Басы » Бейне материалдар » Dropbox.com-да жұмыс жасау

Dropbox.com-да жұмыс жасау

Dropbox.com-да жұмыс жасау

Dropbox – бұл бұлтты құжат сақтау жүйесінің ең танымал әрі көшбасшысы болып санады. Мұнда құжатпен жұмыс істеу синхронды түрде жүреді. Яғни сіз өзгертке құжат автоматты түрде серверде де өзгертілініп, сақталынып отырады.

Қазіргі таңда Dropbox үш тарифтік жоспарын ұсынады.
Basic – 2 Гб – тегін. Арнайы жеңілдіктер арқылы тегін жоғарлатуға болады;
Pro 50 — 50 Гб – айына $9.99 төлеуіңіз керек немесе жылына $99.00;
Pro 100 — 100 Гб – айына $19.99 төлеуіңіз керек немесе жылына $199.00.

Dropbox арнайы бұлтты құжатты сақтау сайтымен жұмыс істеу үшін PC, Mac, Linux немесе мобильді құрылғыларға арналған бағдарламасын жүктеп, орнатып, еркін қалаған уақытыңызда қажеттілігіңізге қарай қолдана бересіз. Басқа бұлтты құжат сақтаудан Dropbox артықшылығы жеңіл орнатылып, тұтынушыға түсінікті, қолдануға ыңғайлылығында. Құжатты алып Dropbox істеген арнайы Бумаға(Папка) салсақ жеткілікті. Dropbox-тың басқа бәсекелестерінен басымдығы оның құжатпен жұмыс істегенде барлық құжатты толықтай қайта жүктемей, тек құжаттың өзгертілген бөлігін ғана жүктеп өзгеріс енгізіп сақтап қояды. Құжатты сақтауға жүктегенде сығылып жылдам жүктеледі, соның есебінен жұмыс істеу жылдамдығы жоғары. Осындай ерекшелігімен Dropbox басқа бәсекелестеріне қарағанда өте танымал.

Dropbox –тың сайты: http://www.dropbox.com

 

http://aitaber.kz/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *