Зат есім

zatesimӘсел Сейілханова
Сабақтың  тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға зат есім туралы түсінік беру. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету.
2. Зат есімнің ерекшеліктерін меңгерте отырып, өздік жұмыс істеу және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, талдау, өзін өзі бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:
Қатар қатар түзліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп- түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Отыруға нақпа-нақ,
Дайындалып бәріміз.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
324-жаттығу, 120  бет.
Қызығушылығын ояту.(1 слайд) Суреттерге қарап сұрақ қою.
— Балалар сендер өскенде кім боласыңдар?
— Ендеше сендерге жұмбақ, осы жұмбақта шешсеңдер сол мамандық иесі бізге қонаққа келеді. Жай келмейді тапсырмаларымен келеді. — — Орындауға тырысасыңдар ма?
Жұмбақ  жасыру, ұстаз, мұғалім туралы.
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл? (Мұғалім)
Мұғалімнің тапсырмасы: (2 слайд)
328 –жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.  Зат есімдерді тап.
Зат есімдерге сұрақ қой.
Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
Дәптермен жұмыс: Күн ретін, көркем жазу жазу.
Қаңтардың отызы
Сынып жұмысы.
З з
Зымыран Зере қағаз сызғыш көз

Жұмбақ жасыру, дәрігер туралы.
Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді.
Кәрі әжемді емдеймін
Көп-көп ішіп дәріні
Кәрілікті жең деймін. (Дәрігер)

Дәрігердің тапсырмасы:  (3-слайд)

Осы тапсырманы 3 топқа беру. Орындап болған соң тақтадан тексеру.

Жұмбақ жасыру, балықшы туралы.
Айдында жүзеді,
Тірі күміс сүзеді.(Балықшы)
Балықшының тапсырмасы : (4- слайд)
329- жаттығу. Көп нүктенің орнына кім ? сұрағына жауап беретін сөздер тауып жаз.
….лер
….дер
….тар
(Дәрігерлер, шахтерлер, зергерлер, мұғалімдер,әншілер, ұшқыштар, сыныптастар, құрдастар.)
Адасқан суреттерді орнына қой. (5-слайд)

Жұмбақ жасыру, тігінші туралы.
Өрнектеп, сәндеп.
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін. (Тігінші)

Тігіншінің тапсырмасы: (6-слайд)
330- жаттығу. Суреттегі аң құстардың аттарын қатыстырып сөйлемдер құра. (Шығармашылық  тапсырма)
Үкі, түлкі, бұғы.
(Қосымша мәлімет)Үкі — негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады.
Түлкі (лат. Vulpes vulpes) – жыртқыштар отрядының ит тұқымдасына жататын аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Құлағының сырты қара не қара қоңыр, құйрығы ұзын (ұзындығы 60 см-дей), қысқа сирақты. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен-көл жағалауларын, аңыз, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнге қарай қорегін іздейді. Әдетте ұсақ жәндіктермен, көбінесе тышқандармен қоректенеді, қорегінің құрамында 300-ден астам жәндік пен ондаған өсімдік түрлері болады.
Бұғылар, бітеумүйізділер (лат. Cervidae) — жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы. Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады.

Бұлар немен қоректенеді?
Осыларға қатысты қандай ертегілер білесіңдер?
Қандай өлеңдер білесіңдер?
Екінші тапсырмасы: Заттарға көпше түрін жалға.

Жұмбақ жасыру, музыкант туралы.
Екі шекпен күмбірлетіп,
Көңіл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбірлетіп,
Желпіндіріп отырады.( Музыкант, күйші)

Музыканттың тапсырмасы:  (8-слайд)
331- жаттығу. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерге айналдырып айт. Неліктен кімдер? сұрағын қойғаныңды дәлелде.
Ұста, зергер, жазушылар, дәрігерлер.
Сергіту сәті: «Ақ қар» ойыны
(Әуен ойналып тұрады, оқушылар бір-біріне жақсы сөздер жазып лақтырады, оқиды.)

Жұмбақ жасыру,  суретші туралы.

Адамның жүзін,
Басы мен көзін,
Айнытпай келбетін,
Салатынкім суретін? (Суретші)

Суретшінің  тапсырмасы: (10-слайд)
332-жаттығу. Сурет  бойынша әңгіме құра. (Шығармашылық тапсырма)
Бізге суретші ағайымыз жай келмей өзімен мынандай геометриялық фигуралардың суреттерін алып келіпті, бірақ аяқталмаған, осы суреттерді аяқтауға көмек берейік пе?
Үлкен плакатка салынған кез келген геометриялық фигуралардың суреттері үш қатарға беріледі, сол суретті ары қарай жалғастырып бір зат шығару. Сол суреттерге қарап әңгіме құрау және ең жақсысын таңдау.
Үйге тапсырма:
Зат есімге 7 сөз құрап келу.
Бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *