Құлекенқызы
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Ән сабағы
Сабақтың мақсаты.
Білімділік:  Қазақтың атақты әншісі Күләш Байсейітова мен би өнерінің
негізін қалаған Шара Жиенқұлова туралы түсінік беру. Өлеңді
мәнерлеп, түсініп оқуға машықтау. Сөйлем  туралы білімдерін
толықтыра түсу.
Дамытушылық:   Көркем, сауатты жазуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау
қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Өнерге деген құштарлығын ояту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа
баулу.
Сабақтың көрнекілігі:сызба, Күләш Байсейітова мен Шара Жиенқұлованың
портреттері, үнтаспа, пластинка, техникалық құрал.
мақал жазылған плакат.
Сабақтың түрі: аралас сабақ (сауат ашу, музыка, қазақ тілі сабақтарымен байланыстыру)
Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап, жаттығу орындау.
Пәнаралық байланыс: Музыка, бейнелеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. (2 минут)
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбінің күні
Сәттілікке толсын
Бүгін алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын.
Сабаққа мақсат қою.
Не білу керек?     Не істей алу керек?
2. Үй тапсырмасы. (7 минут)
Жамбыл Жабаевтың  «Балаларға»  өлеңін жаттау.
Жамбыл Жабаев кім?
“Көктем” тақырыбына жазылған әңгімелерін  оқыту.
Проблемалық  сұрақтар қою:  (3 минут)
О,Ы,У,Ш,Д,І,К, Қ, П, А,Т.
Бірінші қатарда нелер жазылған. Жоғарыдағы әріптерден не құрауға болады және қандай сөздер құрауға болады?
Оқушы, оқыды, кітап.
Екінші қатарда нелер жазылған.Сөздерден не құралады?
Ендеше екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрастырып көрейік.
ОЙ  СЕРГІТУ  ЖАТТЫҒУЫ(2 минут)
«Мұқият бол!»
(карточкамен  жұмыс)
Шарты: сөздер оқылғанда көк, сөйлемдер   оқылғанда қызыл, буындар оқылғанда сары карточкаларды көтеру.

А С С О С А Ц И  Я   Қ Ұ Р У

Өнер дегеніміз не? Қандай өнер түрлерін білеміз? Ол үшін мына сызбаны толтырамыз.

                                                 Сызбаны толтыру.




 

Топтық жұмыс.  (7 минут)
І  -топ: «Қылқалам шеберлері»
Тапсырма: Плакатқа табиғат сұлулығын бейнелеу.
ІІ –топ: «Шебер қолдар» тобы
Тапсырма: Өнерге байланысты суреттерді құрастырып жапсыру. Жұмыстарын қорғау. (3минут)
Ж А Ң А    С А Б А Қ (8 минут)
Осы өнердің ішінде көп тараған, елдің көз алдында жүрген әншілер.

Қандай әншілерді білеміз?
Ең сүйікті әншің кім?

  • Қандай әндерді сүйіп тыңдайсың деген сұрақтарға жауап алу.

Кіріспе әңгіме.

Күләш Байсейітова – қазақтың бұлбұлы атанған әнші. Күләш Байсейітова Жасанқызы – қазақтың атақты әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі.

Күләшқа әншілік музыкалық табиғи дарын кішене күнінен-ақ байқалған. Оның әкесі Жасан кезінде әнші болып, ел аралап, ән салған. Күләш әкесінің әндерін ынта қойып, құлақ салып тыңдаған. Кейбір әндерін орындап та жүрген.

Кейін педагогикалық институтқа түсіп, бір екі жылдың ішінде әнші – артістік үздік шеберлігімен көзге көрініп театрдың белгілі әншілердің қатарынан орын алады. Байсейітова – концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне танылған шебер орындаушы.

Күләштың жасаған опералық образдар қазақ сахнасының оның кейінгі әнші – артістері үшін үлкен өнер мектебі болды.

Шара Жиенқұлова – қазақтың атақты биші, педагог, халық әртісі. Алматыда дүниеге келген.

Қазақ педагогика институтының тарих факультетін оқыған. Сахналық жолын оқып жүрген кезінде қазақтың Әуезов атындағы драма театрында бастайды.

Қазақ Абай атындағы опера және балет театрына ауысады. Онда «Брусиловскийдің», «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» операсында ұлттық билерді орындады.

Қазақстанның Мемлекеттік ән-би ансамблін басқарған. Оның репертуарында әлем халқының билері де болды. Оның қойған билері «Балбырауым», «Маусымжай», «Айжан қыз» күйлерінің  биін орындады. Қазақ әйелдері арасындағы тұңғыш шыққан биші.
Күләш Байсейітованың үнтаспадан әнін тыңдату.
Оның даусына көңіл бөлдіру.
ОҚУЛЫҚПЕН  ЖҰМЫС (4 минут)
Оспанхан Әубәкіровтың «Ән сабағы» өлеңімен таныстыру.
Өлеңді оқыту, мазмұнын ашу
тізбектей
шумақтай
толық
Өлеңді әнімен орындалуын үнтаспадан тыңдату
Өлеңді әнімен қосып айтқызу
Сұрақтарға жауап беру
Мақалды оқу, мазмұнын ашу
Сұрақтарға жауап беру
Мақалды оқу, мазмұнын айту
Сергіту сәті (би қимылдары)
ДӘПТЕРМЕН  ЖҰМЫС (4 минут)
Көркем жазу сәті. Ж ж   жарыс, жылқы, жануар.
153-жаттығу.  Көшіріп жазыңдар.
Жамбыл – жыр алыбы. Ол – жүз жасаған қарт бабаң. Жамбыл сүйінбай ақыннан бата алған.
153-жаттығуды ауызша орындау. Қарамен жазылған сөздерді көтеріңкі дауыспен оқу.
Қорытынды тест.  (1 минут)
1.Сөйлем неден құралады?
а) буыннан ә) сөзден б) дыбыстан
2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
а) сызықша     ә) үтір         б) нүкте
3. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
а) сөздер бір-бірінен бөлек
ә) сөздер бірге жазылады
4.  «Балаларға» өленің кім жазды?
а) Жамбыл  Жабаев
ә) Ахмет Байтұрсынов
б) Ыбырай Алтынсарин
5. Шара Жиенқұлова кім?
а) суретші    ә) биші       б) мұғалім
ІҮ. Сабақты қорытындылау.(1 минут)
Сызықпен сәйкестендіру тесті.
Ә. Қастеев                қазақтың бишісі
К. Байсейітова         қазақтың суретшісі
Ш. Жиенқұлова       қазақтың әншісі
Бүгінгі сабақтан не үйрендік.
Үйренгенімізді қағаз бетіне түсіріп, білім  ағашына жапсырамыз.
Балалар бүгінгі сабақта сендердің  көңіл күйлерің қалай болды соны
алдарындағы стейкерлер арқылы     смайликтерге жапсырамыз.
Үй жұмысы:
1. Өлеңді жаттау
2. Өнер туралы мақал-мәтел жинақтау.
Бағалау. (1 минут)

1.Сөйлем неден құралады?
а) буыннан
ә) сөзден
б) дыбыстан
2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
а) сызықша
ә) үтір
б) нүкте
3. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
а) сөздер бір-бірінен бөлек
ә) сөздер бірге жазылады
4.  «Балаларға» өленің кім жазды?
а) Жамбыл  Жабаев
ә) Ахмет Байтұрсынов
б) Ыбырай Алтынсарин
5. Шара Жиенқұлова кім?
а) суретші
ә) биші
б) мұғалім

1.Сөйлем неден құралады?
а) буыннан
ә) сөзден
б) дыбыстан
2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
а) сызықша
ә) үтір
б) нүкте
3. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
а) сөздер бір-бірінен бөлек
ә) сөздер бірге жазылады
4.  «Балаларға» өленің кім жазды?
а) Жамбыл  Жабаев
ә) Ахмет Байтұрсынов
б) Ыбырай Алтынсарин
5. Шара Жиенқұлова кім?
а) суретші
ә) биші
б) мұғалім

Жамбыл Жабаев (1846 — 1945жж.)

Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні – көбіне діни насихат, ұрып — соғу, дүрелеу болатын. Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.

Руға, атаға, бай мен кедейге бөлінген ол кездегі ауыл ішінде Жамбыл кейбір ақындардың байларды мақтайтынын, керісінше, бірсыпырасының еңбекші халық мүддесін жақтайтынын көреді. Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері Жетісу бойына атағы жайылған Сүйінбайға қатты ұнайды, ол бала ақынға көп ақыл береді, сөз өнерін сүйе білуге баулиды.

Сүйінбай Аронұлы жас ақынның талантын көріп: «… Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын елең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халық сүйіп тыңдайтын өлең болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл», — депті.
Ақындық өнерді сән үшін емес, қарапайым халықтың мұңын мұңдап, оғын жоқтау үшін пайдалану қажет екенін түсінген Жамбыл өзінің алғашқы ірілі — уақты өлеңдерінде — ақ байларды мінеп — шенеп отырады. Әсіресе Досмағамбетпен айтысында мұндай әлеуметтік теңсіздік тақырыбын ақын тереңнен қозғауға ұмтылады. Жамбыл өз өлеңдерінде бай мен билердің, төрелердің елге жасаған қиянаттарын әшкерелейді, халық мүддесін өз өлеңдеріне арқау етеді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *