Қадыр Толқын Сұлтанқызы
Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі
Қаза тілі мен әдебиеті арнайы пәндер оқытушысы
Сабақтың тақырыбы : Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Соқыр, саңырау және жалаңаш» өлеңі
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : М.Ж.Көпеев шығармашылығын меңгерту, өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.
Тәрбиелік : Адам бойындағы жаман қасиеттерден жирендіріп,адамгершілікке, елін, жерін сүюге, өнер-білімге, ұлттық қазынамызды қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық : Оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, өзіндік ізденісін дамыту.
Сабақтың түрі : жаңа білімді меңгерту, талдау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: М.Ж.Көпеев өміріне арналған видеоролик, слайдтар, қоржындар, үлестірме қағаздар, суреттер, ақын мерейтойына арналған күнтізбе, кітаптар көрмесі.
Пәнаралық байланыс :қазақ тілімен, тарихпен, географиямен
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер :сұрақ-жауап, түсіндіру, кесте толтыру, СТО стратегиялары, сатылай кешенді талдау жұмыстары
Сабақтың жүрісі :
Оқушылармен сәлемдесіп, топ студенттерінің сабаққа қатысын түгендеу, даярлықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.Кіріспе сөз қосымша
Үш қатарға арнайы дайындалған қоржындар ішіндегі М.Ж.Көпеев шығармашлығы бойынша дайындалған сұрақтар үлестіріледі.
Сұрақтар:
М.Ж. Көпеевтің өскен ортасы жайлы әңгімелеңіз
«Мәшһүр» атануы жайлы не білесіңіз?
М.Ж. Көпеевтің кітаптарын ата және олар қашан, қай баспада жарық көрді ?
Ақын сапарларының мақсаты не ?
«Гүлшат-Шеризат» дастаны туралы не білесіңіз ?
М.Ж. Көпеевтің қазақ тарихындағы ұлы тұлғалармен байланысы жайлы не білесіңіз ?
Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыптары қандай ?
М.Ж. Көпеевтің Шортанбай ақынмен үндестігі жайлы не айта аласыз ?
М.Ж. Көпеевтің ақындық стилінің өзіндік ерекшелігі не ?
М.Ж.Көпеевтің қарасөздері жайлы не білесіңіз ?
Ақынның ғылым-білімге көзқарасы жайлы не айтасыз ?
Кеңестік дәуірде ақын шығармалары неліктен насихатталмады ?
Ақынның халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаған кітабын атаңыз
1781-1847 жылдары қай еңбегін жазды ?
Тақтада студенттер төмендегі кестені толтырады :
шығармалары |
|||
өлеңдері |
дастандары |
қолжазбалары |
Халық ауыз әдебиеті үлгілері |
«Хал-ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сәлем хат», «Қара өлең», «Мұса Шорманұлы», «Соқыр, саңырау және жалаңаш» |
«Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы», «Баяннама» |
«Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Қазақ түбі» |
«Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Көрұғлы», «Сайын батыр», «Ер Көкше», Айтыстары : «Шөже мен Қалдыбай айтысы», «Ұлбике мен Жанкелді ақын айтысы», «Жанақ пен Түбек», «Тоғжан мен Сақау» , ертегілері :«Еділ-Жайық», «Алаша хан», «Ер Төстік», мақалдар 2000 жол, аңыз 3000 үлгісі, жаңылтпаш 100-150 шақтысы |
Студенттер кесте толтырып жатқанда үйге жаттап келуге берілген «Ғибратнама» дастанынан үзінді «шынжырлау» тәсілімен сұралады.
Осы жұмыстардан кейін «Топтастыру» стратегиясы бойынша «Мәшһүр Жүсіп Көпеев кім ?» деген сұраққа жауап алынады.
-
Жаңа сабақ. Барлық студенттерге «Соқыр, саңырау және жалаңаш» өлеңі үлестіріледі. Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұнымен таныстырылады.
Сұрақ :
-Өлең не туралы ?
-Адам бойындағы қандай қасиеттер туралы айтылған?
4. Мәтінмен жұмыс. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасалады.
Соқыр, саңырау және жалаңаш
Автор –көркем шығарманы жазған ақын, жазушы.
2. Тақырып-
3. жанр-
4. идея-
5. шумақ-
6. тармақ-
7. бунақ-
8. буын-
9. ұйқас-
10. әдеби-теориялық ұғымдар-
10.1 теңеу-
10.2 эпитет-
10.3 аллегория-
10.4 аллитерация-
10.5 ассонанс-
11. түсіндірме сөздік-
12. тәрбиелік мәні-
Өлең идеясына байланысты оқушылардың өз бікірлері сұралып, бүгінгі күнмен байланыстырылады.
Ақынға арнау :
…………………………………………. арнаған,
………………………………………….бар адам.
……………………………………………………
…………………………………………….тараған.
Сабақ қорытындыланады.
(ЖҮКТЕУ)
[bws_related_posts]