Басы » Баяндамалар » География пәнінде ақпараттық технологияны қолдау

География пәнінде ақпараттық технологияны қолдау

  Қай елде болмасын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен арнайы шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Еліміздің тәуелсіздік алып ұлттық даму жолына түсуі білім беру ісін жолға қоюды талап етіп әлеуметтік маңызды істерді жолға қоюды талап етті Осы маңызды талаптардың бірі білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып үнемі өзгеріс үстінде болады. Ол әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене түседі. Қай кезеңде де жалпы білімнің атқаратын қызметі жас ұрпақты танымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету. Заман өзгерген сайын мектептерге қойылатын талап, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс тәсілдері де өзгереді Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдымыасында «… біздің республиканың білім жүйесі әлемдәі деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөлініп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді. Оқушыға білім, білік дағдарынын беріп қана қоймай, ол жиі өзгеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның негізгі талабы. Президент Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар» Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді.
Ендеше мектеп партасында отырған оқушыларға ғылыми білім беру, оларды әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру, шығармашылық қабілетті арттыру жеке тұлға етіп қалыптастыру мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. География ғылымы өте қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға географияның күрделі құбылыстары мен заңдылықтар мен заңдылықтарын ұғындырып сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педогогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.
Жаңа ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап даму жолына жол ашылып, адамзат қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелгені шындық.
Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік корымызда жиі кездсседі. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дсгеніміз — ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижссі, яғни адам өміріне іс-әрекеттік интеллекгуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен
рөлінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс. Ол окыту мазмұны,
әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі
мәселе : білім берудіңмазмұны мен мақсатын өзгерту болып отыр.
Электрондық окулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық акпараттық өнім. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізугс жол ашады.Электроңдық оқулық оқу пәнінің нсгізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бакылау, моделдеу, тестілсу, т.б. багдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулықжай оқулықтарға ете тиімді қосымша мумкіндіктер береді. Атап айтқанда:
— кері байланысты іс жузінде тез арада қамтамасыз етеді;
— жай оқулықтагы ақпаратты іздеу мумкіндіктері біраз уақыт алатын
болса, электрондық оқулық қажетті оқулықты табуга тез мүмкіндік береді;
— гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге
көмектеседі.
Ең бастысы, элекгрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген зандылығы болуы керек. География пәніне қатысты үрдістерді анимациялап көрсету, тіпті кино фильм дер мен диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипер мәтінді формат аркылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады.
Келесі ақпараттық –технологияның білім садасындағы көрінісінің бірі ол интер белсенді тақтаның сабақ барысында қолданысқа енуі.
Ізденіс жұмыстары жүргізе отырып және де әлемдік қорлардан керекті ақпаратты «Интернеттен» өз беттерімен жұмыс жасау оқуға
деген қабілеттерін арттырып, қызығуын тудырады. Осы жағдайды ескер
отырып интернетті қолдану жөнінде төмендегідей түжырымдар жасауға
болады:
— интернет студентке материалды асықпай мұқият оқуға
жағдай жасайды;
— интернет алынған ақпаратқа талдау жасауга мүмкіндік береді;
— интернет оқушыныңөз бетімен жұмыс істеуді әдетке айналдыу
қабілетін оятады, өзіндік пікірін қалыптастырады.
География пәніне қатысты сайттар: www.km.ru, geo.1september.ru (www.geoport.ru GeoPort.ru
Адамзат өркениетінің бүкіл дамуын ғылыми технологиялық прогресспен тығыз байланысты Қазіргі қоғам өмірін ақпараттық құрал дарынсыз, тұрмыстық техникасыз елестету мүмкін емес. Олай болса, ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры десек бұл география ғылымына да қатысты.
Тұздық үшін: Жоғарыда келтірілген сайттар орыс тілді контенттер. Өкініштісі қазіргі таңда қазақ тілінде жарық көретін қазақ тілді географияға қатысты контент жоқ деп айтсақ қателеспейміз. Сондықтан алдағы уақытта осы салада жақсы жобалар болады деген сенім зор.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *