Басы » Tәрбие сағаттары » Қазақстан – мейірім төккен Отаным

Қазақстан – мейірім төккен Отаным

Қызылорда қаласы, Абай ауылы
№138 Абай орта мектебінің
11 – сынып оқушысы
Сырым Шакизат

 Қазақстан – мейірім төккен Отаным

Қазақ жері – сан ғасырлық тарихы бар, өткенінен ойып алған орны бар киелі мекен. Кешегі өткен моңғол шапқыншылығы (ХІІІ ғ.), жоңғар шапқыншылығы (ХVІІ – ХVІІІ ғ.ғ.), Ресей отаршылдығы, аштық, репрессия сияқты ауыр-ауыр соққыларға төтеп беріп, небір сын сағаттардан, тағдырдың тауқыметінен сүрінбей өтіп, дәл бүгінгі арайлы таңға жетіп отыр. Қазақстан Республикасы шағын ғана мемлекет, бар-жоғы жиырма екі  жастағы өмірдің есігін енді қаққан жас бала секілді. Дегенмен, тарихынан алар тағылымы көп, ата-бабасының күш-қуатын бойына жиып өскен сол жас бала ерте есейіп,   оң-солын жетік біліп, өмірдің ақ-қарасына,қуаныш-қайғысына нық сеніммен, зор үмітпен,асқақ арманмен қанат қаққан.
Қазақ жері бүгін де жан-жағынан ұлы мемлекеттер мен материктер қоршап, қорғап тұрған секілді жер шарының орта тұстарында орналасқан. Тәуелсіз ел болып, енді ғана ауыр қасіреттерден есін жинай бастағанмен, біздің аталарымыз қан мен терін сіңдіре қалдырған жері ұлан-ғайыр, кең-байтақ. Бүкіл жер бетінде қанша миллиондаған мемлекет болса, менің Отаным – Қазақстан сол елдер арасынан жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иемденеді.
Сонымен бірге қонақжай қазағым құшағына орысты да, кәрісті де, татарды да, ұйғырды да, тағы да көптеген ұлт өкілдерін сыйғызған көпұлтты мемлекет. Қазір де біздің жерімізде осы ұлт өкілдері өздерінің құқығымен, ұстанған діндерімен, ешкімнің қорлығын көрмей бейбіт тіршілік етуде. Осындайда Отанымның мейірімділігіне, жүрегінің кеңдігіне қайран қаламын және сонымен мақтанамын.
Менің Отаным – ата-баба салтынан аттамаған, үлкеннің жолын кеспеген, кішінің қанатын қырықпаған, жетімін жылатпай, жесірін қаңғыртпаған, аңсаған бостандығын алып, жай ғана өз жолымен жүріп келе жатқан салмақты да маңғаз, ниеті таза, қолы кең бір ғажайып халық. Алыстан ат терлетіп келген алты жасар жас баласының өзін құдасындай сыйлап, төрінен   орын берген,  ерлері – ер,  батырлары – батыр,  хандары – хан,                     әйел-аналары – нағыз сәулелері мол шуақ секілді қазақ – сөзсіз мейірімді, түзу жолынан таймаған мәрт.
Елімнің соңғы жылдардағы жеткен жетістіктері мен бағындырған белестерін саралайтын болсақ, жас ұрпақтың, біздің, жүрегімізде ерекше күш-қуат қайнап, рухымыз асқақтайды. Солардың бірі және                   бірегейі – 2012 жылы Франция елінің астанасы Париж қаласында өткен ассамблеяның шешімімен, 103 дауысты өз қоржынына жинап, «ЕХРО-2017» халықаралық көрмелер жобасын қанжығасына байлаған қазақ               астанасы – Астана қаласы. Бұл жоба — әлемнің көп бөлігі танып, мойындап қалған Қазақстанды жұртшылыққа танытуға тағы бір тамаша мүмкіндік. Бүгінгі таңда Елордамыз әлем елдеріне қазақ жұртын таныстыру үшін қызу дайындық үстінде.
Осы көшпен кеткен келешек жарқын болатынына шын жүректен сенемін.
Мейірімді Отанымыздың мейірім-шапағатын сіңіріп, шуағына бөленіп, тәуелсіздік туының саясында еңбек етіп, болашақтың бесігін сеніммен тербетейік!

Адамдарының жүздері жайдары,
Күн түгілі, күлімдейді айлары.
Қазақстан – мейірім төккен Отаным,
Қатар өскен мейірімі мен айбары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *