Алматы қаласы, Жетісу ауданы, № 2 жалпы білім беретін
мектебінің тарих пәні мұғалімі: Ауталипова Айгерим Ермекбаевна
Пәні: орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы |
Мерзімі: |
Сыныбы:7 «Б» «В» |
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақ хандығының құрылуы |
|
Сабақтың реті: |
45-сабақ |
|
Жалпы сабақтың мақсаты: |
Оқушылар қазақ халқының халық болып қалыптасуы, қазақ хандығының құрылуы туралы ұғымын анықтайды. Қазақ хандығының құрылуының негізгі алғышарттарымен танысады. сөздік қорын молайтып, өз біліміндерін шыңдайды, белсенділігі артады. Ұқыпты, тиянақты, ынталы және дербес болуға үйренеді. |
|
Оқу нәтижелері: |
— оқушылар «қазақ хандығы» ұғымын анықтайды; — қазақ халқының этникалық өзгерістері жайындағы білімдері кеңейеді; -жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге , танымдық дағдылары арқылы басқада ақпарат көздерін дамыта отырып топпен жұмыс жасау барысында шығармашылық, ізденіс дағдысы, қабілеті артады; -өз ойларын еркін жеткізе білуге, оқушылар есте сақтау және зейіндік қабілеттері дамиды; — ұжымда, шағын топта, жұпта жұмыс жасай отырып, бірін-бірі тыңдауды, сыйлауды үйренеді. |
|
Түйінді идеялар: |
Оқушылар «қазақ халқының шығуы» туралы білімдерін шыңдайды. Қазақ халқы қандай өзгеріске ұшырағандығы туралы ойларын кеңейтеді, картамен жұмысын өз бетінше жүргізе алады. |
|
Сабақтың типі: |
Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекеттер тәсілдері |
|
Сабақты ұйымдастыру түрі: |
Жаңа білімді қалыптастыру |
|
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
СТО стратегиялары, диалогтік оқыту, қар үйіндісі, бас бармақ, күту ағашы, бағдаршам, екі жұлдыз-бір тілек, кластер, бірлік. |
|
Жұмыс түрлері: |
Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс |
|
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: |
Интерактивті тақта, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, суреттер, карта,арнайы суреттер бар карточкалар,проектор топтық жұмыстарға арналған тапсырмалар. |
|
І Қызығушылығын ояту кезеңі: |
||
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
|
1-әрекет . Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. «Сәлемдесу» ойсергегі арқылы,. «Көңіл-күй қоржыны» смайлдары арқылы оқушылардың көңіл күйін білу, сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастыру. |
Оқушылар бір-бірінің қолын алып, тілек айтып амандасады. «Көңіл-күй қоржыны» смайлдары арқылы оқушылар көңіл -күйін білдіру арқылы сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастырады. |
|
2-әрекет. «Күту ағашы» әдісі |
Оқушылар тақтадағы күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін стикерге жазып, іледі. |
|
3-әрекет. Оқушылардың бір-біріне тілеген тілектері бойынша 4 топқа бөлу. Қазақ, өзбек, ұйғыр, татар |
Оқушылар бір-біріне тілеген тілектері бойынша әрқайсысы өз топтарына бөлінеді. |
|
4-әрекет.Жеке, жұппен, топпен жұмыс. «Қар үйіндісі» әдісі бойынша сұрақ қойылады
|
Әр оқушы жеке ойланады, жұбымен және топпен талқылайды. Жариялайды. |
|
5-әрекет. Балалар, сабақтың басында біз орта ғасырларда өмір сүрген мемлекеттердің өмір сүруі жайында мағлұмат алдық, олардың ерекшелігімен таныстық. Сол мемлекеттерде өмір сұрген халықтар туралы мәліметтермен таныстық Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? |
Қазақ, халық, мемлекеттер деп атауы мүмкін. |
|
ІІ Мағынаны ажырату кезеңі: |
||
6-әрекет. Дұрыс айтасыңдар бүгін біз, қазақ халқының этникалық өзгерістерге ұшырағандығы туралы және де қандай этносаяси өзгеріс орын алғандығы қазақстанның қай аймағында кездескендігі туралы өтетін боламыз. Топ атаулары бойынша, қазақ, өзбек, ұйғыр, татар топтарға сұрақтар беремін: «Кластер әдісін» пайдаланамын -қазақ халқының құрылуынан бұрын қазақ халқы қай елдің құрамында өмір сүрген? -қазақ халқының этникалық құрамы — Жәнібек пен Керек хандардың саясаты қандай |
«Кластер әдісі» бойынша оқушылар флипчарт бетінде жұмыс істейді, қорғайды. |
|
7-әрекет«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың түсіну дәрежесін анықтау. |
Егер түсінбесе «қызыл», көмек керек болса «сары», барлығын түсінсе «жасыл» түс көтереді. |
|
8-әрекет.«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша, әр топ бір-бірлеріңді бағалаңдар деймін. Стикер таратып беремін. |
Топтар бір-біріне «Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша баға береді. |
|
9-әрекет. Ой сергек. «Бірлік» әдісі топтағы қатысушылар 1,2,3 дегенде бірдей алақандарын ашып бірлік деу керек |
Оқушылар алақандарын бірдей ашқанға дейін жалғасады. |
|
10-әрекет Үй тапсырмасын беру: Қазақ хандығының құрылуы оқу, тақырып соңындағы қосымша сұрақтарға жауап беру. |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, сұрақтары болса қояды. |
|
ІІІ Ой толғаныс кезеңі: |
||
11-әрекетОй жүгірту әдісі арқылы неолитттік кезеңге шолу жасап Қазақстандағы неолиттік тұрақтарды картадан издеу. Тест сұрақтары 1.Әбілхайыр хандағына соққы берген халық 2. Қазақ тайпалары көшкен жер 3.Бірінші қазақ ханы 4.Қазақ хандығы қай жылы құрылды? 5. Қазақ хандығының алғашқы алып жатқан жерлері |
Жеке жұмыс. Оқушылар неолит кезеңіне шолу жасап өтіп, картадан неолиттік тұрақтарды табады |
|
12-әрекет. «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың түсіну дәрежесін анықтау. |
||
13-әрекет. Мұғалім баға қояды. |
Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалайды. «Сабақ саған ұнады ма?», «Сабақ қаншылықты қиын болды» «Сабақтың соңында қандай сезімде болдың?» деген сауалдар төңірегінде ой бөлеседі. |
|
14-әрекет. «Күту ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жасату. Стикер тарату. |
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын « күту ағашына» стикер арқылы кері байланыс жасайды. |