Басы » Бастауыш сыныптар » Қосу мен азайту – өзара кері амалдар

Қосу мен азайту – өзара кері амалдар

plus_minusМатематика 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту – өзара кері амалдар
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға қосу мен азайту – өзара кері амалдар бойинша түсінік беру;
2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, тез есептеу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3. Білім алушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын
Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, тақырыпқа сай суреттер, ойындар, ноутбук

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Амансың ба алтын күн
Амансың ба кең далам
Амансың ба достарым
Сендерді көрсем қуанамын

Ағылшын тілінде амандасу

Біздің ұранымыз:
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз,
Есептерді шығарып,
Білімді шәкірт боламыз.
Мұғалім:
Балалар бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан өзгеше болып отыр. Қонақтар келіп отыр. Сол келген қонақтармен бірге мынау буротино бірге келіпті. Бұл буротино бізге билет алып келді. Бұл билетпен біз Астана қаласына барамыз. Ал енді билетті бізге жайғана бере салмайды. Оның бізге бірнеше сұрақтары бар. Сол сұрақтарға жауап берсек біз Астанаға барамыз.
Буротиноның сұрақтары
— Қазір қай мезгіл?
— Күз мезгілінің айларын ата?
— Бір жылда неше мезгіл бар?
— Әр мезгілде неше ай бар?
— Бір аптада неше күн бар?
— Бір жылда неше ай бар?
— Математика сөзі неше әріп, неше буыннан тұрады?
— Екі қандай сан?
— 4 мысықтың неше құлағы бар?
— Ағылшын тілінде 10 ға дейін сана.
Мұғалім:
Жарайсыңдар балалар, сендер буротиноның барлық сұрақтарына жауап бердік. Енді билетті алып поезге отырамыз. (сол кезде есік тоқылдап, бир оқушы кіреді)
Сәлеметсіңдер ме құрметті оқушылар! Мен Астана қаласындағы «Назарбаев» атындағы зияткерлік мектебінің 1-сынып оқушысымын . Бұл мектеп ең үздік, дарынды, талантты оқушылар оқитын мектеп. Мен «Иқан» жалпы орта мектебі ең үздік 100 мектептің қатарына қосылды беп естідім. Сендердің мектептерің аудан бойынша 1 – орынды алды деп естідім. Қане енді мен сендердің білімдеріңді сынап көрейінші.
— ЭКСПО көрмесі қай жылы, қай қалада өтеді? 2017 ж Астана қаласында
— Мектептеріңнен қанша оқушы грантқа түсті? 9 оқушы
— Мектептеріңнен қанша оқушы «Алтын белгі» алды? 2 оқушы
Жарайсыңдар балалар! Сендер де сол аға-әпкелерің сияқты оқыңдар. Қазақстанның келешегі біз жастардың қолында.
Мұғалім:
Ал енді балалар жолға түсейік. Жолда біз әр аялдамада тоқтап, тапсырмаларды орындап өтеміз. Егер тапсырмаларды орындай алмасақ, Астанаға жетпей артқа қайтамыз.
«Түркістан» аялдамасы 1-мысал
Жаңа тақырыпты тақтада түсіндіру
Тиісті санды қой. Теңдікті оқы.
Суреттерге қарап, теңдік құрамыз
2+1=3

1 + = 3

3 – = 2

– 2 = 1

«Шымкент» аялдамасы 2-мысал
Дәптермен жұмыс
Теңдіктер құр. Түсіндір. Жазуды оқы.

+ = – =

«Тараз» аялдамасы 3-мысал
Салыстыр
Суреттер арқылы заттардың санын салыстыру.

3 > 2 3 > 1 2 > 1 0 < 1 0 < 1 0 < 3

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық

«Алматы» аялдамасы 4-мысал
Балдырғанға қатесін табуға көмектес.

«Талдықорған» аялдамасы. Жұмбақтар. Қане шешіп көрейік ше.

Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? ( 4 )

Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, екі арыстан,
Екі қоян, бір түлкі.
Бәрі нешеу кім білді? ( 9 )

«Қарағанды» аялдамасы. Кел ойнайық!
1 . «Үшіншісі артық»

2 . «Сатымен жоғарыға дейін көтеріл»

Қорыту:
Соңғы аялдама «Астана» аялдамасы.
Жарайсыңдар балалар, міне біз Астана қаласына да жетіп келдік.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды смайликтермен мадақтау
Сабақты бекіту.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *